Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ.Маханов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауылшаруашылығы министрі
2004 жылғы 30 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2004 жылғы 31 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2005 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 478-І бұйрығымен бекітілген
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесі
Осы Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) жүктерді автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін реттейді.
Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан міндетті болып табылады.
1-бөлім. Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдаудың жалпы ережелері 1-тарау. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Жүктердің автомобиль тасымалдары - автомобиль жолдары бойынша жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жүктер тасымалдары.
2. Автомобиль тіркемесі (бұдан әрі - тіркеме) - қозғалтқышпен жабдықталмаған және жүк автомобилімен немесе ершікті тартқышпен құрамдағы қозғалысқа арналған автокөлік құралы. Термин жартылай тіркемелер мен ұзартылма тіркемелерге қолданылады.
3. Автопоезд - жүк автомобилі мен тіркемеден (тіркемелі автопоезд), ершікті тартқыш пен жартылай тіркемеден (ершікті автопоезд) тұратын аралас автокөлік құралы.
4. Жүк автомобилі - автомобиль жолдары бойынша жүктерді тасымалдауға арналған механикалық жетекті автокөлік құралы.
5. Жүк автокөлік құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - жүк автомобильдерін, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі.
6. Ершікті тартқыш - жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбіне тіркеме мен жартылай тіркемені тіркеп сүйреуге арналған автокөлік құралы.
7. Тез бүлінетін жүк - шектеулі жарамдылық мерзімі бар және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететін жүк.
2-тарау. Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын
жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі
8. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтерді орындайды.
Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.
9. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған шарт тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жасалады.
10. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шартты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы хабарласуы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарауы және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жіберуі тиіс.
Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келісімге қол жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.
3-тарау. Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі
11. Жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжаты мен жүкке ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші автомобиль тиелуге келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушілер бойынша топтау), тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетін орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиіс.
12. Жүкті жүк жөнелтуші буылып-түйілген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған түрде, санын, тура салмағын (көлемін) көрсетіп тапсырады.
13. Тасымалдауға тапсырылатын жүктің орамасында бүтіндігін бұзушылықтар немесе жүктің зақымдалған іздері (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиіс.
14. Ыдысты қажет ететін жүктер, оларды тасымалдау кезінде жоғалудан, жетіспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшін тасымалдауға мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жарамды ыдыспен ұсынылуы тиіс.
Егер тасымалдауға ұсынылатын жүктің ыдысын немесе орамасын сырттай тексеру кезінде жүктің сақталуы үшін қауіп туғызатын кемшіліктер байқалатын болса, онда жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша байқалған кемшіліктерді жояды, жүк жөнелтуші әрекет жасамаған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарына тиісті белгі жасалады. Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген себептерден туындаған келтірілген зиянды (тасымалдау кезінде жүктің жетіспеуі, бұзылуы және зақымдалуы) тасымалдаушы өтемейді.
15. Автокөлік құралдарымен тасымалдау үшін ресімделмеген жүктер осы Ереженің талаптарына сәйкес тасымалдауға жіберілмейді.
16. Жүк жүк жөнелтуші (жүк алушы) экспедиторының алып баруымен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы жүкті жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторы алып бара жатқаны туралы тауар-көлік жүкқұжатында белгі жасайды, сондай-ақ оның тегін, атын және әкесінің атын көрсетеді.
17. Жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде экспедитор немесе экспедитор-жүргізуші жүк жөнелтушіге жеке басын куәландыратын құжат пен тасымалдаушы растаған жолдама парақты көрсетеді.
18. Автокөлік құралдары мен олардың ішіндегі тұлғалардың жүк жөнелтуші мен жүк алушының аумағына кіруі, егер бұл үшін арнайы рұқсатнама ресімдеу қажет болмаса, жолдама парақ бойынша жүзеге асырылады.
19. Үйіп, бос, құйып және контейнерлермен тасымалданатын жүктерді жүк жөнелтуші тапсырған және тасымалдаушы қабылдаған кезде бұл жүктердің салмағы анықталуы және тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілуі тиіс.
Ыдысты және майда даралы жүктер тасымалдауға тауар-көлік жүкқұжатында жүктің салмағы мен жүк орындарының санын көрсету арқылы қабылданады. Ыдысты және майда даралы жүктердің салмағын жүк жөнелтуші оларды тасымалдауға бергенге дейін белгілейді және жүк орындарында көрсетеді. Жүктің жалпы салмағы таразымен өлшеу немесе жүк орындарында трафарет немесе стандарт бойынша салмақты есептеу арқылы белгіленеді. Жекелеген жүктер үшін салмақ тараптардың келісімі бойынша есептеу арқылы, өлшеу, көлемдік салмағы бойынша немесе шартты түрде белгіленуі мүмкін. Жүктің салмағы туралы, оны белгілеу тәсілі көрсетілген тауар-көлік жүкқұжатындағы жазуды жүк жөнелтуші жазады.
20. Жүктің салмағын белгілеуді жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы бірлесіп жүк жөнелтушінің техникалық құралдарымен, ал жүк терминалдарында - жүк жөнелтуші мен жүк терминалының қызметкерлері бірлесіп жүк терминалының техникалық құралдарын пайдаланып жүргізеді.
Жүктерді жабық автокөлік құралдарына, сондай-ақ олардың жүк жөнелтуші пломбалаған жеке секцияларына, контейнерлерге және цистерналарға тапсыру кезінде жүктің салмағын белгілеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.
21. Ыдыстың немесе ораманың ашылған іздері болмаған кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушіден таңбаланған нетто немесе брутто салмағы бар жүктерді таңбасында көрсетілген салмаққа сәйкес қабылдайды.
Егер бір стандартты өлшемі бар жүк орындары бір жүк алушының атына берілетін болса, мемлекеттік стандарттарда көзделген стандартты орындарда салмақты, бруттоны және неттоны көрсету жағдайларын қоспағанда, әрбір жүк орнында салмақты көрсету міндетті түрде емес. Бұл жағдайда тауар-көлік жүкқұжатындағы "Салмақты анықтау тәсілі" деген бағанада "стандарт бойынша" деп көрсетіледі.
22. Тауар сипаты жоқ жүктердің саны жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалдаушымен бірге жасаған өлшеу актілері немесе таразыға тарту актілері бойынша белгіленеді. Топырақты тасымалдау кезінде оның мөлшерін белгілеу геодезиялық өлшеу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Таразыға тарту актісі 5-10 автокөлік құралдарының бақылау өлшенуі негізінде жасалады, содан кейін тиісті маркалы бір автокөлік құралындағы жүктің орташа салмағы белгіленеді.
Жүктің мөлшерін геодезиялық өлшеу арқылы белгілеу кезінде жүктің жалпы салмағы геодезиялық өлшеудің көлемдік көрсеткіштерін зертханалық әдіспен анықталған жүктің жалпы салмағына көбейту арқылы белгіленеді.
Жүктің сипаты өзгерген немесе басқа тасымалдау жағдайлары кезінде жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының, тасымалдаушысының талабы бойынша жүктің жаңа бақылау өлшенуі немесе көлемдік салмағын белгілеу жүргізіледі.
Тасымалдаушы барлық жағдайларда тасымалданатын тауар сипаты жоқ жүктердің мөлшерін немесе салмағын қосымша тексеруді талап етуі мүмкін. Тексеру нәтижелері тауар-көлік жүкқұжатына жазылуы тиіс.
23. Ірі көлемді және ауыр салмақты жүктер, бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді қоспағанда, тасымалдауға қабылданбайды.
24. Автокөлік құралын асырып тиеу, жүктердің ішкі орамасының дұрыс еместігі, сондай-ақ жүктің қасиетіне, оның салмағына немесе белгіленген мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтін ыдысты және ораманы қолдану салдарынан келтірілген зиянды (шағылу, сыну, майысу, ағу және тағы басқа) жүк жөнелтуші өтейді.
4-тарау. Жүктерді таңбалау тәртібі
25. Жүктерді ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктерді ұсақ жөнелтімдермен тапсыру кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк орнын мемлекеттік стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиіс.
26. Таңбада:
жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы;
бару орны мен пункті;
жүк бірлігінің салмағы (брутто және нетто) көрсетілуі тиіс.
27. Тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарда келтірілген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуі тиіс.
28. Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жүкті тапсыру кезінде жүк жөнелтуші барлық багаж орындарына: "ҮСТІ", "ШЫНЫ", "АБАЙЛАҢЫЗ", "ТӨҢКЕРІЛМЕСІН", "СУЫҚҚА ТӨЗІМСІЗ" деген арнайы таңба қоюы; жүкке арналған құжаттар буылып-түйілген орындарды "ҚҰЖАТТАР" деген арнайы таңбамен белгілеуі тиіс.
29. Арнайы таңбалау белгілері осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.
30. Таңбалау мынадай тәсілдердің бірімен:
1) жүк орындарына белгілерді тікелей қою арқылы;
2) жапсырмалардың көмегімен жүргізіледі.
Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргізілуі мүмкін.
31. Таңбалау орамада шартты белгілермен (таңбалармен), айқын жазумен, әріптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиіс. Таңбаның түсі ыдыстың немесе жүктің түсіне қарама-қарсы болуы тиіс.
Жүк орындарының таңбасы анық, түсінікті және берік болуы тиіс.
Таңба өшірілмейтін және қабыршақтанбайтын, күн сәулесіне төзімді, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиіс.
32. Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкін. Жапсырмалардың беті ауа-райы жағдайларының әсеріне шыдамды болуы тиіс.
33. Жапсырмаларға таңба төмендегідей тәсілдердің бірімен қойылуы тиіс:
1) типографиялық;
2) машинкамен басу;
3) трафарет бойынша штемпельдеу;
4) жаншу.
34. Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желіммен бекітілуі тиіс.
Матадан жасалған жапсырмалар тігілуі тиіс.
Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұрандашегелермен, шегелермен бекітілуі тиіс.
Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшіктерге қағуға рұқсат етілмейді.
Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекітуге, басқа бекіту тәсілі мүмкін болмағанда рұқсат етіледі.
Металл шыбықтар, құбырлар, қолайсыз немесе ұзын саптары бар сайман және тағы басқа сияқты жүктерді бірнеше жүк алушының атына тасымалдау кезінде, майлы бояумен шеттерін бояу арқылы таңба жасауға рұқсат етіледі, ол бойынша олардың бір партияға жататынын оңай анықтауға болады.
35. Таңба:
1) жәшіктерде - бүйір жақтарының біріне;
2) қаптар мен теңдерде - кең жақтарының біріне жасалады.
Арнайы таңба екі шектес жаққа жасалады (3-қосымшаға сәйкес).
36. Таңбаны бүйір немесе тік жақтарына қою мүмкін болмаған кезде, биіктігі 200 мм және одан аз шағын көлемді жәшіктерде ыдыстың шектес қабырғаларына (оның ішінде қақпағына) таңба жасауға рұқсат етіледі.
37. Арнайы таңба, олар белгіленуі тиіс "ОСЫ ЖЕРДЕН СТРОПТАЛСЫН" және "АУЫРЛЫҚ ЦЕНТРІ" деген белгілерді қоспағанда, негізгі таңбаның жоғарғы бұрышына қойылады.
38. Біртекті жүктерді бір жүк алушының атына тасымалдау кезінде барлық жүк орындарына емес, бірақ ең кемі төрт орынға таңба жасауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда таңбаланған орындар:
1) фургондарда - есіктің жанында таңбасын сыртына қаратып;
2) ашық автокөлік құралында - тиелген жүктің жоғарғы қабатында шанақтың әрбір бойлық ернеуінің жанында екі орыннан таңбасын сыртына қаратып жиналады.
39. Жүктерді үйіп, бос және құйып тасымалдау кезінде таңбалау жүргізілмейді.
5-тарау. Жүктерді пломбалау тәртібі
40. Бір жүк алушыға баратын тиелген жабық жүк автомобильдерін, тіркемелерді, автокөлік құралдарының жеке секцияларын, контейнерлерді және цистерналарды жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс, ал жәшіктердегі, қораптардағы және басқа ыдыстағы майда даралы тауарларды пломбаланбаған автокөлік құралымен немесе контейнерлермен тасымалдау кезінде пломбалануы немесе бандерольденуі тиіс.
41. Жүкті пломбалау кезінде тауар-көлік жүкқұжатында пломбаның бар екенін көрсетіп белгі жасалады.
42. Бірнеше мекен-жай бойынша тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін фургон-шанақтың ішіне тасымалдаушы шанақты жеке пломбаланатын секцияларға бөлуге мүмкіндік беретін қоршаулар орнатуы мүмкін.
43. Жүргізуші автокөлік құралдардың жүк бөлігін тиеу және пломбалау кезінде болады да, жарамды автокөлік құралдарда, жүк автомобильдің жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушінің зақымдалмаған пломбаларымен келген, сондай-ақ жүк алушыға жүктің салмағы мен жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей берілетін жарамды бандерольденген ыдыстағы жүктерді қайта өлшеу мен қайта санауға қатыспайды.
44. Жүк жөнелтушінің пломбаларында жүк жөнелтушінің қысқартылған атауы және бақылау белгілері (сауда белгілері немесе қысқыштың нөмірлері) болуы тиіс.
Тасымалдаушы пломбалаған кезде, пломбаларда тасымалдаушының атауы және қысқыштардың нөмірі болуы тиіс.
45. Автокөлік құралына (фургондарға, цистерналарға және тағы басқа) контейнерлерге, автокөлік құралдың секцияларына, жеке жүк орындарына ілінетін пломбалар жүктерге тиісуге және олардың бүтіндігін бұзбай пломбаларды алуға мүмкіндік бермеуі тиіс.
