1999-2000 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептері оқушыларының бітірту және сыныптан сыныпқа көшіру емтихандарын өткізу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері оқушыларының бітіру және қорытынды аттестациялау, сыныптан-сыныпқа көшіру тәртібі жөніндегі нұсқаулық" бекітілсін.
2. Бітіруші сыныптардың оқушыларын қорытынды аттестациядан өткізу және оқу жылын аяқтау мына тәртіпте белгіленсін:
1) Барлық үлгідегі күндізгі және кешкі (кезекті) жалпы білім беретін оқу орындарындағы 1-11 (12) сыныптарда оқу сабақтары 2000 жылдың 25 мамырында аяқталсын.
2) 9-сынып оқушыларын негізгі мектеп курсы бойынша қорытынды аттестациялау 2000 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусымға дейін, 11-сынып оқушыларын орта мектеп курсы бойынша - 2000 жылғы 1-16 маусым күндерінде өткізіледі.
3) 9-сынып бітірушілері негізгі мектеп курсы бойынша үш міндетті емтихан тапсырады;
а) ана тілі мен әдебиеттен жазбаша емтиханы (мектептегі оқыту тілі) - 31 мамырда;
Гуманитарлық пәндерді (гимназиялар мен лицейлер) тереңдете оқытатын мектептердің оқушылары шығарма, қалғандары диктант жазады.
б) математикадан жазбаша емтиханы (алгебра мен геометрия) - 5 маусымда;
в) орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілден ауызша емтиханы - 8 маусымда;
г) тәжік, ұйғыр, өзбек, қазақ мектептерінде орыс тілінен ауызша емтиханы - 8 маусымда.
4) Күндізгі және кешкі (кезекті) орта мектептерінің 11 (12) сынып бітірушелері үш міндетті емтихандарды мына мерзімдерде тапсырады:
а) ана тілі мен әдебиеттен жазбаша емтиханы (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде (кешкі жалпы білім беретін мектептерде-диктант)- 1 маусымда;
б) математикадан жазбаша емтиханы күндізгі жалпы білім беретін мектептері үшін - 5 маусымда;
в) орыс тілінен жазбаша емтиханы ұлттық тілдерде оқытатын мектептерде - 7 маусымда;
г) мемлекеттік тілде ауызша емтихан орыс тілінде оқытатын мектептерде - 10 маусымда.
д) алгебра және бастауыш анализден кешкі (кезекті) жалпы білім беретін мектептерінде - 9 маусымда.
Орта мектепті бітірушінің қалауы бойынша кез-келген пәннен үш ауызша емтихан ұсынылады, бірақ ол 3 пәннен артық емес.
3. Облыстық, Алматы және Астана қалалары білім басқармаларына (департаменттеріне) оқушылардың бітірту, сыныптан-сыныпқа көшіру және емтихандарын өткізуде "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері оқушыларының бітіру және аттестациялау, сыныптан-сыныпқа көшіру тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен" пен осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
4. Жалпы орта білім департаментіне (Р. Жұмабекова) "Алтын белгі" кеуделік белгісіне үміткерлер үшін емтихандар тапсырмалары пакеті, ана тілі мен әдебиеттен шығарма тақырыптарын даярласын және жалпы білім беретін орта мектептерін дер кезінде қамтамасыз етсін. Қазақ тілі мен әдебиетінен шығармалар тақырыптары ТМД мен Монголия білім Министрліктеріне жеткізілсін.
5. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары тәжік, өзбек және ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептер үшін ана тілі мен әдебиетінен жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған мәтіндерді уақытында даярласын.
6. "Қазақстан мұғалімі" және "Учитель Казахстана" газеттері бас редакторларына (М. Сермағамбетов, А.С. Тхостова) шығармалар тақырыбы мен осы бұйрықты жарияласын.
7. Жалпы орта білім департаменті (Жұмабеков Р.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә.С. Ахметовке жүктелсін.
Министр
ҚР Білім және ғылым
министрлігінің N 124
15 ақпан 2000 ж.
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарының
оқушыларын көшiру, қорытынды аттестациялау және
бiтірту туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес жалпы негiзгi және жалпы орта бiлiм беру курсынан жалпы бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру бiлiм алу нысанына қарамастан, бiлiм беру ұйымдары бiтiрушілерiнiң мiндеттi қорытынды аттестациясымен аяқталады.
1. Оқушыларды көшiру мен бiтiрту тәртiбi
1.Бастауыш мектепте емтихандар өткiзiлмейдi. Оқушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағалардың негiзiнде атестатталады. 1-сынып оқушылары қайталанған оқу жылына қалдырылмайды.
2. 2-8, 10 (11) сыныптардан келесi сыныпқа барлық оқу пәндерiнен жылдық және қорытынды оң бағалары бар оқушылар көшiрiледi.
3. Оқу пәндерi бойынша жылдық бағаларды мұғалiм оқу сабақтарының аяқталуына 3-5 күн қалғанда қорытынды бақылау нәтижелерiн ескерiп, оқушылардың тоқсандық (жарты жылдық) бағалары негiзiнде қояды.
4. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз жылдық бағалары бар 2-4 сынып оқушылары келесi сыныпқа оқу жылының қорытындылары бойынша, ауызша, жазбаша және тест тапсырмалары нысандарында өткiзiлген бақылау жұмыстарын орындағаннан кейiн, педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен келесi сыныпқа көшірiледi.
5. 5-8, 10 (11) сынып оқушылары келесi сыныпқа жылдық және қорытынды бағалары оңды болған жағдайда көшірiледi. "4", "5" -ке үлгiретiн оқушылар (олардың қалауымен) көшiру емтихандарын тапсырудан босатылады.
6. Бiр пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8, 10 (11) сынып оқушылары емтиханға жiберiледi. Yш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар оқушылар бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешiмi бойынша қайталанған оқу жылына қалдырылады.
7. Оқу орны педагогикалық кеңестiң (бұдан әрi "педкеңес" ) ұсынысы бойынша емтихандарды өткiзудiң қажеттiлiгi, нысандары мен мерзiмдерi және (5-8) және 10 (11) көшiру сыныптарындағы оқушылардың бiлiмдерiмен білік-дағдыларын қорытынды бақылау туралы шешiм қабылдайды, оқушылардың бiлiмдерi мен білік-дағдылары бойынша емтихандар мен қорытынды бақылау өткiзiлетiн оқу пәндерiнің тiзбесiн бекiтедi.
