БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213
бұйрығына
(Қазақстан Республикасы орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде N 21-24, 926 бетте басылған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2804 нөмірімен тіркелген 2004 жылғы 29 сәуірдегі Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының N 373
бұйрығымен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
5-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде N 1114 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасының білім беретін мектептер оқушыларының 1999-2000 оқу жылын аяқтау және емтихандар өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 124
бұйрығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушыларын ауыстыру, қорытынды аттестаттау және бітіру тәртібі туралы нұсқаулықпен (бұдан әрі - Нұсқаулық)" деген сөздер "Министрлік бекітетін "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттау өткізу ережесі" (бұдан әрі - Қорытынды аттестаттау ережесі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"жоғары оқу орындарының қызметкерлері" деген сөздер "білім беру ұйымдарының қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жалпы білім беру ұйымдарының халықаралық айырбас желісі бойынша шетелде оқитын мектеп бітірушілерін, ҰБТ-ға қатыспаған өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерін бітірген мектеп бітірушілерін, республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау Қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бұл мектеп бітірушілер республиканың жоғары оқу орындары мен колледждеріне Үлгі ережесіне сәйкес түсу құқығына ие.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар ҰБТ-ны тапсырудан босатылады.";
16-тармақта:
"15 наурыздан 15 мамырға дейін" деген сөздер "1 наурыздан 30 сәуірге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ҰБТ-ның қорытындылары конкурстық комиссия үшін 120 баллдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес баллдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Баллдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілейтін шкалаға сәйкес МК жүргізеді.";
23-тармақта:
"Апелляциялық комиссияның төрағасы және оның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі" деген сөздер "Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамын - жергілікті білім беруді басқару органдары бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақта:
"ҰБТӨП-тің мөрімен бекітіледі" деген сөздер "Базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орнының немесе жергілікті білім беруді басқару органының мөрімен бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.