46. Пломбалар:
1) фургондарда немесе автокөлік құралдың секцияларында - барлық есіктерге бір пломбадан;
2) контейнерлерде - есіктерге бір пломбадан;
3) цистерналарда - люктің қақпағы мен құйып алу саңылауына бір пломбадан;
4) жүк орнында - бірден төрт пломбаға дейін жиектеу жолақтарының немесе басқа байлау материалдарының түйіскен нүктелеріне ілінеді.
47. Брезентпен жабылған автокөлік құралының шанағын пломбалау, брезенттің шанақпен біріккен жері жүкке тиісудің мүмкін еместігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Пломбалар біріктіргіш материалдың шеттерінде автокөлік құралының шанағымен түйіскен бірнеше жерге ілінеді.
Автокөлік құралдарды - фургондарды (контейнерлерді) пломбалау алдында екі есік жапсырмасы диаметрі кемінде 2 мм және ұзындығы 250-260 мм күйдірілген сым бұраулармен бекітілуі тиіс.
Сымды бұрау диаметрі 6-10 мм және олардың аралығы 35 мм екі саңылаулы арнайы металл пластинкамен жүргізілуі тиіс.
Сым бұраулармен есік жапсырмаларын бекітуді, жүк тиеуді жүргізетін жүк жөнелтуші жүзеге асырады.
48. Пломбалау үшін екі қатарлас арналы саңылаулары бар камералы қорғасын немесе полиэтилен пломбалар, сондай-ақ термиялық өңделген (күйдірілген) диаметрі 0,6 мм сым қолданылуы мүмкін.
49. Пломбалар алдын ала екі жіпке бұралған сымға ілінуі тиіс. Сымды бұрау 10 мм ұзындыққа төрт орам келетін есеппен жүргізіледі.
Пломбаларды ілу тәсілдерінің схемалары 4-қосымшада келтірілген.
Екі қатарлас арналы саңылаулары бар пломбаларды ілу мынадай тәртіппен жүргізілуі тиіс. Пломбалардың әрқайсысына пломбалау сымының бір ұшы өткізіледі.
Сымның ұзын бос ұшы фургонның (контейнердің) есігіндегі есік жапсырмасының көзінен екі айналып, ал сонан кейін пломбаның бір және екінші саңылау арқылы өткізіледі. Осыдан кейін пломба қысқышпен қысылады.
Камералы қорғасын пломбаларды ілу кезінде сымның ұштары пломбаның кіру саңылаулары арқылы өткізіледі, 2-3 орамға бұралады және орамдар камераға тартылып, қысқышпен қысылады.
Камералы полиэтилен пломбаларды ілу кезінде сымның ұштары пломбаның кіру саңылаулары арқылы өткізіледі, содан кейін осы ұштар өз арасында екі ораммен бұралады, сымның бір ұшы екіншісін айнала, ал содан кейін екіншісі - осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген жүйелі тәртіппен біріншісін айнала бұралады.
Осыдан кейін жасалған түйін камераға әбден тартылады және пломба пломбалау қысқышымен қысылады.
50. Пломбалау кезінде есік жапсырмасының (цистерна қалпағының қақпағы) көзі мен пломбаның арасында пайда болған ілгек 25 мм аспауы тиіс.
Пломбалар бедері екі жағынан анық және айқын шығатындай, ал сымды пломбадан суыруға болмайтындай етіп қысылады. Қысқышпен қысылғаннан кейін әрбір пломба мұқият тексерілуі тиіс және ақау табылған жағдайда (қысқыш таңбалары сандарының анық еместігі, таңбалардың кесілуі және тағы басқа) басқасымен ауыстырылады.
51. Пломбалардың бақылау таңбаларында нөмірленуі 001-ден 999-ға дейін жүйелі тәртіппен жүргізілетін әріптік және сандық белгілері болуы тиіс.
52. Пломбалардағы көмескі бедерлі қойылған таңбалармен, сондай-ақ дұрыс ілінбеген пломбалармен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
53. Бандерольдеу жасалған материалдар (қағаз таспа, бау және тағы басқа) біртұтас (түйіндерсіз және жалғамасыз) және біріктірілген жерлерде жасаушының немесе жүк жөнелтушінің айыру белгісімен (мөрмен немесе штампымен) бекітілуі тиіс.
54. Бандерольдеу, ол жасалған материалды жыртпай жүкке тиісу мүмкін болмайтындай етіп жасалуы тиіс.
6-тарау. Жүктерді тиеу және түсіру.
Жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне
қойылатын талаптар
55. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, жүктерді автокөлік құралына тиеуді, жүктерді бекітуді, жабуды және байлауды - жүк жөнелтуші, ал жүктерді түсіруді, бекіткіштер мен жапқыштарды алуды жүк алушы жүргізуі тиіс.
56. Жүк жөнелтуші мен жүк алушы тиісінше автокөлік құралының ернеулерін және цистерналардың люктерін ашу мен жабуды, цистерналардың люктеріне шлангаларды салу мен алуды, шлангаларды бұрау мен ағытуды жүргізеді.
Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) бақылау-өткізу пункттерінде брезентті алып жүкті тексеру және тексеруден кейін жүктерді жабу, цистерналардың люктерін ашу және жабу және тағы басқа жүргізілген жағдайларда, көрсетілген операциялар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) күшімен орындалады.
57. Түсіру-тиеу жұмыстары кезінде тасымалдаушы автокөлік құралына тиеудің белгіленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктің салынуы мен бекітілуін бақылайды.
58. Егер шарттың талаптарында тиеу-түсіру жұмыстарын тасымалдаушы жүзеге асыратыны көзделген болса, соңғысы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қызметкерлердің автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауын бақылауды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген ережелерді орындамау нәтижесіндегі жазатайым оқиғаларды болдырмау шараларының қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс.
59. Жүктерді тиеу және түсіру пункттері мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
1) тиеу-түсіру және қосымша жұыстарды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес келетін штаттағы және қосымша жабдықтың болуы;
2) өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық және экологиялық нормативтердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде жүктің сақталуын және жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) кез келген ауа-райы жағдайларында автокөлік құралдарының тиеу (түсіру) орнына еркін және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін кіріс жолдарының болуы;
5) тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жарықтандыру мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған талаптарға жауап беруі тиіс;
6) механизация құралдарымен тиеу (түсіру) посттарының саны мен жабдықталуы қайта өңделетін жүктің түрі мен көлеміне сәйкес келуі және автокөлік құралдарының тиелу (түсірілу) үшін нормативтік уақыт шегінде тұруын қамтамасыз етуі тиіс;
7) қажетті құжаттардың сапалы және уақтылы ресімделуі мен өңделуін қамтамасыз етуге арналған жеке үй-жайдың болуы;
8) телефон және басқа байланыс түрлерінің болуы;
9) бақылау-өткізу пункттері, зертханалары, жөнелтілетін және келіп түсетін жүктің сапасы мен массасын анықтауға мүмкіндік беретін таразыға тарту және басқа жабдығы, сондай-ақ автокөлік құралдарының шанақтарын тез бүлінетін жүктерді түсіргеннен кейін тазарту, жуу және дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізуге арналған арнайы орындарының болуы.
60. Тиеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде жүкті, оның салмағы автокөлік құралы шанағының барлық ұзындығы бойынша біркелкі бөлінетіндей етіп, рұқсат етілген салмақтық және көлемдік параметрлерден асырмай орналастыруы тиіс.
Үйіп тасымалданатын сусымалы жүктерді тиеу кезінде жүктің беті, жүктің қозғалыс кезінде шашылуын болдырмау мақсатында автокөлік құралы ернеулерінің жоғарғы шеттерінен шықпауы тиіс. Тасымалдаушы жүк жөнелтушімен бірге сусымалы жүктердің бүркемелермен жабылуын қамтамасыз етеді.
61. Қабылдануы мен тиелуі уақыт шығынынсыз мүмкін емес ыдыссыз тасымалданатын майда даралы жүктерді (металл шыбықтар, құбырлар және тағы басқа) жүк жөнелтуші сыммен үш-бес жерден бумаларға немесе орамдарға байлап ірілеу тиеу бірліктеріне біріктіруі тиіс. Буу беріктігі шығыранның ілгегімен кез келген сым байламын көтеру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
62. Ыдыссыз ауыр жүктерде іліп алу үшін арнайы тетіктері: шығыңқы жерлер, рамалар, ілгектер, сырғалық саңылаулар және басқалар болуы тиіс.
63. Тегендерде тасымалдау кезінде жеке жүк орындары (жүк жөнелтушінің пломбасымен тасымалданатын жәшікті жабық тегендерді қоспағанда), олардың тегендегі күйін және бекітілуін бұзбай санын тексеру мүмкін болатындай жиналады.
64. Жүктер автокөлік құралында жылжып кету, құлау, есіктерге қысым түсіру, тасымалдау кезінде жүктің қажалуы немесе зақымдалуы болмайтындай етіп, сондай-ақ тиеу, түсіру кезінде және жол үстінде автокөлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ететіндей жиналуы және мықты бекітілуі тиіс.
Жүктерді шегелермен, қаусырмалармен және автокөлік құралын зақымдайтын басқа құралдармен бекітуге рұқсат етілмейді.
65. Тиеу және тасымалдау үшін қажетті құрал-жабдықтарды, қосалқы материалдарды (сандалдар, тіреулер, науалар, сым, қалқанды қоршаулар және тағы басқалар), сондай-ақ жүктерді жылы ұстау үшін қажетті құралдарды (көрпелер, төсемелер және тағы басқалар) жүк жөнелтуші беруі және қоюы, ал жүк алушы алуы тиіс.
66. Белгілі бір жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралдарды қосымша жабдықтауды және жарақтандыруды жүк жөнелтуші тасымалдаушымен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, жол полициясы органдарымен келісім бойынша ғана жүргізуі мүмкін.
67. Жүк жөнелтушіге тиесілі барлық құрал-жабдықтарды тасымалдаушы жүк алушыға жүкпен бірге береді немесе жүк жөнелтушіге оның тауар-көлік жүкқұжатында көрсетуіне сәйкес қайтарады.
68. Тасымалдаушы тиеу пункттерінде жүктің автокөлік құралдарына салынуы мен бекітілуінің жол қозғалысы қауіпсіздігі және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексереді, сондай-ақ жүк жөнелтушіге жүктің жиналуы мен бекітілуіндегі байқалған оның сақталуына қауіп төндіретін жетіспеушіліктер туралы хабарлайды. Жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша жүктің салынуы мен бекітілуінен табылған кемшіліктерді жоюы тиіс.
69. Жүк жөнелтуші мен жүк алушы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
70. Жүктерді автокөлік құралына тиеу және жүктерді түсіру мерзімдері, сондай-ақ жүктерді тиеумен және түсірумен байланысты қосымша операцияларды орындау мерзімдері шартта белгіленеді.
71. Автокөлік құралдардың тиелуге келген уақыты жүргізуші жолдама парақты тиеу пунктінде көрсеткен сәттен бастап, ал түсірілуге келген уақыты жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатын түсіру пунктінде көрсеткен сәттен бастап есептеледі.
72. Тиеу және түсіру пункттерінде (темір жол станцияларынан басқа) кіру қақпалары немесе бақылау-өткізу пункттері немесе жүктерді талдау бойынша зертханалар болған кезде автокөлік құралдың тиелуге немесе түсірілуге келген уақыты жүргізуші жүк жөнелтушіге немесе жүк алушыға жолдама парақты немесе тауар-көлік жүкқұжатын кіру қақпаларының жанында немесе бақылау-өткізу пунктінде немесе зертханада көрсеткен сәтінен бастап есептеледі.
73. Жүргізушіге тиісті түрде ресімделген тауар-көлік жүкқұжаты мен жолдама парақ, сондай-ақ тиелген немесе түсірілген жүкке арналған өзге де қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тиеу және түсіру аяқталды деп есептеледі.
74. Автокөлік құралдың қақпалардан немесе бақылау-өткізу пунктінен тиеу немесе түсіру орнына және керісінше жүрген уақыты автокөлік құралдың тиеліп немесе түсіріліп тұрған уақытын есептеу кезінде шегеріледі.
75. Автокөлік құралдары тиелуге келісілген уақыттан бұрын келген жағдайда, егер жүк жөнелтуші оларды тиеуге нақты келген сәтінен бастап қабылдамаса, автокөлік құралдары тиелуге келісілген уақытта келді деп есептеледі.
76. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) тауар-көлік жүкқұжатында және немесе жолдама парақта автокөлік құралының тиеу (түсіру) пунктіне (нен) келген (кеткен) уақытын белгілейді.
7-тарау. Тасымал құжаттарын ресімдеу
77. Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделуі тиіс, ал үйіп (бос) тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін.
Автокөлік құралдарды уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жасалады) автокөлік құралдың жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта N 4-п нысаны бойынша жазумен ресімделеді (5-қосымша).
Автокөлік құралдарды, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа N 4-с нысан бойынша жазуымен ресімделеді (6-қосымша).
Кесімді және уақыттық тарифтер бойынша жолдама парақтарды ресімдеу тәртібі осы Ереженің 86-88-тармақтарында келтірілген.
78. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тасымалдауға берілген жүкке төрт данада жасалған тауар-көлік жүкқұжатын ұсынады, ол негізгі тасымал құжаты болып табылады және ол бойынша жүк жөнелтуші осы жүкті есептен шығарады және жүк алушы оны іске жаратады.