Ескерту: жақша ішіндегі нөмiрлеу кешкi (кезектi) мектеп сыныптары мен олардың сырттай оқытатын бөлiмдерінің және көмекшi мектеп-интернаттардың нөмiрленуiне қатысты.
8. 5-8, 10 (11) сынып оқушысы жылдық және емтихандық бағалармен келiспеген жағдайда оған өтiнiш бергеннен кейiнгi 10 күн iшiнде тиiстi пәннен оқу мекемесi құрған комиссияға емтихан тапсыру мүмкiндiгi берiледi.
9. Yлгiрмеген оқушының денсаулығы туралы дәрiгерлiк көрсеткiштерi болған жағдайда, бiлiм беру ұйымының педкеңесiнің шешiмi мен ата-анасының келiсiмi бойынша ол өз оқуын жалғастыра алатын мектеп типiн таңдау жөнiндегi мәселенi шешу үшiн психологиялық-дәрігерлiк-педагогикалық комиссияға (консультацияға) жiберiледi.
10. Емтихандар аяқталғаннан соң бiлiм беру ұйымының педкеңесі оқушыларды келесi сыныпқа көшiру туралы шешiм қабылдайды.
2. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бiлiм беру
мекемелерiнің 9 және 11 (12) сыныптарын бiтiрушiлердi
қорытынды аттестациялау
11. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарының 9 және 11(12) сынып бiтiрушілерiн қорытынды аттестациялау, оқыту нысанына қарамастан, ауызша және жазбаша емтихан нысанында өткiзiледi.
Ауызша емтихандар билеттер бойынша, әңгiмелесу, тестiлеу немесе рефераттарды қорғау нысанында өткiзiледi.
12. Бiлiм беру ұйымдарының 9 (10), 11 (12) сынып оқушыларының мiндеттi бiтiру емтихандарының тiзбесi мен өткiзiлу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан кейiн "Министрлiк") жыл сайынғы ағымдық оқу жылын аяқтау туралы бұйрығымен белгiлейдi.
13. Қорытынды аттестацияға жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттар талаптары төмен емес жалпы бiлiм беру бағдарламаларын игерген 9 және 11 (12) сынып оқушылары жiберiледi. Жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының оқушыларын қорытынды аттестациялау тоқсандық және жылдық бағалары негiзiнде жүргiзiледi.
14. 9 және 11 (12) сыныптарды барлық оқу пәндерiнен жылдық және қорытынды оңды бағалары бар оқушылар бiтiрiп шығады. 1-2 пәннен жылдық және қорытынды қанағаттанарлықсыз баға алған 9-сынып бiтiрушілерi келесi сыныпқа оларды қайта аттестациялағаннан кейiн барып көшірiледi.
15. Yш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9-сынып бітірушілері педкеңестiң шешiмi бойынша қайталанған оқыту жылына қалдырылады.
16. Қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 11-сынып бiтiрушілерiне 10 (11), 11 (12) сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағалары бiлiм беру ұйымдарында оқығандығы туралы анықтама берiледi.
Ескерту: оқушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек пен дене тәрбиесi пәндерiнен босатылуы оларды келесi сыныпқа көшiру мен бiлiм беру ұйымын бiтiруiне әсер етпейді.
17. Оқушы жылдық және емтихандық бағаларымен келiспеген жағдайда, оған жылдық бағалары мен емтиханды тапсыру қорытындысынан кейiн, шағымдық өтініш беруге және оны бергеннен кейiн 10 күн iшiнде бiлiм беру ұйымының педкеңесi құрған комиссияға тиiстi пәннен емтихан тапсыруға мүмкiндiк берiледi.
18. Мемлекеттiк оқу орындары оқушыларының қорытынды аттестациясын құрамын осы оқу орнының педкеңесі бекiткен комиссиялар өткiзедi, ал мемлекеттiк емес оқу орындарында - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлген бiлiм мекемелерiнің бiлiм беру қызметiн атқару құқығына лицензия беру тәртiбiне сәйкес өткiзiледi.
19. Жалпы бiлiм беретiн мекеменің 9-сыныбын бiтiрушілердiң қорытынды аттестациясы кем дегенде 4 емтихан өткiзудi қарастырады, соның ішіндегi үшеуiн (тілдер мен әдебиеттен және математикадан жазбаша) Жалпы орта бiлiм департамент белгiлейдi, қалғандарын 9-сыныпта оқылған пәндерден бiтiрушілердiң өздерi таңдайды.
20. Жалпы бiлiм беретiн мекеменiң 11 (12) - сыныбын бiтiрушілердiң қорытынды аттестациясы кем дегенде 5 емтихан қарастырады, соның ішіндегi үшеуiн (орта мектеп курсы үшін тілдер мен әдебиеттен және математикадан жазбаша) Министрлiк белгiлейдi, қалғандарын 10, 11 (12) сыныптарда оқылған пәндерден оқушылардың өздерi таңдайды.
Таңдау пәндерi қатарына егер бұл пәндер бейiмдiк пәндер болып саналмаса еңбек және кәсiптiк оқыту, дене тәрбиесi, сызу, алғашқы әскери дайындық пәндерi енгiзiлмейдi.
Ерекше үлгiдегi аттестатқа үмiткерлер таңдаған пәндерiнен пәннің оқу курсы аяқталсымен емтихан тапсыра алады. Таңдалған пәндерден емтихандарды өткiзу үшiн мектеп директорының бұйрығымен комиссия құрылады.
21. 11 (12) сынып үшiн ана тiлi мен әдебиетiн емтихан шығармаларының ашық тақырыптарын Жалпы орта бiлiм департаментi әзiрлейдi. 11 (12) және 9 (10) сыныптардағы басқа жазба және ауызша таңдау бойынша емтихандардың материалдарын облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) дайындайды. Ерекше үлгідегі аттестатқа үмiткер 11-ші сынып бiтiрушілерi үшiн мiндеттi жазба емтихандарының материалдары, соның iшiнде республикалық оқу орындары үшiн Жалпы орта бiлiм департаментiнде дайындалады.
22. Облыстық, Астана мен Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттерi) осы Нұсқаулық 9 және 10-тармақтарында белгiленген тәртiпте жалпы бiлiм беру ұйымдарының оқыту ерекшелiктерiн ескере отырып, қосымша бiр емтихан енгiзе алады.