79. Тауар-көлік жүкқұжатын толтыру осы Ереженің 80-84-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
80. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тауар-көлік жүкқұжатын жүк жөнелтуші әрбір жүк алушының атына, мынадай деректемелерді: жүк алушының атауын, жүктің атауын, тасымалданатын жүктің санын, салмағын, салмақты анықтау тәсілін (таразыға тарту, трафарет, стандарт, өлшеу бойынша), орама түрін, тиеу және түсіру тәсілін, автокөлік құралдың тиелуге берілген уақыты мен тиеліп біткен уақытын, тұрып қалған уақытын толтыру арқылы жасайды.
Тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген мағлұматтардың дұрыс еместігі, дәл еместігі немесе толық еместігі салдарынан туындаған зиянды жүк жөнелтуші (жүк алушы) өтейді.
81. Жүк жөнелтушіден жүктерді тасымалдауға қабылдау тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарында тасымалдаушының қолымен куәландырылады.
Бірінші дана жүк жөнелтушіде қалады және тасымалдауға берілген жүктерді есептен шығаруға арналады. Екінші, үшінші және төртінші даналарды жүк жөнелтуші жүргізушіге тапсырады.
Екінші дананы тасымалдаушы жүк алушыға тапсырады және алынған жүктерді іске жарату үшін пайдаланылады.
Үшінші және төртінші даналар тасымалдаушыда қалады. Үшінші дана тасымалдау есебіне тігіледі және жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) есеп айырысуға негіз болады, ал төртінші жолдама параққа тіркеледі және көліктік жұмысты есептеу үшін негіз болады.
Жүк жөнелтуші қажет кезде тауар-көлік жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып беруі мүмкін, олардың саны жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен белгіленеді.
82. Тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарына жүк жөнелтуші автокөлік құралдың келу, кету және тұру уақытын қояды, сондай-ақ тиеу тәсілін, жүктің салмағын, жүк орындарының санын, тасымалдаушы орындайтын қызметтердің түрлерін көрсетеді және тауар-көлік жүкқұжаттарын қолмен, мөрмен немесе мөртабанмен растайды.
Жүк жөнелтуші жүктің сапасын және жабдықтаушы мен сатып алушының өзара қарым-қатынастарын анықтайтын құжаттарды (сертификаттар, куәландырулар, куәліктер, рұқсаттар және тағы басқа) берген кезде, тасымалдаушы бұл құжаттарды қабылдайды және оларды жүкпен бірге жүк алушыға береді.
83. Жүкті тапсыру кезінде жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының үш данасын жүк алушыға береді, ол әрбір тауар-көлік жүкқұжатының данасында жүкті қабылдағанын өзінің қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлік жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлік құралдың келген және кеткен уақытын көрсетеді.
84. Автокөлік құралдың тиелуге (түсірілуге) келген және кеткен уақыты осы Ереженің 71-73-тармақтарына сәйкес көрсетіледі.
Жүк жөнелтуші немесе жүк алушы автомобильдің тиелуге (түсірілуге) келген және тиеу-түсіру жұмыстарының аяқталған уақытын қате көрсеткен жағдайларда, жүргізуші өзінде бар барлық тауар-көлік жүкқұжаттарына жүк жөнелтушінің (жүк алушының) өкілінің көзінше уақыттың қате қойылғаны туралы жазуы және нақты келу және кету уақытын көрсетуі тиіс.
Жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүргізушінің жазуымен келіспеген жағдайда, жүргізушінің қатысуымен, ал соңғысы акті жасаудан бас тартқан кезде, мүдделі емес тараптың екі өкілінің қатысуымен акті жасайды.
Жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының аумағында тасымалдаушының диспетчерлік пункті болған кезде, келу уақытының қате белгіленуі туралы акті жасау үшін көрсетілген пункттің диспетчері шақырылады.
85. Тасымалданатын жүктердің өлшеу актісін немесе таразыға тарту актісін жүк жөнелтуші үш данада жасайды, олардың:
1) бірінші данасы жүк жөнелтушіде қалады және тасымалдаудың орындалатын көлемдерін есептеу үшін негіз болады;
2) екінші және үшінші даналары тасымалдаушыға тапсырылады. Екінші дана тасымалдаушының жүк жөнелтушімен өзара есеп айырысуын салыстыру үшін негіз болады және есепке қоса беріледі, ал үшінші жолдама параққа қоса беріледі де, көліктік жұмыс есебі үшін негіз болады.
86. Автокөлік құралының жолдама парақтары алғашқы есептің негізгі құжаттары болып табылады, олар тауар-көлік жүкқұжатымен немесе өлшеу (таразыға тарту) актісімен бірге автокөлік құралының жұмысын есептеуге, жүктерді тасымалдау үшін есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ жүргізушіге жалақы есептеуге арналған көрсеткіштерді белгілейді.
Жолдама парақтың жыртылмалы талонын жүк жөнелтуші толтырады және тасымалдаушы жүк жөнелтушіге төлемдік талап есебін беру үшін негіз болып табылады. Жыртылмалы талон есепке қоса беріледі, ал жолдама парақ тасымалдаушыда қалады, онда жүк жөнелтушідегі (жүк алушыдағы) автокөлік құралдың жұмыс уақыты туралы бірдей жазулар қайталанады.
Жүктерді тасымалдаудың уақыттық төлемі кезінде жолдама параққа тауар-көлік құжаттарының нөмірлері жазылады, олардың бір данасы жүктің тасымалданған тонналарының мөлшерін және басқа көрсеткіштерді есептеу үшін жолдама параққа қоса беріледі.
87. Жолдама парақты толтыруды тасымалдаушы жүзеге асырады. Бұл ретте жеке деректерді сондай-ақ жүк жөнелтуші (жүк алушы) толтырады.
88. N 4-к және N 4-у нысанды жолдама парақтар жүргізушіге тасымалдаушының диспетчерінің немесе соған уәкілетті тұлғаның қолхатымен берілген күні көрсетіліп, тасымалдаушының мөртабанымен немесе мөрімен, жүргізушінің алдыңғы жұмыс күнінің жолдама парағын тапсыру шартымен бір жұмыс күніне (ауысымға, рейске) ғана беріледі.
8-тарау. Жүктің берілуі
89. Тасымалдаушы бару пунктінде жүкті тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген жүк алушыға береді. Жүк жөнелтуші жүк алушыны келесі жүктің әкелетіні туралы хабардар етеді.
Жүк алушы жүктің қабылдануын және жүк алушының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін келген автокөлік құралдарының түсірілуін қамтамасыз етеді.
90. Тасымалдаушының жүктерді бару пунктінде жүк алушыға салмағы және орындар саны бойынша беруі, жүк жөнелтушіден жүкті қабылдаған тәртіппен жүргізіледі (таразыға тарту, өлшеу, орындарды санау және т.б.).
Жарамды автокөлік құралдарда, автокөлік құралының жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушінің зақымдалмаған пломбаларымен келген жүктер жүк алушыға жүктің салмағы мен жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей беріледі.
Топырақты үйіндіге, қарды және басқа, олар бойынша қоймалық есеп жүргізілмейтін жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар шарттың талаптары бойынша жүкті жүк алушыға тапсырудан босатылуы мүмкін.
91. Темір жолдар станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан жүктерді тасу кезінде тасымалдаушылар жүктерді темір жолдар станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан қабылдауды және оларды жүк алушыларға тапсыруды тиісінше теміржол, су және әуе көлігінде қолданылып жүрген ережелер бойынша жүзеге асырады.
92. Стандартты салмағы немесе жүк жөнелтуші әрбір жүк орнында көрсеткен салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған ыдысты және майда даралы жүктер жүк алушыға бару пунктінде орындар саны бойынша өлшенбей, жүктің зақымдалған орындарының ғана салмағы мен жай-күйін тексеру арқылы беріледі.
93. Жүктің мөлшерін таразыға тарту арқылы анықтаған кезде, жүктің жүк жөнелтушілердің тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген салмағы мен жүктің нақты салмағы арасындағы айырмашылық:
1) жүк салмағының табиғи азаю нормасынан;
2) таразы көрсеткіштеріндегі айырмашылық нормасынан немесе жүкті өлшеу дәлдігі нормасынан аспауы тиіс.
94. Егер бару пунктінде жүктің салмағын, орындардың санын немесе жүктің жай-күйін тексеру кезінде жүктің жетіспеуі, бүлінуі немесе зақымдалуы байқалған болса немесе егер бұл жағдайлар жол үстінде жасалған актіде белгіленсе, тасымалдаушы жүктің нақты жетіспеу, бүліну немесе зақымдалу мөлшерін анықтайды.
95. Жүктің жетіспеуі, бүлінуі немесе зақымдалуы бойынша сараптама жүргізу қажет жағдайда, сарапшылардың жұмысын төлеу бойынша шығыстарды:
1) егер жүктің жетіспеуі, бүлінуі немесе зақымдалуы оның кінәсі бойынша болғаны расталатын болса - тасымалдаушы;
2) барлық басқа жағдайларда - жүк жөнелтуші көтереді.
Сараптама нәтижелері актімен ресімделеді. Сараптама актісіне сарапшыдан басқа, сараптама кезінде болған барлық қатысы бар тұлғалар қол қоюы тиіс.
Сарапшы келгенге дейін жүк алушы жүктің тиісті сақталуын қамтамасыз етеді.
96. Жүк алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүкті қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, жүкті жүк жөнелтуші осы Ереженің 9-тарауында белгіленген тәртіппен басқа жүк алушыға жібереді немесе жүк жөнелтушіге қайтарылады. Бұл жағдайларда жүкті екі жаққа тасымалдау құнын, сондай-ақ автокөлік құралының тұрғаны үшін айыппұлды жүк жөнелтуші төлейді. Жүк алушы жүк жөнелтушіні жүкті қабылдаудан бас тартқаны туралы хабардар етеді, тауар-көлік жүкқұжатында жүкті қабылдаудан бас тартқаны туралы белгі жасайды. Жүк алушы жүк жөнелтушінің хабарламасынан және тауар-көлік жүкқұжатында белгі қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетілген істерді тасымалдаушы жүргізеді.
97. Жүктерді темір жолдар станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан әкету кезінде жүк алушы тасымалдаушыдан өзіне жеткізілген жүкті қабылдайды. Жеткізіп берілуі шартта көзделмеген жүк келген жағдайда, жүк жөнелтуші мұндай жүкті жауапты сақтауға қабылдайды, ол туралы тауар-көлік жүкқұжатында көрсетіледі.
98. Жүкті жүк алушыға тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша тапсыру мүмкін болмаған кезде, жүк жөнелтуші тасымалдаушыға осы Ереженің 9-тарауына сәйкес жүктің жаңа бару пункті туралы нұсқау береді.
Егер тасымалдаушының жүкті жаңа баратын жеріне жеткізу мүмкіндігі болмаса, ол бұл туралы жүк жөнелтушіні хабардар етіп, бұл тасымалдан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда тасымалдаушы жүкті жүк жөнелтушіге қайтарады. Жүк жөнелтушінің қосымша тапсырмаларын орындауға байланысты шығыстарды (автокөлік құралдарының бос айдалуы мен тұруы, жүктің сақталуы және тағы басқа) жүк жөнелтуші өтейді.
9-тарау. Жүктерді басқа мекен-жайға жіберу
99. Жүк жөнелтуші жүкті, оны жүк алушыға беретін сәтке дейін басқа мекен-жайға жіберуі мүмкін. Жүк алушы жүкті тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, жүк жөнелтуші оны басқа жүк алушыға жіберуі мүмкін.
100. Жүк жөнелтушінің тасымалдаушыға жүкті басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымында мынадай деректер болуы тиіс:
1) бірінші тапсырыстың және тауар-көлік жүкқұжатының нөмірлері;
2) бастапқы бару мекен-жайы;
3) бастапқы жүк алушының атауы;
4) жаңа бару мекен-жайы;
5) жаңа жүк алушының атауы;
6) басқа мекен-жайға жіберу себептері.
Жүк жөнелтушінің басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымы жазбаша түрде ресімделуі тиіс және факсимильдік байланыспен берілуі мүмкін, егер шартта өзгеше көзделмесе.
101. Жүк жөнелтушінің жүктерді басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымы бір тауар-көлік жүкқұжаты бойынша бара жатқан барлық жүк жөнелтіміне ғана қолданылады.
102. Егер жүк жөнелтушінің жүктерді басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымын орындау мүмкін болмаса, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда тасымалдаушы жүкті жүк жөнелтушіге қайтарады. Жүкті басқа мекен-жайға жіберуге байланысты барлық қосымша шығыстарды жүк жөнелтуші көтереді.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің басқа мекен-жайға жіберу туралы тасымалдау ақысын ұлғайтатын ұйғарымын орындауға қабылдаған кезде, жүк жөнелтуші қосымша алып жүру ақысын енгізеді және тасымалдаушының басқа мекен-жайға жіберуге байланысты барлық шығыстарын өтейді.
103. Жүкті басқа мекен-жайға жіберу кезінде тауар-көлік жүкқұжатында "басқа мекен-жайға жіберу" деген бағанада басқа мекен-жайға жіберу туралы ұйғарымға сәйкес жаңа жүк алушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі. Тауар-көлік жүкқұжатына енгізілген өзгерістер жүк жөнелтушінің қолымен және(немесе) оның мөрімен (мөртабанымен) расталады.
104. Жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартқан және жүк жөнелтушіден басқа мекен-жайға жіберу туралы нұсқау алу мүмкін емес жағдайда тасымалдаушы:
1) жүк жөнелтушінің нұсқауын алғанға дейін жүктің нақты тұрған пунктінде немесе жақынырақ пунктте жүкті сақтауға тапсыруы, ал меншікті қоймалық үй-жайлары болған кезде жүкті сақтауға қабылдауы;
2) егер жүктер өз сипаты бойынша мерзімді іске асыруды қажет ететін болса, басқа ұйымға беруі;
жүкті жүк жөнелтушіге қайтаруы мүмкін.
10-тарау. Жүктерді жеткізу мерзімі.
Жүктерді бөгеу
105. Егер автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушылар жүктерді баратын жеріне мынадай мерзімдерде жеткізеді:
1) 250 километрді (км) қоса санап, 250 километрге дейін - бір тәулік;
2) 250 км-ден асқанда әрбір толық немесе толық емес 250 км-ге жарты тәулік қосылады.
106. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктерді жеткізу мерзімдері жүктерді тасымалдауға қабылдаған тәуліктің 24-00 сағатынан бастап есептеледі.
107. Жеткізу мерзімдері:
1) жүктерді өзен арқылы кемелермен және паромдармен өткелмен тасымалдау кезінде - бір тәулікке;
2) жүктерді тау жолдары бойынша тасымалдау кезінде - 30 пайызға (%);
3) жол үстінде ветеринарлық немесе өзге де бақылауды орындау үшін кідірген кезде - кідірістің барлық уақытына қосымша ұлғайтылады.
108. Осы Ереженің 105-107-тармақтарында көрсетілген мерзімдер тасымалдау мерзімдері осы Ереженің 13-тарауының 189-тармағында белгіленген тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға қолданылмайды.
109. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) шарттың талаптарын орындамаған кезде, тасымалдаушы тасымалдауға ұсынылған жүкті жүк жөнелтуші (жүк алушы) қарыз соманы төлегенге дейін кідіртуі мүмкін. Бұл ретте жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалдаушыға жүкті кідіртуге байланысты шығыстарды (сақтау, тасымалдау және тағы басқа) өтейді.
11-тарау. Актілер жасау тәртібі
110. Жүктердің автомобиль тасымалдары кезінде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасындағы мүліктік даулар үшін негіз болатын жағдайлар тауар-көлік жүкқұжатындағы және (немесе) жолдама парақтағы жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және тасымалдаушының жазуларымен куәландырылады.
111. Тауар-көлік жүкқұжатында мынадай жағдайлар куәландырылуы тиіс:
1) жүктердің бүлінуі немесе зақымдалуы;
2) жүктің нақты атауы, салмағы және орындарының саны мен тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген мәліметтердің арасындағы сәйкессіздік;
3) автокөлік құралдың шанағындағы немесе секциясындағы немесе контейнердегі пломбалардың бұзылуы немесе болмауы;
4) тасымалдаушының жүктің осы түрін тасымалдау үшін жарамсыз немесе санитарлық талаптарға жауап бермейтін автокөлік құралдарды беруі;
5) тиеу және түсіру пункттерінде автокөлік құралдарының белгіленген уақыт нормаларынан артық тұруы;
6) заңнамаға сәйкес тараптардың мүліктік жауапкершілігі үшін негіз болатын басқа жағдайлар.
112. Осы Ереженің 111-тармағында көрсетілген тауар-көлік жүкқұжаттарындағы жазулар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және жүргізушінің қолдарымен расталуы тиіс. Жүк жөнелтушінің (жүк алушының), сондай-ақ жүргізушінің тауар-көлік жүкқұжаттарындағы біржақты жазулары, осы Ереженің 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарамсыз болып табылады.
113. Тасымалдаушы (жүргізуші) мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, мүліктік даулардың туындауына негіз болып табылуы мүмкін жағдайлар 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актілермен ресімделеді. Актілер сонымен қатар тауар-көлік жүкқұжаттарында жасалуы мүмкін емес жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттау қажет жағдайларда жасалуы мүмкін.
114. Актінің мазмұнымен келіспеген кезде, әрбір тарап оған өзінің пікірін жазуы мүмкін.
Жүк жетіспеген, бұзылған немесе зақымдалған жағдайларда акті жасаудан немесе тауар-көлік жүкқұжаттарына жазу енгізуден бас тарту кезінде, акті мүдделі емес тұлғалардың немесе мүдделі емес ұйым өкілінің қатысуымен жасалады.
Актінің жасалғаны туралы тауар-көлік құжаттарында белгі жасалуы тиіс.
115. Жүк автокөлік құралдарда, автокөлік құралдардың секцияларында, контейнерлерде, цистерналарда жүк жөнелтушілердің пломбаларымен келген жағдайларда, актіде көрсетілген пломбалардың жай-күйі, олардың деректемелері ескерілуі, ал пломбалардың өздері талап-тілек материалдарына қоса берілуі тиіс.
2-бөлім. Жүктердің жеке түрлерін тасымалдау 12-тарау. Азық-түлік тауарларын тасымалдау тәртібі &1. Жалпы ережелер
116. Тасымалдаушы экспедиторлық қызметтерді орындаған кезде, оларды орындау шарттары жүктердің автомобиль тасымалы арналған шартын жасасу кезінде ескеріледі.
117. Азық-түлік тауарларын тасымалдау үшін мамандандырылған автокөлік құралдар бөлінуі тиіс, оларды басқа мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Автокөлік құралдары техникалық жарамды, таза, бөтен иіссіз
болуы тиіс.
118. Тамақ тағамдарын, материалдарын және өнімдерін тасымалдау үшін арнайы мақсатталған және (немесе) осындай мақсаттар үшін жабдықталған, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары белгіленген тәртіппен берген санитарлық паспорты бар автокөлік құралдары пайдаланылады.
119. Азық-түлік тауарларын тасымалдау кезінде экспедиторлық қызметтер көрсеткен кезде жүргізушінің жеке медициналық кітапшасы болуы, жыл сайын медициналық тексеруден өтуі, жеке гигиена ережелерін сақтауы қажет.
120. Тасымалдау кезінде тамақ өнімдерімен қарым-қатынаста болатын тұлғаларды жүк жөнелтуші таза санитарлық киіммен қамтамасыз етуі тиіс.
121. Азық-түлік тауарларын тасымалдау үшін авторефрижераторлар, изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдер және басқа мамандандырылған автомобильдер пайдаланылады .
Автокөлік құралдарының үлгісін таңдау тасымалданатын жүктің түріне, сыртқы ауаның температурасына және тасымалдау ұзақтығына байланысты.
122. Ернеулі платформасы бар жүк автомобильдермен азық-түлік тауарларын тасымалдауға жүк үстінен және бүйірлерінен күннен, жауын-шашыннан және шаңнан қорғауға арналған таза бүркемемен жабылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бүркеме кірлеу шамасына қарай содалы ыстық сумен өңдеуден өтуі және кептірілуі тиіс.
123. Азық-түлік тауарларын тиеу және түсіру жаңбырдан және қардан қорғау үшін қалқа астында жүргізілуі тиіс. Азық-түлік тауарлары бар ыдысты тікелей жерге, қарға, кір және дымқыл төсемелер мен платформаларға қоюға рұқсат етілмейді.
124. Мамандандырылған автомобиль-фургонның шанағы мырышталған темірмен немесе табақ алюминиймен қапталуы және "АЗЫҚ-ТҮЛІК" немесе "НАН", "СҮТ" және басқалар деп тағамның нақты атауы көрсетілген анық жазуы болуы тиіс.
125. Кері қайтарылатын ыдыс жүк алушылардан таза түрде қабылдануы тиіс. Ол тағам өнеркәсібі ұйымдарында қосымша санитарлық өңдеуден өтеді.
Дайын азық-түлік өнімге арналған ыдыс таза, құрғақ, берік және бөтен иіссіз болуы тиіс.
126. Тиеу кезінде санитарлық ережелердің сақталуын бақылауды - жүк жөнелтуші, ал түсіру кезінде жүк алушы жүзеге асырады.
Егер азық-түлік тауарларын сауда ұйымы өзіне тиесілі автокөлік құралдарына тиейтін болса, онда сауда ұйымының әкімшілігі автокөлік құралдарының тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз етуі тиіс.
127. Азық-түлік тауарларын тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының шанақтарын санитарлық өңдеуді, егер жүктің автомобиль тасымалы шартында өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтуші жүзеге асырады.
128. Қайтарылатын ыдысты тасымалдау шарттары жүктерді автомобильмен тасымалдауға шарт жасасу кезінде ескеріледі.
&2. Нан және нан-тоқаш өнімдерін
тасымалдау ерекшеліктері
129. Нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
130. Жүк жөнелтуші нан және нан-тоқаш өнімдерін пештен алынғаннан кейін белгіленген мерзімдер бойы ұстап, тасымалдауға ұсынады.
131. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтуші тиеу кезінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) науаларды нан және нан-тоқаш өнімдерінің стандартты санымен толтыру;
2) қалыптық нанды бір қатарға биіктігі бойынша бүйір немесе астыңғы қабығымен қою;
3) таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін (батондар, өрме нан, бөлкелер және басқалар) бір қатарға биіктігі бойынша астыңғы немесе бүйір қабығымен науаның бүйір немесе артқы қабырғасына қиғаштап қою;
4) салмағы 200-ді қоса санағанда, 200 граммға (бұдан әрі - г) дейінгі таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін бір-екі қатарға биіктігі бойынша қою.
132. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің бір рет әкелу нормалары автомобильмен жүкті тасымалдау шартында белгіленеді.
133. Тасымалдаушылар нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау үшін науаларды қоюға арналған бағыттауыштармен жабдықталған мамандандырылған автомобиль-фургондар немесе нан және нан-тоқаш өнімдерін контейнерлерде тасымалдау үшін лайықталған автомобильдер бөледі.
134. Нан және нан-тоқаш өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған науалардың атауы мен саны бойынша әрбір науадағы өнімнің санын есептемей жүзеге асырады.
135. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тиеу мен бос науаларды түсіруді жүк - жөнелтуші, ал нан және нан-тоқаш өнімдерін түсіру мен бос науаларды тиеуді жүк алушы жүргізеді, егер шартта өзгеше көзделмесе.
136. Нан және нан-тоқаш өнімдері түсірілгеннен кейін жүк алушы науаларды нанның қоқымдарынан, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерінің жеке сұрыптарын тасымалдау кезінде төселетін қағаздан тазартады.
137. Жүк алушы бос науалардың мамандандырылған автомобиль-фургонға өзіне жеткізілген толтырылған науалар саны бойынша тиелуін қамтамасыз етеді.
138. Мамандандырылған автомобиль шанағының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет кезде тасымалдаушы шанақтағы науаларды жүк жөнелтушіге тапсырады.
139. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдауға арналған науалар жүк жөнелтушінің мүккамал ыдысы болып табылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, науаларды санитарлық өңдеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.
&3. Торттарды, пирожныйларды және басқа кремді
өнімдерді тасымалдау ерекшеліктері
140. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар торттарды, пирожныйларды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Торттарды, пирожныйларды және басқа кремді өнімдерді тамақтық емес өнімдермен, сондай-ақ өзіне тән өткір иісі бар тағамдармен және жаңа піскен нанмен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.
141. Жүк жөнелтуші торттарды тасымалдауға клеенка таспамен байланған қатырма қораптармен ұсынады. Қораптар шанақта, шанақтың биіктігі бойынша бірнеше қатар етіп қаланады. Майда даралы өнімдер (пирожныйлар және басқалар) биіктігі бойынша бір қатармен, қақпақпен жабылатын металл науаларға салынады.
142. Жүк жөнелтуші кондитерлік және кремді өнімдерді тасымалдауға Цельсий (бұдан әрі - 0 С) бойынша 0-ден плюс 6 градусқа дейінгі температурамен ұсынады.
143. Тасымалдаушылар торттарды, пирожныйларды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау үшін изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдерді немесе мамандандырылған автомобиль-фургондарды бөледі.
144. Кремді өнімдерді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қораптардың атауы мен саны немесе стандартты толтырылған науалар бойынша жүзеге асырады.
Науа жартылай толтырылған кезде, майда даралы өнімдерді қабылдау және тапсыру өнімдерді санау бойынша жүзеге асырылады.
145. Кремді өнімдерді тиеу және түсіру соқпай және оқыс шайқамай, абайлап жүргізілуі тиіс.
146. Егер шартта өзгеше көзделмесе, автокөлік құралының шанағын және науаларды санитарлық өңдеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.
&4. Етті, сорпа өнімдерін және жартылай дайын
ет өнімдерін тасымалдау ерекшеліктері
147. Жануарлардың етін автокөлік құралдарымен аудан сыртына тасымалдауға қатырылған, тоңазытылған немесе суыған күйде (6 сағат бойы кебу қабыршағы пайда болғанша суытудан өткен) рұқсат етіледі.
148. Жаңа сойылған немесе жібіп кеткен (жібітуден өткен) ет тасымалданбайды.
149. Автокөлік құралдары, соның ішінде мамандандырылған автокөлік құралдары - ет тасымалдауға арналған рефрижераторлар тиісті түрде жабдықталуы тиіс.
150. Мамандандырылған емес автокөлік құралдарымен суыған және тоңазытылған етті тасымалдау іші ақ қаңылтырмен немесе мырышталған темірмен немесе осы мақсат үшін рұқсат етілген басқа материалмен қапталған, тығыз жабылатын қақпақты арнайы сусектермен (жәшіктермен) жүргізіледі.
151. Суыған және тоңазытылған етті жақын қашықтықтарға, бір ғана елді мекеннің шегінде тасымалдау кезінде оны үйіп, бірақ ең көбі екі қабаттап тиеуге рұқсат етіледі. Бұл ретте автокөлік шанағының едені жуылуы, таза кенеп, содан соң таза жаймалар төселуі тиіс. Еттің үсті сондай-ақ таза жаймалармен, ал содан соң кенеппен жабылуы тиіс.