23. Кешкi (кезекті) жұмысшы жастар мектебiнің 10 және 12 сыныптарында күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мекемелердегідей емтихандар өткiзіледi. 12 сыныптарға арналған мiндетті емтихандардың материалдарын облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi), 9 сыныптар үшiн аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерi дайындайды.
Сырттай оқытатын бөлiмнің оқушылары емтихандарын осы бөлiм құрамына кiретiн мектепте немесе консультация алу, сынақ тапсыру және т.б. үшiн бекiтiлген мектепте тапсырады.
24. Мемлекеттiк емтихан комиссиясының төрағасы бiлiм беру ұйымының директоры немесе оның орынбасары болып табылады, тексерiлген жұмыстардың сапасы және емтихан алушылар қойған бағалардың нақтылығы үшiн дербес жауап бередi.
25. Жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының халықаралық оқушылар алмасу жолымен шетелде оқып келген оқушыларын қорытынды аттестациялаудың мәселелерiн оқу орнының ұсынысы бойынша жергiлiктi бiлiм басқару органдары, ал оқушы республикалық оқу орындарында болған жағдайда Департамент шешедi.
26. 11-сынып бiтiрушілерiн еңбекке (кәсiптiк бастауыш) даярлау бiлiктiлiк емтихандарын тапсырумен аяқталады.
Бiлiктiлiк емтихандары жалпы бiлiм беретiн оқу орнының әкiмшiлiгiмен, оқушылар қорытынды аттестацияның басталуына дейiн практикадан өткен кәсiпорын (ұйым) басшыларымен келiсiлген мерзiмдерде өткiзiледi.
Бiрқатар мамандықтар (автомобиль жүргізушiсi, тракторшы, комбайыншы, т.б.) бойынша бiлiктiлiк емтихандарды қабылдау МАИ органдарының күшi бар ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Мұндай жағдайларда оқу орындары мен өндiрiстiк оқу комбинаттарының басшылары біліктілiк емтихандарының мерзiмi мен тәртiбiн күнi бұрын айқындайды.
3. Қайталау емтихандары мен жазғы оқу сабақтары
27. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған 5-10 (11) сынып оқушылары осы пәндерден қайталау аттестациясынан өтуге тиiс. Оқу бағдарламаларына сәйкес оларға жазғы оқу тапсырмалары берiледi.
28. Жазғы сабақтар мен қайталау емтихандарының кестесiн оқу орынының директоры бекiтеді. Бұл туралы жазғы тапсырма алған және қайталау емтихандарын тапсыратын оқушыларға және олардың ата-аналарына соңғы емтиханнан кейiнгі үш күн ішінде хабарланады. Қайталау емтихандарын көшiру және бiтiру емтихандарын қабылдаған емтихандық комиссия өткiзедi.
29. Жазғы тапсырмалар мен ауызша және жазбаша қайталау емтихандарының материалдарын оқу орны әзiрлейдi.
Жазғы тапсырмаларын қанағаттанарлықтай орындаған және қайталау емтихандарын тапсырған оқушылар оқу орны педкеңесiнiң шешiмiмен келесi сыныпқа көшiрiледi.
4. Оқушыларды бiтiру емтихандарынан босату
30. Бiлiм беру ұйымдарындағы орта жалпы бiлiм берудiң негiзгі және жоғарғы сатыларын үздiк бiтіргендігі туралы мемлекеттiк құжат алуға үмiткер 9 және 11-сынып бiтірушілерi бiтiру емтихандарынан тек ерекше жағдайларда ғана Министрлiктiң бұйрығы негiзiнде босатылады. Қорытынды аттестациялаудан босатылған 11-сынып бiтiрушiлерi "Алтын белгі" белгiсiмен марапатталмайды.
31. Барлық пәндерден үлгеретiн оқушылар бiтiру емтихандарынан мынадай жағдайларда аудандық (қалалық) бiлiм басқармалары мен департаменттерiнің бұйрықтарымен республикалық оқу орындарының оқушылары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің бұйрығымен босатылады:
а) бұрынғы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен 21.05.93ж. N 236/210 сырқаттар тiзбесiне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты (3-қосымша);
ә) бала кезiнен мүгедектер;
б) Халықаралық олимпиадаларға /жарыстарға/ Қазақстан Республикасының қатысатын командасы кандидаттарының жазғы жиынына қатысуға байланысты.
32. Оқушыларды бiтiру емтихандарынан босату (4.2 п.) жөнiндегi бұйрық төмендегi құжаттар негiзiнде шығарылады:
1) мектеп дәрiгерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған тұратын жерiндегi емхананың дәрігерлік-бақылау комиссиясының (ДБК) қорытындысы;
2) педкеңес шешiмi мен мектептiң қолдау хатының көшiрмесi;
3) үлгерiм табелi.
1) және 2) тармақтарында аталған құжаттар директордың қолымен және оқу орнының мөрiмен куәландырылады.
33. Емтихандардың, қорытынды аттестациялардың кезiнде ауырған бiтiрушiлерге өтiп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкiндiк берiледi.
Бұл оқушылар үшін міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтiндерiн облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармалары, департаменттерi дайындайды.
Оқу курсын аяқтаған, бiрақ әскерге шақырылуына байланысты бiтiру емтихандарын тапсырмаған кешкi (кезектi) оқу орнының оқушылары әскери қызметiн аяқтағаннан кейiн бiр емтихандық мерзiм iшiнде орта мектеп курсы бойынша емтихандар тапсырады.
34. "Алтын белгі" белгiсiмен марапатталуға үмiткерлерден басқа ағымдағы оқу жылында республикалық олимпиадада (сонымен бiрге халықаралық олимпиадаларда) жүлделi орындар алған оқушылар, өз қалаулары бойынша сол жүлделi орын алған пәнiнен тапсыратын бiтiру емтиханынан босатылады. Бұл оқушылардың емтиханнан босатылуы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының бiлiм басқармаларының (департаменттерi) бұйрығымен жүзеге асырылады. Республикалық оқу орындарының оқушылары Министрлiк бұйрығымен босатылады.
35. Ата-аналары (немесе олардың орнындағы адамдар) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрғын орнын ауыстырған оқушылар растайтын құжаттарының және аудандық (қалалық) бiлiм бөлімдерiнің шешiмдерi негiзiнде емтихандарын мерзiмiнен бұрын тапсырады.