Ашық шанақты автокөлік құралдарымен тасымалданатын мұздатылған етті қатарлап қалауға рұқсат етіледі, ол да жоғарыда көрсетілгендей таза жаймалармен жабылуы тиіс.
Құс еттері жәшіктерге салынуы тиіс.
152. Жүк тиеуші жұмысшылар немесе басқа тұлғалар, тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге шанақта болмауы тиіс, бұл үшін автокөлік құралының шанағында адамдарға арналған арнайы орын жабдықталған жағдайларды қоспағанда.
153. Ет тасымалдауға төмендегідей шарттар сақталғанда қабылданады:
1) тұтас еттер белгіленген талаптарға сәйкес бөлшектенуі (ірі қара мал мен басқа ірі жануарлардың ұшасы - төрт бөлікке, шошқалардың ұшалары - ұзынабойымен жартылай ұшаға немесе бүтін ұшамен, қой еті мен басқа ұсақ жануарлардың еті - бүтін ұшалармен), бассыз болуы тиіс;
2) ұшаларда механикалық зақымданулар, қанды сүйелдер, соғылған жерлер, қанның іздері, тезек және т.б., сондай-ақ мойын бөлігінде, ішкі және сыртқы беттерде жалбыршақтар, ішкі органдардың қалдықтары болмауы тиіс;
3) мұзға немесе қарға оранған қатырылған ұшаларды тасымалдауға, сондай-ақ қатырылған, тоңазытылған немесе суыған етті бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді;
4) қатырылған ет топтамаларын пергаментке немесе басқа осы мақсат үшін қолданылатын материалға орап және тиісті ыдысқа салып тасымалдауға рұқсат етіледі;
5) әрбір ет ұшасында және жеке бөліктерде ветеринарлық-санитарлық тексерудің белгіленген нысандағы айқын таңбасы болуы тиіс.
154. Етті шанақтарына мұнай өнімдері, басқа да иісті заттар сіңген (ластаған) автокөлік құралдарымен немесе өзіне тән өткір иісі бар басқа өнімдермен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.
155. Жүк жөнелтуші тасымалдауға, егер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары өзге температуралық режимдерді белгілемесе осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген температураға дейін тоңазытылған етті, сорпа өнімдерін және жартылай дайын ет тағамдарын ұсынады. Жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында тасымалдауға берілетін тоңазытылған еттің, сорпа өнімдерінің және жартылай дайын ет тағамдарының температурасын белгілейді.
156. Етті, сорпа өнімдерін және жартылай дайын ет өнімдерін тиеу, егер шартта өзгеше көзделмесе автокөлік құралының шанағында суытылған және қатырылған етті ілгектерге ілуді қоса алғанда - жүк жөнелтушінің, ал түсіру - жүк алушының күштерімен және құралдарымен жүргізілуі тиіс.
157. Тоңазытылған еттерді, сорпа өнімдерді, жартылай дайын ыдыстағы ет өнімдерін жүк жөнелтуші автокөлік құралына тығыз қабатпен қалайды.
Тұтас тоңазытылған және қатырылған ет ілгектерге ілінеді.
158. Таңбаланған салмағы бар етті, сорпа өнімдерін және ыдыстағы жартылай дайын ет өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қайтадан өлшемей жүк орындарының саны бойынша; топталған, тұтас және жартылай тұтас еттерді, сорпа өнімдерін қабылдау мен тапсыруды - орындар саны және салмағы бойынша; шұжық өнімдерін, қақталған еттерді, жартылай дайын ет тағамдарын қабылдау мен тапсыруды, жүк жөнелтушінің пломбасы бар ыдыспен жүзеге асырады.
159. Етті, сорпа өнімдерін және жартылай дайын ет тағамдарын бір жүк алушының мекен-жайына тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралының шанақтарының, жеке секцияларының, контейнерлердің немесе арнайы ыдыстардың пломбалануын қамтамасыз етеді.
160. Жүк алушының кері ұсынған бос мүккамал ыдысты, тасымалдаушы келісілген тарифтер бойынша жүк жөнелтушіге жеткізеді .
161. Ет, сорпа өнімдерін және жартылай дайын ет тағамдарын дайын ет өнімдерімен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді. Дайын ет өнімдері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен материалдардан жасалған таза ыдыспен тасымалданады. Мұндай тағамдарды ыдыссыз үйіп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
162. Күн сайын, ет сорпа өнімдерін және жартылай дайын ет тағамдарын тасымалдау аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары санитарлық өңдеуден өткізіледі, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны тасымалдаушы жүзеге асырады.
&5. Сүт және сүт тағамдарын тасымалдау
ерекшеліктері
163. Сүт және сүт тағамдарын (кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран және тағы басқа) тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
164. Сүт ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады.
Сүт тағамдары ыдысты тәсілмен тасымалданады.
Тасымалдаушылар сүт және сүт тағамдарының ыдысты тасымалы үшін тасымалдау ұзақтығын, ыдыс түрін және сыртқы ауа температурасын ескере отырып, мамандандырылған автокөлік құралдарын бөледі.
165. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға мынадай ыдыспен:
1) сүтті - металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшіктерге салынған шишалармен немесе пакеттермен;
2) өлшеніп оралмаған сүт тағамдарын - металл, пластмасса себеттермен, металл жәшіктермен;
3) өлшеніп оралған сүт тағамдарын - металл флягалармен және ағаш кеспектермен ұсынады.
166. Жәшіктер мен себеттердің бүйір қабырғалары шишалардың немесе басқа тұтыну ыдысының мойнынан жоғары болуы тиіс.
Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, ірімшік және басқа сүт тағамдары тасымалдауға жүк жөнелтушінің пломбасымен ұсынылады.
Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтуші резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады.
167. Сүтті және сүт тағамдарының түр-түрін бірнеше жүк алушының мекен-жайына тасымалдауға бір автокөлік құралмен ұсыну кезінде жүк жөнелтуші алдын ала, автокөлік құралы келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топтайды және тиеуді бір постта жүзеге асырады.
168. Жүк алушы бос мүккамал ыдысты қайтып береді, ал тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жеткізеді.
169. Жүк жөнелтуші сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау үшін Тернердің 19 градусынан аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттің температурасы (сәуір - қыркүйек) кезеңінде - плюс
6 0 С аспауы, ал жылдың қалған мезгілінде плюс 2 0 С төмен болмауы тиіс.
Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттің температурасы 8 0 С аспауы тиіс.
Сүттің температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.
170. Ыдыстағы сүтті және сүт тағамдарын жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы флягалардың, кеспектердің, сондай-ақ стандартты түрде толтырылған жәшіктер мен себеттердің саны бойынша жүзеге асырады.
Сүтті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.
171. Сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші:
1) цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды;
2) тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды;
3) цистернаны толтыруды;
4) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларын пломбалауды жүргізеді.
172. Жүк алушы:
1) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларында жүк жөнелтушінің пломбаларының болуы мен жарамдылығын тексеруді;
2) пломбаларды алуды;
3) сүтті құйып алғаннан кейін цистернаны ішкі және сыртқы жағынан жууды және дезинфекциялауды;
4) цистернаның люктерін пломбалауды;
5) жолдама парақта немесе санитарлық өңдеу паспортында санитарлық өңдеу жүргізу уақытын белгілеуді;
6) қысқы мезгілде құйып алу шүмектері мен құбырларын ыстық сумен және бумен қыздыруды жүргізеді.
&6. Ұнды және жарманы тасымалдау ерекшеліктері
173. Ұн мен жарманы тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар ұнға жауын-шашынның тиюіне жол бермей, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Ұнды және жарманы тұрақты иісі бар немесе беті ластанған жүктермен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.
174. Ұн ыдыссыз тәсілмен - мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен ернеулі платформасы бар автокөлік құралдармен немесе автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады.
Жарма ыдысты тәсілмен тасымалданады.
175. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Автокөлік құралын пломбалауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
176. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші:
1) автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен таразыға тартуды;
2) цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды және тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды;
3) цистернаны толтыруды;
4) тиегеннен кейін тиелген люктерді және түсіру құбырларын пломбалауды жүргізуі тиіс.
177. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк алушы:
1) автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен таразыға тартуды;
2) толтыру люктері мен түсіру құбырларында пломбалардың болуын тексеруді, түсіру құбырларынан пломбаларды алуды;
3) түсіру жеңдерін цистернаға жалғауды, ағытуды және түсіру пунктінде орнатылған өз сығымдағышының сығылған ауасымен ұнды шығаруды;
4) түсіруден кейін түсіру құбырларын пломбалауды;
5) цистернаның сыртқы бетін тазартуды жүргізеді.
178. Жүк алушыда ұнды түсіру кезінде жүргізуші сығымдағышты қосуы және түсіру шүмегін ашуы, ал түсіргеннен кейін сығымдағышты сөндіруі және түсіру шүмегін жабуы тиіс.
179. Ыдыстағы ұнды және жарманы жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және өлшемей, орындардың стандартты салмағы бойынша жүзеге асырады.
&7. Шарапты, ликер-арақ өнімдерін, сыраны және
алкогольсыз сусындарды тасымалдау ерекшеліктері
180. Шарап, ликер-арақ өнімдері, сыра және алкогольсыз сусындар ыдыссыз тәсілмен - мамандандырылған автомобиль-цистерналармен және ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен, ернеулі платформасы бар автокөлік құралдармен, сондай-ақ контейнерлермен тасымалданады.
181. Шыны және керамикалық шишаларды, банкаларды және тағы басқаны жүк жөнелтуші ағаш және полиэтилен жәшіктерге және қатырма ыдысқа салады.
182. Жүк жөнелтуші жәшіктер мен кеспектерді автомобильдің шанағында тығыз, аралықсыз орналастырады.
Толық толтырылмаған шанақтағы жәшіктер мен кеспектер жылжып кетпеу үшін тіреулермен бекітілуі тиіс, кеспектерді бірнеше қатарға орналастыру кезінде, әрбір келесі қатар тақтай төсемелерге, барлық шеткі қатарларды сыналау арқылы қалануы тиіс. Сыналар орнына басқа құрал-жабдықтарды қолдануға рұқсат етілмейді. Жүк жөнелтуші жүкті, егер ол шанақтың ернеулерінен жоғары орналасса, байлауы тиіс.
183. Жүк жөнелтуші тиеу алаңшаларын эстакадалармен және рампалармен жабдықтауы тиіс.
184. Ыдыстағы шарапты, ликер-арақ өнімдерін, сыраны және алкогольсыз сусындарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар кеспектердің, стандартты түрде толтырылған жәшіктердің саны бойынша, ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырады.
185. Толтыру алдында жүк жөнелтуші цистернаның тазалығы мен онда иістің болмауын, люктердің жабылу тығыздығын және пломбалауға арналған құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексеруі тиіс.
13-тарау. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау
186. Тез бүлінетін азық-түлік тағамдарын тасымалдау үшін тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық төлқұжаттары бар мамандандырылған автокөлік құралдарын (суықсыз изотермиялық шанақтар, салқындататын шанақтар, рефрижератор) пайдалануы тиіс.
187. Тез бүлінетін жүктердің тізбесін және оларды тасымалдау температуралық режимін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгілейді.
188. Автокөлік құралына тез бүлінетін жүктерді тиеу және түсіру, бекіту және жабу жүк жөнелтушінің (жүк алушының) күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Жүк жөнелтуші санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес тез бүлінетін жүктердің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауы тиіс.
189. Жылдың жылы мезгілінде тез бүлінетін жүктерді тасымалдау плюс 6 0 С аспайтын температурада:
1) салқындататын шанақтары бар мамандандырылған автокөлік құралында ең көбі алты сағат;
2) суықсыз изотермиялық шанақтарда ең көбі бір сағат жүргізіледі.
190. Егер жүк алушы белгіленген мерзімдерде келген жүктің түсірілуін қамтамасыз етпесе немесе бару пунктін өзгертсе, онда автокөлік құралдың бару пунктінде тұрып қалу немесе бару пунктінің өзгеру салдарынан жеткізу мерзімінің ұзару себебінен туындаған, жүк сапасының төмендеуіне байланысты шығындар жүк алушының есебіне жатады.
191. Жүк жөнелтуші өзі ресімдеген тауар-көлік жүкқұжатымен бірге жүктердің осындай түрін тасымалдау үшін қажетті құжаттарды, оларда жүктің тиеу алдындағы нақты температурасын, сондай-ақ жүктер мен ораманың сапалық жай-күйін көрсетіп ұсынады. Көкөністер мен жемістерді тасымалдау кезінде сонымен қатар помологиялық сұрыптардың атауы көрсетіледі.
192. Жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында тасымалдауға ұсынылатын тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудың шектік ұзақтығын (тасымалдылығын) көрсетеді. Егер жүк жөнелтуші тасымалдау құжаттарында шектік тасымалдылықты көрсетпесе, сондай-ақ егер шектік тасымалдылық заңнамада белгіленген жеткізу мерзімінен аз болса, тез бүлінетін жүктер тасымалдауға қабылданбайды.
193. Жүк жөнелтуші тез бүлінетін жүктерді тиеу алдында автокөлік құралдарының тасымалдауға жарамдылығына көз жеткізеді, сондай-ақ тез бүлінетін жүктерді тиеу кезінде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын, тез бүлінетін жүктің автокөлік құралының шанағына салыну дұрыстығын және тасымалданатын алдын ала салқындатылмаған тез бүлінетін жүктер сапасының сақталуын қамтамасыз етеді. Жүк жөнелтуші толтырылған мамандандырылған автөкөлік құралдарды пломбалауды жүргізеді.