5. Бiтiру емтихандарын өткiзу тәртібi
36. Бiтiру сыныптарындағы оқушылардың өздерi таңдаған пән емтихандарының өткiзiлу күндерiн министрлiктiң жыл сайын шығарылатын "Оқу жылын аяқтау және Қазақстан Республикасының барлық типтегi жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында бiтiру мен көшiру емтихандарын өткiзу туралы" бұйрығында көрсетiлген мерзiм iшiнде оқу орнының әкiмшiлiгi белгiлейдi.
37. Дене құрылысы мен ақыл-ойының дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған арнаулы мектептерде бiтiру емтихандарын өткiзу қажеттiгi туралы мәселенi жергiлiктi бiлiм органдары шешедi. Емтихандар оқу орнының директоры бекiткен кесте бойынша өткiзiледi. Бұл кестемен мұғалiмдер мен оқушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын таныстырылады.
Емтихан кестесiнде:
а) әрбiр сыныпта бiр күнде бiр емтиханнан артық болмауы;
б) әрбiр оқу пәнi емтихандарының аралығындағы үзiлiстің екi күннен кем болмауы;
в) егер пән бойынша екi емтихан қойылса, жазбашасын ауызшадан бұрын өткiзу қарастырылады.
38. Емтихандарда оқушылардың бiлiмiне, білік-дағдыларына қойылатын талаптар әрбiр пәннің қолданылып жүрген оқу бағдарламасына сәйкес айқындалады.
39. Бiлiм беру ұйымының негiзгi сатысындағы 9-сыныпта диктантқа 2 астрономиялық сағат, шығармаға - 4 астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 астрономиялық (тереңдетiп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) сағат бөлiнедi. 11 (12) сыныпта шығармаға 6 астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 астрономиялық сағат, диктантқа - 2 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4 астрономиялық сағат (тереңдетiлiп оқытатын мектептерде - 5 сағат) бөлiнедi.
40. Жазбаша емтихандарды өткiзу үшiн мектеп залы немесе ең үлкен сынып бөлмелерi бөлiнедi: 11 (12) - сынып оқушылары бiрден, ал 9 сынып оқушылары бiрден немесе екiден отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау үшін оқушыларға мектептің төрткүл мөрі басылған қағаз берiледi. Оқушылар жұмыстарын орындағаннан кейiн оқушылар жоба жазбасымен (черновик) қоса емтихандық комиссияға тапсырады, жұмыстарын белгiлеген уақыт iшiнде аяқтай алмағандар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.
41. Жазба емтихан үстiнде (диктанаттан басқа) оқушының 5 минутқа сынып бөлмесiнен шығуына болады. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмыс жазбасына оқушының шығып келген уақыты жазылады.
42. Жазба емтихан аяқталғаннан кейiн емтихан жұмыстарын комиссия мүшелерi осы оқу мекемесiнiң ғимаратында тексереді.
Тексерiлмеген жұмыстар оқу мекемесiнің директорына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезiнде қателердiң асты сызылады. Шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттардағы, орта мектеп курсындағы математика бойынша қателер саны белгіленген жіктемеге сәйкес жеке көрсетiледi.
Шығармаға, мазмұндамаға және математикалық жазба жұмыстарына "2" "қанағаттанарлықсыз" немесе "5" "үздiк" бағалары қойылған жағдайда қысқаша пiкiр жазылады.
Тiл мен әдебиеттен қайта тапсыратын жазба емтиханының нысанын оқу орнының емтихандық комиссиясы белгiлейдi. 9(10) және 11 (12) сыныптардағы негiзгi және орта мектеп курсы бойынша шығарма, мазмұндама жазбаша емтихандарға Орта және кәсіптiк бiлiм комитетi бекiткен бiлiм беру ұйымдары бiтiрушілерінің жұмыстарын бағалау және ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес екi баға қойылады.
43. Жалпы білім беретiн оқу орындарының негiзгi мектептi үздiк бітіргендiгi туралы куәлiк алудан үмiткер 9 сынып оқушыларының жазба жұмыстарын, үздiк және ерекше аттестаттан үмiткер 11 (12) сынып бiтiрушілерiнің жазба жұмыстарын, осы оқу орнының емтихандық комиссиясының мүшелерi емтихан тапсырғаннан кейiн бiр күннің iшiнде, үмiткерлер көп болған жағдайда екi күнде тексередi. Қазақстан Республикасы бiлiм ұйымдарының "Алтын белгiге" үмiткерлердiң (республикалық оқу орындарындағы үздiк және ерекше үлгiдегi аттестаттарынан үмiткерлердiң де) жазба жұмыстары республикалық емтихандық аттестация комиссиясына келесi емтихан басталғанға дейiн ұсынылады.
44. Үздiк және ерекше үлгiдегi аттестат, "Алтын белгі" алуға үмiткер 11 (12) сыныпты бiтiрушi оқушылардың жұмыстарын облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармалары органдарында құрылған аттестациялық комиссия, ал республикалық оқу орындарындағы оқушылардың жұмыстарын министрлiктің республикалық аттестациялық комиссиясы растайды. Ерекше үлгідегi аттестат алуға үмiткерлердiң әрбiр жазба жұмысына аттестациялық комиссияның толық жазылған пiкiрiмен қорытындысы берiледi.
45. Жалпы бiлiм беретiн мектептердің барлық сыныптарында жазба бiтiру емтихандары таңертеңгi сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда, оқу орнындағы бiтiру сыныптарының саны көп болғанда осы нұсқаулықтың талаптары мен тәртiбiн сақтау үшiн емтихандарды екi мерзiмде өткiзуге болады: сағат 9-да және 15-те немесе келесi күні қосалқы вариант бойынша өткiзiледi. Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтiндерi салынған пакеттер оқушылар мен емтихандық комиссия мүшелерiнiң көз алдында емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан есептер нөмiрiнің жинағы салынған пакеттер емтихан комиссиясының мүшелерiнің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін емтихан басталуынан 9 сыныптарда жарты сағат бұрын, ал 11 сыныптарда 1 сағат бұрын ашылады.
46. Ауызша емтихан өткiзу үшiн 25-тен көп оқушысы бар сынып екi топқа бөлiнедi және олар емтиханды бiрiнен соң бiрi сол күнi тапсырады. Ерекше үлгідегi аттестат алуға үмiткерлердің барлық ауызша емтихандарының хаттамалары ведомостарымен қоса республикалық аттестациялық комиссияға ұсынылады.
47. Емтихан тапсырушыға дайындалу үшiн 15-20 минут берiледi. Егер оқушы билет сұрақтарына жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екiншi билет алуға рұқсат етедi. Емтихан тапсырушы ауызша немесе жазба емтиханда белгіленген тәртiптi бұзған жағдайда оны комиссия осы жылы емтихан тапсыруын жалғастыру құқығынан айырады және бұл жағдай хаттамаға жазылады.
48. Әрбiр пәннен ауызша және жазбаша емтихан өткiзiлгеннен кейiн емтихандық комиссия оқушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, оларды (үздiк немесе айырықша үлгiдегi аттестат алудан үмiткер бiтiрушілердiң жазба емтихандарынан басқасын) хаттамаға түсiредi. Хаттамаға осы пәннен емтихан қабылдаған емтихандық комиссия мүшелерi қол қояды. Оқушының жазба жұмысын немесе ауызша жауабын бағалауда емтихандық комиссияның мүшелерi өзара келiспеген жағдайда комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiрлерi мiндетті түрде хаттамаға жазылып, көп дауыспен шешіледi, ал комиссияның төрағасы көпшiлiгiнiң шешiмімен келiсiмге келе алмаған жағдайда мәселенi аудандық /қалалық/ бiлiм бөлiмi шешедi.
49. Қорытынды бағаларды шығарарда төмендегiлердi басшылыққа алу керек:
а) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негiзiнде бiтiру сыныбын тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;
ә) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оңды қорытынды баға қойылмайды;
б) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары бола алмайды.
50. "Алтын белгі" белгiсiн алуға үмiткерлердiң 5-11(12) сыныптарда алған тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларын қайта қарауға рұқсат етiлмейдi.
51. Егер бiр пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткiзiлсе, екi емтиханды тапсырғаннан кейiн бiр ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиiстi хаттамасына жазылады. Жазба жұмысы "үздiк" бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5" болған жағдайда және қорытынды бағаға "5" қойылады.
52. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесiнде емделiп шыққан оқушыларға қорытынды баға осы емдеу мекемесiнің жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескерiп қойылады.
53. Оқушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейiн хабарланады. Жазба емтихан бағалары келесi емтиханға дейiн хабарланады. Оқушыларға өз жазба жұмыстарының тексеру қорытындыларымен танысуға мүмкiндiк беріледi. Жұмыстарды көрсетудi ұйымдастыру оқушының жазбаша өтiніші негiзiнде осы оқу орнының емтихандық комиссиясы төрағасына жүктеледi.
Жазба жұмысына қойылған бағамен келiспеген жағдайда оқушы емтихан бағасы хабарланғаннан кейiнгі үш күн ішінде аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң, облыстық (қалалық) басқармалар мен департаменттердiң жанынан құрылған республикалық оқу орындары оқушылары үшiн Департаментте құрылған шағым комиссиясына жүгiнуге құқылы.
54. Жазба немесе ауызша емтиханнан "2" алған 11-сынып бiтiрушi келесi емтиханға жiберiлмейдi, ал емтиханнан "2" алған 9-сынып оқушысы келесi емтиханға жiберiледi.
9-сынып оқушылары үшiн қайта тапсыратын міндетті бiтiру емтихандардың мерзiмiн облыстық, Астана, Алматы қалалық бiлiм басқармаларының, департаменттерiнің келiсiмi бойынша осы жылғы 25-маусымға дейiн аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерi белгілейдi.
55. Министрлiк бұйрығымен өз жұмысын 7-маусымнан 23-маусымға дейiн жүргiзетiн республикалық емтихандық аттестациялық комиссиясы РАЕК құрылады. РАЕК құрамында үмiткерлердiң жұмыстарын қарау және бiлiм беру ұйымдарының емтихан комиссияларының қазақ тiлi мен әдебиетiнен, орыс тiлi мен әдебиетiнен, математика пәндерiнен қойған бағаларын растау жөнiндегi сынымен бiрге "Алтын белгiге" үмiткерлер құжаттарын қарау, олардың аталған белгінің Ережесiне және Нұсқаулық талаптарына сәйкестiгiн тексеру жөнiндегі комиссиялар құрылады.
56. 23 маусымда Республикалық емтихандық аттестациялық комиссиясының жұмыстың қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгiсiмен марапатталғандар туралы қаулы қабылдау жөнiндегi соңғы отырысы өткiзiледi.
57. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдары Жалпы орта бiлiм департаментiне ағымдағы жылғы 1-ші мамырға дейiн жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын типiне, түрiне, меншiк нысанына қарамастан жүзеге асыратын жазбаша міндеттi бiтiру емтихандарына арналған тапсырмалары бар конверттер дайындау үшiн ерекше үлгiдегi аттестат алуға үмiткерлер туралы (аты-жөнi, мектептің нөмiрi, облысы, қаласы) бейiмдiгi мен оқу тiлi көрсетiлген мәлiметтер бередi. Республикалық оқу орындары үздiк аттестат алуға үмiткерлердiң қосымша жеке тiзiмiн жiбередi.
58. Республикалық емтихандық аттестациялық "Алтын белгі" алуға үмiткерлердiң жазба жұмыстары мен бiрге бiтiрушінің 5 сыныптан 11(12) сыныпқа дейiнгi үздiк бiлiмiн дәлелдейтiн мақтау қағаздары мен табельдерi, жалпы бiлiм беретiн пәндерден республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың жеңiмпазының Дипломдары, негiзгi мектептi үздiк бiтiргендiгi туралы куәлiгi комиссияға тапсырылады. Құжаттар папкаға салынған жеке файлдардағы құжат атауларының тiзiмi бойынша тапсырылады.
59. Құжаттарды Департаментке қолында нысан бойынша тапсырылатын құжаттар тiзiмi облыстың (қаланың) аты алфавит тәртiбiнде жазылған үмiткердiң фамилиясы, аты және әкесiнің аты, (паспорт немесе куәлiк бойынша; оқу орнының атауы (толық мөрiне сәйкес келетiн) табельдердiң мақтау қағаздарының саны (нөмiрi көрсетiлген және педкеңес хаттамасынан көшiрме, директор қолымен мөрмен куәландырылған, 9 сыныпты бiтiргендiгі туралы куәлiгі (номерi мен берiлген уақыты) пәнi, алған орны, N берiлген жылы мен уақыты көрсетiлген республикалық (халықаралық) олимпиадалардың (жарыстардың ) дипломы, сенiм қағазы бар бiлiм басқару органының жауапты қызметкерi тапсырады. Мақтау қағаздары мен Дипломдарда, табельдерде сөздердi өшiру, түзету, қосып жазу, сызылған сөздер мен толтырылмаған жолдар болмауы керек.