194. Тасымалдаушы тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін ұсынатын мамандандырылған автокөлік құралдары техникалық жағынан жарамды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына жауап беруі және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудың тиісті температуралық режимдерін қамтамасыз етуі тиіс.
Тасымалдаушы рефрижератор қондырғысының жарамдылығын, тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлік құралдарының санитарлық жай-күйінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
195. Тасымалдаушы тез бүлінетін жүктерді қалааралық қатынасында тасымалдаудың нақты қашықтығы мен 600 км-ге тең орташа тәуліктік жүріс бойынша есептелген мерзімдерде жеткізеді.
Жүктерді жеткізу мерзімдері тиеу аяқталған және құжаттар ресімделген сәттен бастап жүк алушыға автокөлік құралдар келген сәтке дейін есептеледі. Жүктерді жеткізу мерзімдерін тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.
196. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін босаған мамандандырылған автокөлік құралдарын жүк алушы жүктің қалдықтарынан тазартуы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жууы және дезинфекциялауы тиіс.
197. Ет өнімдері, сондай-ақ шикі мал өнімдері тасымалдауға ветеринарлық-санитарлық қадағалау органдары берген ветеринарлық куәліктер болған кезде ғана қабылданады.
198. Тез бүлінетін жүктердің тиеу алдындағы температурасын және тиелуге келген автокөлік құралы-рефрижератор шанағындағы температураны, сондай-ақ жүк алушының мекен-жайына келген автокөлік құралы-рефрижератор шанағындағы температураны жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар 12-қосымшаға сәйкес Жүктердің температурасын және автокөлік құралы-рефрижератор шанағындағы ауаны бақылау тексеру парағында және тауар-көлік жүкқұжатында тиісінше белгілеуі тиіс.
199. Тез бүлінетін жүктерді одан әрі тасымалдау рефрижератор қондырғысының сынуынан, автокөлік құралының басқа техникалық ақаулықтары салдарынан мүмкін емес немесе тасымалданатын жүктің бүлінуінің сыртқы белгілері (ағу және басқалар) болған жағдайларда, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіні дереу хабардар етуі тиіс.
200. Егер тез бүлінетін жүкті жүк алушыға тапсыру осы Ереженің 190-тармағында көрсетілген себеп бойынша мүмкін болмаса, ал жүк жөнелтуші жаңа жүк алушы туралы нұсқау бермесе, тасымалдаушы жүкті белгіленген тәртіппен іске асыру үшін басқа ұйымға беруі мүмкін.
Жүкті тасымалдаудан алу және (немесе) оны іске асыру үшін белгіленген тәртіппен жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысы негіз болып табылады.
201. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бойынша тез бүлінетін жүк іске асыруға жарамды деп танылған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіні хабардар етуі және соңғысымен жүктің құнын келісіп, жүкті сауда желісі арқылы іске асыруы тиіс.
202. Егер тасымалданатын тез бүлінетін жүктің бүлінуі автокөлік құралының техникалық ақаулықтары салдарынан болса, жүк жөнелтуші тасымалдаушыдан, жүкті іске асырудан алынған соманы шегере отырып келтірілген залалды өтеуді талап етуі мүмкін. Егер тез бүлінетін жүктің бүлінуі жүк жөнелтушінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан басталған жағдайда, тасымалдаушы тез бүлінетін жүкті іске асырудан алынған сомадан өзіне тиісті соманы алып жүру ақысы ретінде ұстап қалады, ал ол жетпеген кезде жүк жөнелтушіден жүкті тасымалдауға, тиісті сараптама жүргізуге және іске асыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге байланысты шығыстарды өтеуді талап етуі мүмкін.
203. Егер тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың талаптарынан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін жоғалтуға әкелетін ауытқулар жіберілген болса, онда мұндай тез бүлінетін жүктер іске асырылуға жатпайды, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі және оның нәтижелеріне сәйкес олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаға асырылады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе, пайдаға асыруды тасымалдаушы кінәлі тараптың есебінен жүргізеді.
14-тарау. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау
204. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар жүктерге жауын-шашын, кір және шаң тиюіне жол бермей, олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Өнеркәсіп тауарларын тұрақты иісі бар немесе беті ластанған жүкпен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
205. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдауға арналған автокөлік құралдармен қоқыс, көмір, керосин, цемент және басқа осыларға ұқсас жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.
206. Түрлі номенклатуралы өнеркәсіп тауарларын бір автокөлік құралмен бір немесе бірнеше жүк алушының мекен-жайына тасымалдау кезінде, жүк жөнелтуші автокөлік құралдар келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топ-топқа бөлуі және тиеуді бір тиеу постынан жүзеге асыруы тиіс.
207. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау үшін тасымалдаушылар автокөлік құралы-фургондар, ал олар болмаған кезде ернеулі платформасы бар автокөлік құралдар бөледі.
208. Өнеркәсіп тауарларын жүк жөнелтуші ыдыспен немесе орамамен ұсынады.
Өнеркәсіп тауарларын тасымалдауға орамасыз беруге, егер бұл тасымалдау шартында ескерілсе, рұқсат етіледі.
Өнеркәсіп тауарларының буылып-түйілуі және таңбалануы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
209. Жүк жөнелтуші тасымалдауға ұсынатын өнеркәсіп тауарлары қораптарға, пакеттерге, байламдарға, теңдерге, бумаларға буылып-түйіледі, олардың қораптың, пакеттің, байламның, теңнің, буманың сақталуын қамтамасыз ететін және байлануын немесе орамасын бұзбай жүкке қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын байлауы болуы тиіс.
210. Майда даралы өнеркәсіп тауарлары бар жәшіктерді, қораптарды тасымалдауға жүк жөнелтуші бандерольдеп (мөрлеп) беруі тиіс. Бандерольдеу жүргізілетін материалдар (қағаз таспа, тоқыма бау және басқалар) түйіндерсіз және жалғанбаған бір тұтас болуы және біріктірілген жерлерінде жасаушының немесе жүк жөнелтушінің мөрімен (мөртабанымен), қораптың екі бөлігін біріктіретін этикетка желімдеп бекітілуі тиіс.
Бандероль материалды (қағаз таспаны, тоқыма бауды және басқаларды) жыртпай жүкке қол жеткізу мүмкін болмайтындай жасалуы тиіс.
211. Рулондармен тасымалдауға ұсынылатын өнеркәсіп тауарларын (маталар, кілем бұйымдары және басқалар) жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс.
212. Ыдыстағы өнеркәсіп тауарларын жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүктің атауы, саны және жүк орындарының стандартты салмағы немесе жүк орындарында көрсетілген салмақ бойынша жүзеге асырады.
Автомобиль фургонмен бір жүк алушының мекен-жайына тасымалданатын өнеркәсіп тауарларын қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.
15-тарау. Өсімдік шаруашылығы өнімін тасымалдау &1. Жалпы ережелер
213. Астықты қырман шаруашылығына және (немесе) астық қабылдау кәсіпорындарға, сүрлем массасын егіс даласынан сүрлем салу орындарына, картоп пен көкөністерді көкөніс қоймаларына немесе өткізу орындарына тасымалдау, тасымалдаушылар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - аталған ауылшаруашылық өнімдерінің иелері (бұдан әрі - ауылшаруашылық иелері) арасында жасалған жүктерді автомобильмен тасымалдау шарттардың негізінде, ал қант қызылшасын, картопты және көкөністерді қабылдау пункттеріне тасымалдау - тасымалдаушылар мен тиісті ауылшаруашылық өнімдерді қабылдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында жасалған жүктерді автомобильмен тасымалдау шарттардың негізінде жүргізіледі .
214. Астық, сүрлем массасы және қант қызылшасы ыдыссыз тәсілмен ернеулі автокөлік құралдармен және (немесе) өзіаударғыш - автокөлік құралдармен тасымалданады.
Картоп, бақша дақылдары, қырыққабат және тамыр жемістер жаппай жинау кезеңінде ыдыссыз тәсілмен ернеулі автокөлік құралдармен және (немесе) өзіаударғыш - автокөлік құралдармен, сондай-ақ ернеулі автокөлік құралдардағы мамандандырылған жәшік ыдыс пен мамандандырылған көкөніс контейнерлерінде тасымалдануы мүмкін.
Ерте пісетін көкөністер, сондай-ақ қызанақтар, қиярлар, бұрыш, баклажандар және басқа көкөністер, әдетте, стандартты ағаш ыдыста тасымалданады.
215. Астық, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картоп және көкөністер тасымалдауға ауылшаруашылық ұйымдары тасымалдаушыға белгіленген нысан бойынша тауар-көлік жүкқұжатын беруі тиіс.
Астықты, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картопты және көкөністерді қабылдау мен тапсыруды тасымалдаушы салмақ бойынша жүзеге асырады.
&2. Астық тасымалдау ерекшеліктері
216. Астық тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар астықты жауын-шашынның әсерінен бүлінуден және жойылудан сақтау бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
Автокөлік құралдарын астық тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар еден мен ернеудің қосылатын жерлерінің тығыздалуын қамтамасыз етеді және де шанақтардың ернеулерін 1,0 - 1,1 метр (м) биіктікке дейін өсіруі, оларды тартқыштармен жабдықтауы мүмкін.
Астық иелерінен астық қабылдау ұйымдарына және қырман шаруашылығына астықты тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдары бүркемелермен жабдықталады. Автокөлік құралдарының шанақтарына бүркемелерді бекітуді тасымалдаушы жүзеге асырады.
217. Астықтың салмағын анықтау үшін астық қабылдау кәсіпорындары және қырман шаруашылығы әрбір сапар кезінде автокөлік құралын жүгімен және жүксіз таразыға тартуды жүргізуі тиіс.
218. Астықтың мемлекеттік қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары және аталған астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасуды жүзеге асыратын тасымалдаушылар астықтың кез келген мөлшерін тиеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, олардың қатысушыларының қызметін реттейтін және үйлестіретін, сондай-ақ астықтың мемлекеттік қорын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқару органымен келісуі тиіс .
219. Астықтың тасымалдануға тиісті әрбір партиясымен мынадай құжаттар:
1) азық-түліктік және жемшөптік астықпен (экспорттау және импорттау кезінде) - астықтың сапа сертификаты;
2) алғашқы және келесі репродукциялардың тұқымдарымен - тұқымға арналған куәлік;
3) іріктелген тұқыммен - тұқымның аттестаты ілесе жүреді.
&3. Қант қызылшасын тасымалдау ерекшеліктері
220. Қант қызылшасын тасымалдауға автомобильмен жүктерді тасымалдау шартын жасасу кезінде онда кері бағытта жүретін автокөлік құралдарын қант қызылшасының сығындысын тасымалдау үшін пайдалану мүмкіндігін көздеуі мүмкін.
221. Қант қызылшасын егістіктен тасу жүйелілігін жиын-терім басталғанға дейін оның иелері тасымалдаушылармен бірге тасымалдаудың барлық кезеңіне белгілейді.
222. Жүк алушы қант қызылшасын қабылдау пункттерінде түсіруді: ершікті автопоездардан - үйме жасағыштармен; жүк автомобильдерден және тіркемелі автопоездардан - бүйірлік лақтырғыштары бар үйме жасағыштармен немесе қырғыштармен жабдықталған тракторлармен жүзеге асырады.
223. Автокөлік құралдарын қант қызылшасын тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар шанақтардың ернеулерін өлшеуді шанақтың еденінен 1,0 - 1,5 м биіктікке дейін биіктетуі мүмкін.
&4. Сүрлем массасын тасымалдау ерекшеліктері
224. Автокөлік құралдарын сүрлем массасын тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар шанақтардың ернеулерін өлшеуді шанақтың еденінен 1,3 - 1,5 м биіктікке дейін биіктетуі мүмкін.
Ауылшаруашылық ұйымдары ернеулі платформасы бар автокөлік құралдарды түсіру құрал-жабдықтарымен (тормен, қалқандармен және басқалармен) жабдықтайды. Тасымалдаушылар автомобильмен жүктерді тасымалдау шарты бойынша ернеулі платформасы бар автокөлік құралдарды түсіруге арналған құрал-жабдықтармен жабдықтауы мүмкін.
225. Жер бетінде сүрлем салу кезінде автокөлік құралдарды үймелерге түсіруге рұқсат етілмейді.
226. Сүрлем массасын қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар салмақ бойынша жүзеге асырады. Сүрлем массасының салмағын анықтау автокөлік құралдарын жүгімен және жүксіз бақылау таразыға тарту арқылы жүргізіледі (бір жұмыс күні үшін кемінде бір
рет).
&5. Картоп пен көкөністерді тасымалдау
ерекшеліктері
227. Картоп пен басқа да көкөністерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар картоп пен басқа да көкөністерді механикалық зақымданудан, жауын-шашыннан, төмен және жоғары температуралардың әсерінен сақтау бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
228. Жүк жөнелтуші тасымалдауға жүкті мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін жарамды, таза, құрғақ, бөтен иісі жоқ ыдыспен береді.
Ауылшаруашылық өнімдерінің иелері және (немесе) шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберетін, оларды қабылдауды жүзеге асыратын, картоп пен басқа да көкөністер, тасымалдауға жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін стандартты емес ыдыспен қабылдануы мүмкін.