60. 11 сыныптағы міндетті бітіру емтихандарының жазба жұмыстары (түпнұсқасы мен жоба жазбасы) емтихан комиссиясының қорытындысы және хаттамасымен қоса РАЕК-ге тапсырылады.
Республикалық аттестациялық емтихандық комиссияға "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталуға үмiткерлер туралы педкеңестiң шешiмi 11(12) сыныпта қорытынды бағалары мен ауызша емтихандары көрсетiлген жинақ ведомосымен қоса 16-маусымға дейiн жiберiледi.
61. Типіне, түрiне, меншік нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан, жалпы орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының 11-сыныбын бiтiрушілердi "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау осы Нұсқаулыққа және "Алтын белгi" туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
62. Бiлiм беру ұйымдарының "Алтын белгi" жоғары наградасын алуға құқылы бiтiрушілерi туралы Министрлiктiң бұйрығы мен республикалық аттестациялық емтихандық комиссияның қаулысы 25 маусымға дейiн шығарылады.
63. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейiн және Республикалық аттестациялық емтихандық комиссияның қаулысын алғаннан кейiн оқу орнының педкеңесi емтихандық комиссияның барлық мүшелерiнiң қатысуымен олардың қорытындыларын талқылайды және емтихан - хаттамалары негiзiнде оқушылардың бiтiруi туралы мәселенi шешедi, мектеп бiтiру кешінің өткiзiлу күнiн белгiлейдi.
6. Мемлекеттiк үлгiдегі құжаттарды
ресiмдеу және тапсыру
64. Бiлiм мекемесiнің педкеңесiнің шешімiне сәйкес 9(10) сынып бiтiрген оқушыларға негiзгi жалпы бiлiмi туралы куәлiк, 11(12) сынып бiтiрушілерiне - жалпы орта бiлiм туралы аттестат берiледi.
Бiлiм туралы құжатты бiтiрушi өзi оқыған жалпы бiлiм беретiн оқу орнынан алады, сонымен қатар оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесi жанындағы мектепте (топта) бiлім алған оқушыларға да бiлiм туралы құжат берiледi.
65. Негiзгi мектептi бiтiргендiгi туралы куәлiкке жоғарғы бiлiм басқышы сыныптарында оқылған барлық пәндерден алған қорытынды бағалары енедi.
Орта бiлiм туралы аттестатқа 10(11), 11(12) сыныптарда оқыған барлық пәндердiң қорытынды бағалары енгiзiледi.
66. Бiлiм туралы құжатта әрбiр пәннің бағасы цифрмен қойылып, жақша iшiне: 5 (үздiк), 4 (жақсы), 3 (қанағаттанарлық), ал сынақ жүйесi енгiзiлген жекелеген пәндер бойынша - "сынақтан өтті" деген сөздермен жазылады.
67. Жекелеген пәндер бойынша аттестацияланбаған, өздерiне қатыссыз себептермен бұл пәндердi оқымаған 9, 11(12) сынып бiтiрушілерінің негiзгi мектептi бiтiргендiгi туралы куәлiгiне немесе орта білім туралы аттестатына "оқыған жоқ", дене тәрбиесi немесе еңбекке баулу сабақтарынан денсаулық жағдайына байланысты босатылғандарға "босатылған" деген жазу түсiрiледi.
68. Қорытынды аттестациядан босатылған бiтiрушілерге жылдық бағалары негiзiнде бiлiм туралы құжат берiледi.
69. Белгiлi бiр кәсiптi меңгерген және бiлiктiлiк емтихандарын тапсырған 11(12) сынып бiтiрушілерiне сол кәсiп бойынша бiлiктiлiк (разряд, сынып, санат) берiлгендiгi туралы куәлiк тапсырылады.
70. Мектеп оқушыларының халықаралық алмастырылуы жолымен шетелде оқып, сондағы бiлiм беру мекемесiн бiтiрген 11(12) сынып бiтiрушілерi 11-сыныптың міндетті жазбаша емтихандарды тапсыруы қажет. Шетелде оқыған пәндерiнен алған бағалары, Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының осының алдындағы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағалары ескеріліп, емтихандарды тапсырғаннан кейiн оларға орта бiлiмi туралы аттестат берiледi.
71. Факультативтiк курстар мен таңдау пәндерiн оқыған бiтiрушілердiң бiлiмi туралы құжатына сол жөнiнде тиiстi жазу жазылады.
72. Бiлiм туралы құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде анық әрi тек қара сия, тушь немесе пастамен жазылады. Оларға фамилиялары толық жазылған оқу орнының директоры, оның оқу-тәрбие жөнiндегi орынбасары және мұғалiмдер (үштен кем емес) қол қояды. Құжат жалпы бiлiм беретiн оқу орнының мөрiмен расталады, оқу орнының атауы мөрдегi жазумен толық сәйкес келуi керек. Мөр бедерi айқын әрi анық, жеңiл оқылатын болуы тиiс. Бiлiм туралы құжатта өшiру, түзету, бағаларды тастап кету сияқты кемшiлiктерге рұқсат етiлмейдi.
Бiтiрушiнiң аты, әкесiнiң аты, фамилиясы төл құжаттағы немесе туу туралы куәлiгiнде жазуға толық әрi дәлме-дәл сәйкестiкте жазылуы қажет. Жалпы бiлiм беретiн оқу орнының атауы, нөмiрi, мекен-жайы толық жазылады.
Жалпы бiлiм беретiн күндiзгi оқу орындарында жастар мен ересектер үшiн ұйымдастырылған кешкi (сырттай) оқытатын сынып (топ) бiтiрушілерiнің бiлiм туралы құжаттарына оқу орнының атауынан кейiн "кешкi (сырттай) оқыту сыныбы (тобы)" деген жазу жазылады.
73. Қорытынды аттестаттау жөнiндегi барлық құжатнама мен материалдар орта бiлiм туралы аттестаттарды, негiзгi мектептi бiтiру туралы куәлiктердi, мақтау қағаздары мен грамоталарды жасау, сақтау, беру және есепке алу тәртiбi туралы, Ережеге сәйкес сақталады.
7. Оқушыларды марапаттау
74. "Алтын белгі" белгiсiмен үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және орта бiлiм берудiң негiзгi және жоғары сатыларындағы оқу кезеңiнде мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша жылдық қорытынды бағалары "5" болған, жалпы орта бiлiм беру курсы үшiн мемлекеттiк қорытынды аттестациядан "үздiк" бағамен өткен, Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында республикалық және халықаралық олимпиадалардың (жарыстардың) жеңiмпаздары (жүлдегерлерi) болған жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiтiрушілерi марапатталады.
75. Негiзгi мектептi бiтiргендiгі туралы куәлiкке енгiзiлген барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9-сынып бiтірушілерiне негiзгi мектептi үздiк бiтiргендiгi туралы куәлiк берiледi.
Денсаулығына байланысты дене тәрбиесi мен еңбекке баулу сабақтарынан, сондай-ақ өзiне қатыссыз себептермен оқытылмаған пәндерден босатылған 9-сынып бiтiрушілерiне үздiк негiзгi жалпы бiлiм туралы куәлiк берiледi.
76. 10(11) және 11(12) сыныптардағы барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болып келген 11(12) сынып бiтiрушілерiне жалпы орта бiлiм туралы үздiк аттестат берiледi.
77. Жекелеген пәндерден ерекше жетiстiктерге жеткен, олардан жылдық қорытынды, емтихандық бағалары "5" болған және басқа пәндерден алған бағалары "4"-тен төмен болмаған жағдайда 11(12) сынып бiтiрушілерi "Жекелеген пәндердi оқудағы жетiстiктерi үшiн" грамотасымен марапатталады.
Бiтiрушінi грамотамен мараппатау туралы шешiмдi оқу орнының педкеңесi қабылдайды.
78. 10(11) сынып оқушылары және бағдарлама талаптарын үздiк орындаған 1 сынып оқушылары Мақтау қағаздарымен марапатталады.
Мақтау қағаздарымен марапаттауды бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң, сынып жетекшілерiнiң ұсынысы бойынша оқушыларды келесi сыныпқа көшiру туралы мәселе мен қатар бiр мезгілде оқу орнының педкеңесi шешедi, бұл туралы табельге тиiстi жазу жазылады.
8. Олимпиадалар мен жарыстарды
республикалық және халықаралық деңгейге жатқызу
79. Республикалық пәндiк олимпиадаларға Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi бұйрығының негiзiнде, мектеп оқушыларының жалпы бiлiм беретiн пәндерден өткiзiлетiн олимпиадалары туралы Ережеге сәйкес мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткiзiлетiн жалпы бiлiм беретiн пәндердің олимпиадалары мен музыкалық жарыстар (конкурстар) жатқызылады.
80. Мектеп олимпиадалары жөнiндегi Халықаралық комитеттің шешiмiмен математика, химия, физика, биология және информатика пәндерінің олимпиадалары бағдарламасына енгiзiлетiн аталған пәндердің олимпиадалары 2-3 құрлықтың 25-тен кем емес елдерiн қамтыған жағдайда халықаралық пәндiк олимпиадаға жатқызылады.
81. Халықаралық жарыстарға Олимпиадалық ойындар, Әлем чемпионаттары және Азиялық ойындар, халықаралық музыканттар конкурстары жатқызылады.
82. Орта бiлiмнiң негiзгi және жоғарғы сатыларында оқыған кезiнде мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерiнен "5" деген жылдық, қорытынды бағаларын алған және үлгiлi тәртiп көрсеткен, жалпы орта бiлiм курсы бойынша мемлекеттік қорытынды аттестациядан "үздiк" бағамен өткен Қазақстан Республикасының құрама командасы құрамында Олимпиадалық ойындар мен Әлем чемпионаттарына, Азиялық ойындарға, халықаралық музыканттар конкурстарына қатысқан олардың жүлдегерлерi мен жеңiмпаздары "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталуға ұсынылады.
Нұсқауға N 1 қосымша
Емтихандық құжаттар
Жалпы орта білім беру Департаменті емтихандық құжаттардың 2 түрін белгіледі: негізгі мектеп курсы және жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сатыларының емтихан және қорытынды бағаларының хаттамасы мен жылдық, емтихан және мектеп бітірушілердің қорытынды бағаларының тізімі (ведомості).
Ведомость үздік және ерекше үлгідегі аттестат пен "Алтын белгісіне" үміткерлерге толтырылады (төменде қоса беріледі).
Негізгі, орта мектеп курсы бойынша емтихан және қорытынды бағаларының
Хаттамасы
Қазақстан Республикасы--------------------------облысының
-----------------қаласының (селосының)-------------------
ауданының-----------N-------------мектебінің-------------
--------сынып---------------пәнінен----------------------
Емтихан алушы мұғалімнің фамилиясы, аты, әкесінің аты--------
-------------------------------------------------------------
Ассистентердің фамилиялары, аттары, әкелерінің аттары--------
-------------------------------------------------------------
Білім басқармалары жіберген емтихан материалдары салынған пакет
--------------------------сағ.----мин. ашылды
Онда емтихан жүргізу үшін қажетті материал бар (пакет ішіндегі
материалдар хаттамаға қоса тігіледі)
Емтиханға---------------------қатысты
Келмей қалғаны-----------------адам.
-----------------------------------------------------------------
(келмей қалғандардың фамилиясы, аты)
Емтихан --------сағат--------минутта басталды.
Емтихан --------сағат--------минутта аяқталды.
5-8 сынып оқушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы қолданады.
--------------------------------------------------------------------р/с!Емтихан !Жазба жұмысының !Емтихан !Жылдық !Қорытынды
!тапсырушының!тақырыбы, және !бағасы !бағасы !бағасы
!фамилиясы, !варианты; алған !(жазумен)!(жазумен)!(жазумен)
!аты, !билетінің нөмірі! ! !
!әкесінің аты! ! ! !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
--------------------------------------------------------------------
Комиссия мүшелерінің жеке оқушылардың жауаптарын бағалау жөнінде ерекше пікірлері
--------------------------------------------------------------------
Емтихан өткізу күні: -------- ------------- ж.
Бағаларды хаттамаға жазу күні: -------- ----------ж.
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
Нұсқауға N 2 қосымша
Жылдық, емтихан және қорытынды бағалардың
Ведомості*
---------------------------------------------бітірушісі
(білім беру мекемесінің аты)
------------------------------------------------------
-------------------------------ауданы (қаласы)
------------------------------------------------------
(аты-жөні)
----------------------------------------------------------
р/с !Оқу бағдарламасына !Жылдық !Емтихан !Қорытынды
!сәйкес оқу пәндері !бағалары !бағалары !бағалары
! !11 сын. 12! !