229. Картоп пен басқа да көкөністер автокөлік құралдары-рефрижераторлармен, изотермиялық шанағы бар автокөлік құралдармен, фургон немесе ернеулі-автокөлік құралдармен тасымалданады .
Картоп пен басқа да көкөністерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын іріктеуді тасымалдаушылар сыртқы ауа температурасын және тасымалдау ұзақтығын ескере отырып жүргізеді.
230. Сыртқы ауаның температурасы 0 0 С төмен кезде, картоп пен басқа да көкөністер тасымалданатын ернеулі автокөлік құралдарды жүк жөнелтуші жылытуы тиіс.
231. Тасымалдаушылар картоп пен көкөністерді тасымалдау үшін бөлетін автокөлік құралдарының қажетті такелажы: кенебі, жіптері болуы тиіс.
Орамжапырақты тұрақты тасымалдау кезінде автомобильдер мен тіркемелердің ернеулері шанақтың еденінен 1,4 м дейін, ал басқа көкөністерді және картопты тасымалдау кезінде - 0,9 м биіктікке дейін биіктетілуі тиіс.
232. Жүк жөнелтуші көкөністер мен картоп бар жәшіктерді, қаптарды, қағаз қаптарды, автокөлік құралының шанағына жүк орындарының арасына аралық қалдырмай, тығыз қатарлармен қалайды.
233. Картоп пен басқа да көкөністерді контейнерлермен немесе автокөлік құралы-фургондармен бір жүк алушының мекен-жайына тасымалдау кезінде, жүк жүк жөнелтушінің пломбасымен жөнелтіледі.
16-тарау. Жануарларды тасымалдау
&1. Жануарларды тасымалдаудың негізгі шарттары
234. Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.
Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
235. Автокөлік құралдарды жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен - 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнату кіреді.
Жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.
Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтауы тиіс.
Жануарлар мен құстарды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті - тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.
236. Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс.
Мал тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.
237. Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітуі тиіс.
Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен берілуі тиіс. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болуы және құлыптармен жабылуы тиіс.
238. Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылуы тиіс.
239. Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.
240. Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.
241. Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.
242. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушылар жолда жануарлар мен құстардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығындарды төлемейді.
&2. Жануарларды автокөлік құралдарына тиеу
243. Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары берілуі тиіс. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары қадағалайды.
Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексеруі тиіс.
244. Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді.
Бір автокөлік құралға түрі, жынысы және жасы әр түрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
245. Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.
Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды.
Жылқылар тағасыз тасымалдануы тиіс.
246. Жануарларды автокөлік құралымен қандай болмасын жұқпалы дерт бойынша сау емес аумақтар арқылы тасымалдау кезінде, маршруттарды тиісті ветеринарлық органдар:
ауданаралық және қала маңындағы тасымалдар кезінде - ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы;
ауданаралық тасымалдар кезінде - облыстардың ветеринарлық органдары;
облысаралық және халықаралық тасымалдар кезінде - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша белгілейді.
247. Жануарларды жерден мамандандырылған автокөлік құралына тиеу үшін артқы трап есік пайдаланылады. Басында бірінші бөлікті тиеу жүргізіледі. Жануарларды қозғалыс бағыты бойынша бастарымен алға қарай орналастырады, шанақтың алдыңғы қабырғасындағы сақиналарға байлайды, осыдан кейін бірінші қоршау жабылады. Содан кейін екінші бөлік тиеледі және тағы сол сияқты.
248. Жануарларды қаптал есік арқылы және артқы трап есікті пайдалану арқылы мамандандырылған автокөлік құралының бөліктеріне тиеу жүйелілігі осы Ережеге 7-қосымшада көрсетілген.
249. Жануарларды жерден мамандандырылған емес автокөлік құралға тиеу жиналмалы көпіршелер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте жүк жөнелтуші шектегіш ағаштарды автокөлік құралдың шанағынан алдын ала алады, жануарларды кіргізеді және қозғалыс бағыты бойынша қояды, алдыңғы көлденең ағашқа қысқа байлайды, артқы ернеуді жабады және автокөлік құралдарға шектегіш ағаштарды орнатады.
250. Жануарларды автокөлік құралға тиеу тәсілдерін, оларды орналастыруды, сондай-ақ жануарларды бір автокөлік құралмен тасымалдау нормаларын жүк жөнелтуші тасымалдау шарттарын, (автокөлік құралының үлгісін, жануарлардың түрі мен жасын, тасымалдау алыстығын, жыл мезгілін, жол төсемінің жай-күйін және тағы басқа), автокөлік құралының жүк көтергішітігі мен сыйымдылығын толығырақ пайдалануды және тасымалданатын жануарлар және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді.
251. Автокөлік құралы бару пунктіне келісімен жануарлар дереу түсірілуі тиіс. Жануарларды түсіру тиеу кезінде қабылданған кері тәртіппен жүргізіледі.
&3. Жолда жануарларды алып жүру және күтім жасау
252. Жолда жануарларды алып жүру және күтім жасау үшін жүк жөнелтуші жануарларды тасымалдауға қабылдау, жолда жануарларға күтім жасау, суару, қоректендіру, жануарлардың бекітілуін, күзетілуін бақылау, жануарларды жүк алушыға тапсыру үшін алып баратын тұлғаларды бөледі.
253. Автокөлік құралға тиелген жануарлар үшін жүк жөнелтуші бас алып барушыға қажетті құжаттарды (белгіленген нысанды ветеринарлық куәлік, табын ведомосы, жол журналы, тауар-көлік жүкқұжаты және тағы басқа) береді.
Жануарларды лекпен жүретін бірнеше автокөлік құралдармен тасымалдау кезінде, қажетті құжаттар (тауар-көлік жүкқұжатынан басқа) тасымалданатын жануарлардың барлық тобына берілуі мүмкін.
254. Тасымалдауға алдын ала ветеринарлық тексеруден өткен жануарлар ғана жіберіледі. Жануарлардың әрбір тобына ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның белгілеген тәртібімен ресімделген тиісті ветеринарлық куәлік беріледі.
Бір ветеринарлық куәлікті бірнеше автокөлік құралы үшін ұсынуға, бір жүк алушының мекен-жайына барғанда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ветеринарлық куәлік бас алып барушыға беріледі. Жануарларды заңнамада белгіленген тәртіппен берілген ветеринарлық куәліксіз тасымалдауға рұқсат етілмейді.
255. Жануар жолда ауырған кезде, алып барушы тұлға ауырған жануарды тексерту және ветеринарлық қызметкердің нұсқауы бойынша одан әрі іс-әрекет жасау үшін жақын маңайдағы ветеринарлық пунктке барады. Жануарды союға ерекше, жануардың жай-күйі оны ет дайындау ұйымдарына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Сою туралы актіге ветеринарлық қызметкер қол қоюы тиіс, актіде мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарының етті одан әрі пайдалану туралы қорытындысы көрсетіледі.
256. Автокөлік құралдарының тасымалданатын жануарларды ветеринарлық дәрігер тексеру үшін, сондай-ақ бас алып барушы тұлғаның сұрауы бойынша (жануарларды суару, қоректендіру, демалдыру) кідіруі (тұруы) осы Ереженің 11-тарауына сәйкес алып баратын тұлға және жүргізуші қол қоятын актілермен ресімделеді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұруды және жануарларды ветеринарлық дәрігер тексеру үшін ветеринарлық мекемеге соғуды, сондай-ақ жануарларды суару, қоректендіру, демалдыру үшін тұруды жүк жөнелтуші төлейді.
257. Бару орнына келісімен бас алып барушы тұлға жүк алушыға қарап шығу үшін табын ведомосын, жолдама парақты, ветеринарлық куәлікті, малдың жолда шетінеуі және амалсыз сойылуы туралы актілерді ұсынады. Мал өлшеуді жүк алушы алып барушы тұлғамен бірге жүргізеді. Малды тапсыру актімен ресімделеді. Жүк жөнелтушінің алдында жануарларды жеткізгені және тапсырғаны туралы есепті алып барушы береді.
&4. Автокөлік құралдарын санитарлық өңдеу
258. Жануарлар түсірілгеннен кейін автокөлік құралдары санитарлық өңдеуден өтуі тиіс. Механикалық тазартудан кейін автокөлік құралдарын мынадай дезинфекциялағыш заттардың бірімен: формальдегидтің 2 % ерітіндісімен, құрамында 2-3 % белсенді хлор бар хлорлы әктастың ерітіндісімен, хлораминнің 4 % ерітіндісімен, өткір натрдың 2 % ыстық (60-70 С 0 ) ерітіндісімен, жаңа сөндірілген әктастың 20 % маңызымен, көрсетілген заттардың әрқайсысының шығынының нормасы 1 шаршы метр ауданға 0,5 литр болатындай етіп дезинфекциялау керек. Басқа да дезинфекциялағыш заттарды, егер олар жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес келетін болса, қолдануға болады.
259. Автокөлік құралының шанақтарын уақтылы санитарлық өңдеу үшін жануарларды жаппай түсіретін орындарда дезинфекциялау-шаю пункттері ұйымдастырылуы тиіс.
17-тарау. Құрылыс жүктерін тасымалдау
&1. Кірпішті тасымалдау ерекшеліктері
260. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар кірпіш тасымалдауды пакеттік тәсілмен: балшық кірпішті - тегендерге "шырша түрінде" қалап, силикат кірпішті - тегендермен және тегендерсіз қоршау немесе тарту құрылғылары арқылы жүзеге асырады.
261. Жүк жөнелтуші кірпіш тасымалдау үшін тегендер, таспа қоршаулар және пакеттерді бекітуге және бөлуге арналған құрал-жабдықтарды береді. Жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушылар автокөлік құралдарына қоршағыш құрылғылар мен бекіткіш құрал-жабдықтарды дайындауды және орнатуды жүк жөнелтушінің есебінен өзіне алуы мүмкін.
262. Кірпішті тегендермен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін жүктің тегендерге қалануын қамтамасыз етеді.
Тегендердің үлгілері мен параметрлері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Төменгі қатарынан, пакеттің бұрыштарынан және тік жақтарынан кірпіштері түсіп қалған пакеттерді тиеуге рұқсат етілмейді.
263. Кірпішті жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған пакеттердің саны бойынша жүзеге асырады.
264. Кірпішті тиеуді, сондай-ақ пакеттерді бекітуді тасымалдаушы, ал бекіткіштерді ажырату мен кірпішті түсіруді жүк алушы жүзеге асырады.
Тасымалдаушылар жүкті автокөлік құралмен тасымалдау шарты бойынша бекіткіштерді орнату мен ажыратуды жүргізуі мүмкін. Түсіру аяқталғаннан кейін жүк алушы автокөлік құралы шанағының еденін кірпіш қоқымынан тазартады.
265. Автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан аспайтын жағдайларда, пакеттерді жүк жөнелтуші шанақ білігінің бойымен, ал автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан артық болса, шанақ білігіне перпендикуляр түрде шахмат тәртібімен автокөлік құралдың қаптал ернеулерінің біріне тығыз қоюы тиіс. Кірпіштерді тегенге қалау тәртібі осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген.
Пакеттерді шанаққа көлденең орналастыру кезінде жүк жөнелтуші қимасы 50х50 мм және ұзындығы 1 м ағаштарды қаптал ернеуге жанаспайтын шеткі пакеттер тегендерінің астына салуы тиіс.
266. Тасымалдаушы автокөлік құралында кірпіш пакеттерінің қалануы мен бекітілуінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексереді. Жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша жүкті қалау мен бекітудегі байқалған қателіктерді жояды.
Пакеттерді бекіту, сондай-ақ олардың бекітілу дұрыстығын тексеру тиегіш тетіктерді автокөлік құралдан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі.
267. Босаған тегендерді тиеуді - жүк алушы, ал түсіруді кірпіш жүк жөнелтуші жүргізеді.
268. Босаған тегендерді қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар дана саны бойынша жүргізеді.
&2. Темір-бетон өнімдерді тасымалдау
ерекшеліктері
269. Темір-бетон өнімдер олардың түріне байланысты көлденең, тік немесе қиғаш күйде тасымалданады.
Тасымалдау және сақтау кезінде техникалық шарттар бойынша белгілі бір нүктелерінде тіреуді қажет ететін темір-бетон өнімдеріне жүк жөнелтуші тіреу нүктелерін көрсетіп таңба жасайды.
270. Тасымалдау шарты бойынша жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын қосымша құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтауды жүргізуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қосымша құрал-жабдықтарды орнатуды тасымалдаушы жүк жөнелтушінің есебінен жүргізуі мүмкін.
271. Темір-бетон өнімдерді бекіту үшін қажетті төсемелер мен аралық төсемелерді жүк жөнелтуші ұсынады. Қысқы мезгілде жүк жөнелтуші темір-бетоннан жасалған өнімдерді қар мен мұздан тазартып ұсынады, сондай-ақ резеңке жапсырылған төсемелер мен аралық төсемелер қолданады.
272. Тасымалдаушылар темір-бетон өнімдерді орындар саны мен стандарттық салмақ бойынша жүк жөнелтушіден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
273. Қозғалыс үшін қауіпті аймақтардағы тиеу және түсіру пункттерінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы тәуліктің кез келген мезгілінде көрінетін сақтандырғыш белгілер мен көрсеткіштерді орнатады.
274. Темір-бетон өнімдерді шығыран жабдығының көмегімен тиеу және түсіру кезінде жүргізуші автокөлік құралдың кабинасында болмауы, ал жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуы тиіс емес.