! !сын.** ! !
----------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
----------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------
Директор
"__"___________ _______ж.
____________________________________
*/ Ерекше аттестат үміткеріне толтырылады.
**/ Кешкі/кезекті/ оқу мекемелерінде, арнайы коррекция мектептерінде толтырылады.
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
Нұсқаулыққа N 3 қосымша
Жалпы білім беретін оқу орындарының
оқушыларын көшіру және бітіру емтихандарынан
босатуға негіздеме бола алатын сырқаттардың
Тізбесі
--------------------------------------------------------------------N ! Сырқат ! Диагнозы !Емтиханнан босату мерзімі
!жіктеме. ! !
!сінің ! !
!нөмірі ! !
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------------------------------------1 001 Сүзек және паратифтер Ауруханадан шыққаннан
кейінгі 3 айға дейін
2 005.1 Ботулизм Ауруханадан шыққаннан
кейінгі тұрақты невро.
логиялық симптомдар
сақталған жағдайда
бір жыл көлемінде және
жақсы жағдайда алты
айға дейін
3 010-019 Асқынған өкпе туберкулезі ұдайы
және өкпеден басқа мүше
туберкулездерінің асқынған
нысандары
4 013.0 Туберкулез менингиті ұдайы
5 023 Бруцеллез ұдайы
6 027,2 Иерсиниоз, гепатитті түрі ұдайы
7 033, 034, Балалардың жұқпалы аурулары -//-
052, 055,
056, 072
8 036,0 Менингогыктық менингит, Ауруханадан шыққан соң
этиологиялық түрлі ауру, 1 айға дейін
іріңді менингит
9 044 Полиомелит (ауыр зардаптары) ұдайы
10 046,0 Әр түрлі этиологиялық сероз ұдайы
менингиті
11 070 Боткин ауруы Сары ауру Ауруханадан шыққаннан
кейін 3 айға дейін
12 075 Жұқпалы мононуклеоз Ауруханадан шыққаннан
(ауыр түрі) кейін 1 айға дейін
13 190.5 Екі жақты ретинобластрома ұдайы
14 375,744 Глаукома ұдайы
15 242.0 Диффузды түрдегі уланған ұдайы
зобтың орта және ауыр
нысандары
16 242.0 Диффузды түрдегі уланған зоб Операциядан кейін 6 ай
қалқан безін субстальдық
жолмен алып тастау
17 244 Гипотиреоз (орта және ауыр -//-
түрі)
18 250 Қант диабеті (орта және ауыр ұдайы
түрі)
19 253.9 Қантсыз диабет (орта, ауыр ұдайы
нысаны)
20 255 Иценко-Кушинга синдромы 6 айдан кем емес
(орта және ауыр түрі)
21 281-286 Қан жүйесінің аурулары: Ауруханадан шыққаннан
1) Лейкоз кейін
2) Гемофилия (орта, ауыр 6 ай
нысаны)
3) Әр түрлі этиологиялық ауруханадан шыққаннан
гипохромды анемияның ауыр кейін 9 ай
түрі
4) Капилляротоксикоз
5) Вергольф ауруы -//-
22 295 Шизофрения Психоневрологтың
рұқсатымен
23 298 Әр түрлі этиологиялық психоз -//-
24 300 Қатты тұтығу, нерв ауруының -//-
асқынуынан пайда болған
невроздар
25 301 Асқынған энцефалоастениялық -//-
аурулардың әртүрлі этиологияда
білінуі
26 301 Психопатия -//-
27 322,9 Еңбекке қабілетіне әсер Психоневрологтың
ететін асқынған арахноидит рұқсатымен
28 323,1 Энцефалит ұдайы
29 345 Асқынған қояншық -//-
30 358 б Вазовегативті қабілетсіздік -//-
31 370 Жақыннан көрмейтін көз ауруы ұдайы
Көз қарашағы төмен 0,5-те 0,1
көрсетсе
32 370 Гиперметриялық астиматизм 3,4 ұдайы
м-ден жоғары миогика 4,0 д-дан
жоғары көрсетсе
33 377 Көз жанарының қан тамырлары, ұдайы
нервтері ауруы
34 375,744 Глаукома ұдайы
35 390-392 Ревматизм, жүрек қабынуы 6 айдан соң
36 401 Гипертониялық ауру ұдайы
37 490 Бронхиттің ауыр түрі ұдайы
38 493 Демікпе ұдайы
39 517 Созылмалы пневмония ұдайы
40 518-519 Бронхоэтикалық ауруға операция Операциядан шыққан
жасалса соң
41 531-532 Асқазан жарасы және ішекқарын Ауруханадан соң 2 ай
ауруы
42 535,1 Ішкі секрециясы бұзылған ұдайы
эрозиялы асқазан ауруы
43 540 Соқырішекке операция -//-
44 550 Жарық (грыжа) -//-
45 557,0- Энтероколит 6 айдан кем емес
557,9
556
47 560 Ішекке операция -//-
48 575 Өт жолы ауруының асқынған ұдайы
кезеңі
49 577,0- Панкреатит асқынған және қозған уақытынан 6
577,1 созылмалы түрі айдан ерте емес
50 580 Асқынған диффуздық гломоруло- ұдайы
нефрит
51 582 Созылмалы диффузиялық нефрит ұдайы
қайталанбалы ағымымен
52 590 Пиолинефрит ұдайы
53 691,8- Дифузиялық нейродерматит, Айыққан соң 1 айдан
692,9 таралған экзема кейін
54 692 Теміреткі ұдайы
55 710,0- Склеродемия, ұдайы
7101- Церматомикоз
710,3
56 715 Созылмалы полиартрит -//-
57 722 Миокарцит ұдайы
58 743,2 Туа біткен немесе жастық глаукома ұдайы
59 746 Іштен туылған жүрек ауруы Кардиохирургтың
қорытындысымен
60 757 Бруцеллезды эпицермолиз -//-
61 800-809 Бас сүйегі, омыртқа және жамбас Ауруханадан шыққан
сынса соң 2 айдан кейін
62 810-819 Қол сүйегі сынса Гипс алынаған соң
2 ай
63 820-829 Аяқ сүйегі сынса Ауруханада 2 ай
жатып шыққан соң
64 850-854 Бас сүйегі сынса -//-
65 1001 Орталық және басқа нерв -//-
жүйесінің бұзылуы
--------------------------------------------------------------------