&3. Бетон және құрылыс ерітінділерін
тасымалдау ерекшеліктері
275. Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзі аударғыш автомобильдерді, ожау немесе бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдерді, цистерналарды бөледі. Бетонның құрғақ қоспаларын және құрылыс ерітінділерін ыдыстық тәсілмен қаптарда тасымалдау үшін тасымалдаушылар ернеулі платформалары бар автомобильдерді, ал ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде - бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдер мен автомобиль-цистерналарды бөледі.
276. Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдауға арналған өзіаударғыш-жүк автомобильдердің тығыздалған артқы ернеуі, 450-500 мм биіктікке өсірілген алдыңғы және қаптал ернеулері болуы тиіс.
277. Тасымалдаушылар сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды көлемі және салмағы бойынша жүргізеді.
Сұйық бетонды және құрылыс ерітінділерін жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар көлемі мен салмағы бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген тасымалдау кезіндегі бетонның тығыздалу коэффициентін ескере отырып жүргізеді.
Жүкті автомобильмен тасымалдау шартында жүк жөнелтуші тасымалдануға тиісті сұйық бетон мен құрылыс ерітінділері қоспаларының көлемдік салмақтарын, тасымалдаушылар тасымалданған жүктің көлемін тоннамен қайта есептеу үшін көрсетеді.
278. Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жүкті тасымалдау кезінде сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерінің мемлекеттік стандарттарда белгіленген және тасымалдау кезінде жүктің сақталуын қамтамасыз ететін шектік жеткізу мерзімдерін ескеруі тиіс. Жеткізу мерзімдерін жүк жөнелтуші, әрбір сапарға берілетін және жүк алушыға жүкпен бірге тапсырылатын ерітіндінің паспортында 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетеді.
&4. Цемент тасымалдау ерекшеліктері
279. Цемент тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар цементке жауын-шашын тиюіне және оның тозаңдануына жол бермей, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
280. Цемент ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналарда, сондай-ақ ыдыстық тәсілмен (қаптарда) ернеулі платформасы бар автомобильдермен және кенеппен жабылып тасымалданады.
281. Жүк жөнелтуші цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдауға
100 0 С аспайтын температурамен береді.
282. Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде, оны жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар автомобиль-цистернаны жүгімен және жүксіз таразыға тарту арқылы салмақ бойынша жүзеге асырады.
Қаптардағы цементті жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және таңбаламада көрсетілген стандарттық салмақ бойынша жүзеге асырады.
283. Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен таразыға тартуды, цистернаның люктерін тиеу алдында ашу мен тиегеннен кейін жабуды, түсіру жеңдерін цистернамен қосуды және ағытуды жүргізеді.
284. Жүк алушыдан цементті түсіру кезінде тасымалдаушы сығымдағышты іске қосуды және түсіру шүмегін ашуды, ал түсіру аяқталғаннан кейін сығымдағышты ажыратуды және түсіру шүмегін жабуды жүргізеді.
285. Жүк алушының автокөлік құралы-цистерналардан цемент түсіруге арналған қатты төсемі бар алаңшалары болуы қажет.
286. Тұрақты түсіру орындарында (ерітінді тораптарында, құрылыс индустриясы зауыттарында, ірі құрылыстарда) жүк алушы автокөлік құралы-цистернаның 12-14 0 еңкіштігін қамтамасыз етіп, түсіру алаңшаларын жабдықтайды. Уақытша объектілерде түсіру алаңшалары көлденең болуы және қабылдау құрылғысының жағына қарай ылдиы болуы тиіс. Түсіру орнына автокөлік құралы-цистернаны тракторлармен сүйреп әкелуге рұқсат етілмейді.
287. Жүк алушы цемент қабылдауға арналған сыйымдылықты автокөлік құралы-цистернаның сығымдағыш қондырғысы қамтамасыз ететін түсіру биіктігіне сәйкес келетін биіктікке орнатады. Уақытша сыйымдылықтардағы (қоймалардағы) қабылдау люктері жалғастырғыш шлангалардың өлшемдеріне сәйкес келуі және түсіру аяқталғаннан кейін тығыз жабылуы тиіс. Қабылдау құрылғыларының түсіру шлангаларын сымның, жіптің және басқа қолға түскен құралдардың көмегімен бекітуге рұқсат етілмейді. Цистернаның ішінде қысым жасау үшін ауаның бөтен көздерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
&5. Шифер тасымалдау ерекшеліктері
288. Жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін түрі мен өлшемі бірдей шиферді, тегендерге оны қабаттап салып, алдын ала дайындалуын қамтамасыз етеді, автокөлік құралға тиеуді және тегендерді автокөлік құралдарына біркелкі қоюды жүргізеді.
289. Тиеулі жабық автокөлік құралдарды, шифері бар пакеттерді жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс.
290. Тегендерге толтырылған шиферді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы орындардың саны бойынша жүргізеді.
Шиферді тасымалдауға салмақ бойынша қабылдауға жүк жөнелтуші мен жүк алушының таразысы болған кезде ғана рұқсат етіледі.
291. Жүк жөнелтуші шиферді тасымалдауға жинақтаушы бөлшектерімен (арқалар, шегелер) ұсынған кезде тасымалдаушы, тасымалдауға өнім қабылданған тәртіппен оларды жүк жөнелтушіден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
18-тарау. Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау
292. Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзіаударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарын бөлуі тиіс.
293. Тасымалдаушылар тасымалдау шарты бойынша өзіаударғыш шанақтарды жылыту жүйесімен жабдықтауды, бұл жұмыстарды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының есебінен төлеу арқылы өздеріне алуы мүмкін.
294. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу үшін жүк жөнелтуші ожауының көлемі автокөлік құралының шанағы көлемінің 1/3 аспайтын тиегіш тетіктерді бөледі.
295. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу кезінде тиегіш тетіктің ожауы автокөлік құралы шанағының түбінен 0,5 м аспайтын қашықтықта болуы тиіс.
296. Шанақты үйіп тасымалданатын жүктердің қалдықтарынан тазарту тәртібі мен шарттары жүкті автомобильмен тасымалдау шартында белгіленеді.
297. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу кезінде жүргізуші автокөлік құралының кабинасында болмауы тиіс. Жүк жөнелтушіге жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуға рұқсат етілмейді.
298. Жүк жөнелтуші тасымалдаушымен автокөлік құралының тиелуге берудің басталғаны туралы жүргізушіні хабардар ету (дыбыстық немесе жарықтық сигналмен) тәртібін, сондай-ақ автокөлік құралды тиеуге қою орнын белгілеу тәсілін (белгі ағаштармен, белгілермен, нұсқағыштармен) келіседі және жүкті автомобильмен тасымалдау шартында көздейді.
299. Карьерлерде тиеу жұмыстарының орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтуші:
1) карьердің ішіндегі жолдың өтетін бөлігін төменгі еңіс жағынан биіктігі 0,7 м топырақ үйіндісімен немесе қорғаныш қабырғамен қоршауды;
2) карьер ішіндегі жолдың 8 градустан ( 0 ) артық ылдиы болған кезде, жолдың өрінен бастап, 100 м аспайтын қашықтықта ұзындығы 50-100 м ылдисыз жол учаскесін жабдықтауды;
3) ылдилары бар тиеу алаңшаларында автокөлік құралы доңғалақтарының астына тіреулер қоюды;
4) автокөлік құрал қозғалысына кедергі жасайтын көмірдің, кеннің және басқа да пайдалы қазбалардың кесектерін жинауды;
5) карьер ішіндегі жолға қажет кезде шаңды кетіру үшін су шашуды;
6) карьер ішіндегі жұмыс орындарына жарық орнатуды қамтамасыз етеді.
300. Жүк жөнелтуші карьерлерде газдардың белгіленген нормадан артық шоғырлануына жол бермеуі тиіс.
301. Жүк жөнелтуші автокөлік құралын беру кестесін жару жұмыстары мен тиегіш тетіктерді жөндеу кестесімен келістіреді.
302. Үйіп тасымалданатын жүктерді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүк жөнелтуші мен жүк алушының таразысы болған кезде - салмақ бойынша, ал таразы болмаған кезде өлшеу-таразыға тарту актісі бойынша жүргізеді.
303. Жүктің меншікті салмағында өзгеріс байқалған жағдайда, тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші тасымалданатын тонналы жүктің мөлшерін қайтадан бірге анықтауды талап етуі мүмкін.
304. Үйіп тасымалданатын жүктерді бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекен-жайына тасымалдау кезінде ресімдеу жүк жөнелтушінің жүргізушіге әрбір сапарға талон беруі арқылы жүргізілуі мүмкін.
Соңғы сапарды орындау кезінде жүк жөнелтуші үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезінде берілетін талондардың орнына - тауар-көлік жүкқұжатын, ал топырақ тасымалдау кезінде тасымалданатын жүктің барлық мөлшеріне өлшеу немесе таразыға тарту актісін ресімдейді.
&1. Металды және металл бұйымдарды тасымалдау
ерекшеліктері
305. Ереженің осы параграфында металдың және металл бұйымдардың мынадай топтарын тасымалдау шарттары көзделеді:
заңнамада белгіленген салмақ пен көлемдерден аспайтын;
ұзындығы 8 м артық;
бір орынның салмағы 3 тоннадан артық.
306. Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар тиеу жұмыстарын металдарды және металл бұйымдарды тасымалдау кезінде механикаландыруы тиіс.
Тасымалдаушылар өздерінде өзі түсіретін автокөлік құралы немесе механизация құралы болған кезде, тасымалдау шарты бойынша металдардың және металл бұйымдардың механикаландырылған түсірілуін өздеріне алуы мүмкін.
307. Жүк жөнелтуші түрлі ұзындықты металды және металл бұйымдарды тиеу кезінде, автокөлік құралының шанағына едәуір қысқаларын үстіне салады.
Ұзын көлемді металл бұйымдарды ұзартылма тіркемелерге тиеу кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы кабинасының артқы қабырғасы мен жүктің арасында, тіркеме автокөлік құралға қатысты әрбір жаққа 90 0 бұрышқа еркін бұрыла алу үшін саңылау болуын қамтамасыз етеді.
Цилиндр түріндегі металдарды және металл бұйымдарды жүк жөнелтуші автомобильдер мен тіркемелерде тростармен, сондай-ақ ағаш сыналар сала отырып бекітеді.
Ұзын көлемді және ауыр салмақты металдарды және металл бұйымдарды тиеу немесе түсіру жұмыстарын орындау алдында жүк жөнелтуші немесе жүк алушы жүк автомобильдері мен тіркемелердің алдыңғы және артқы доңғалақтарының астына сыналар салады.
308. Тасымалдаушылар жүргізушілердің техника қауіпсіздігі және ұзын көлемді және шомбал металдар мен металл бұйымдарды тасымалдау технологиясы жөніндегі арнайы нұсқауын өткізеді.
309. Ені және ұзындығы бойынша шанақ көлемдерінен шығатын, бірақ жүгі бар автокөлік құралының заңнамада белгіленген көлемдік параметрлерінен аспайтын ұзын көлемді металдар және металл бұйымдар "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін , Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін және лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Көлігі арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықталуға және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша боялуға тиісті жедел және арнайы қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына сәйкес алдыңғы және артқы жағынан белгіленуі тиіс.
310. Ұзын көлемді және шомбал металдарды және металл бұйымдарды шығыран жабдығының көмегімен тиеу немесе түсіру кезінде жүргізуші автокөлік құралы кабинасында болмауы, ал жүк жөнелтуші мен жүк алушы жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытпауы тиіс.
Автокөлік құралы шанағының алдыңғы бөлігіне тасымалдаушы, кабинаны жүктің зақымдауынан қорғайтын болат қалқан қояды.
&2. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау
ерекшеліктері
311. Тасымалдаушылар ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау үшін тасымалдауға ұсынылатын ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың ұзындығын ескере отырып, кониктері, тіркемелері, ұзартылма жартылай тіркемелері бар автомобильдер немесе ернеулі платформалары бар автомобильдер бөледі.
Жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдардың кабинаға сырғу мүмкіндігін болдырмайтын кониктермен және құрал-жабдықтармен (сырғанауға қарсы шиналармен немесе жалдармен) жабдықтауы тиіс. Кабинаның артынан оны бөренелер мен шыбықтар бастарының соққыларынан қорғау үшін қалқан орнатылуы тиіс.
312. Ағаш тасығыш жолдары бойынша ағаш дайындауды жүзеге асыратын мекемелермен, жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша ағаш тасу кезінде автокөлік құралының барынша ені 3,2 м, барынша биіктігі 4 м ретінде қабылданады. Автопоездың жалпы ұзындығына шек қойылмайды. Жүк жөнелтуші тиеу пункттерінде және барлық автомобиль ағаш тасығыш жолдарымен қиылыстарда сымдардың, электр кабельдерінің және тағы басқа кемінде 4,5 м биіктікте ілінуін, сондай-ақ кез келген жүк көтергіштікті ағаш тасығыштардың еркін маневр жасауы мен айырылысуын қамтамасыз етуі тиіс.
313. Тасымалдау қашықтығы 10 км дейін болса, ағаш тасу негізінен жартылай тіркемелерді алдын ала тиеу арқылы жүргізілуі тиіс.
Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды автокөлік құралына+ тиеу мен бекітуді - жүк жөнелтуші, ал түсіруді және бекіткіштерін алуды жүк алушы жүзеге асырады. Жүргізушінің тиеу-түсіру жұмыстары мен бекітуге қатысуына рұқсат етілмейді. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды шығыранның көмегімен тиеу және түсіру кезінде жүргізушінің автокөлік құралының кабинасында болуына рұқсат етілмейді. Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуына рұқсат етілмейді.
314. Жүк жөнелтуші ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк автомобилі мен тіркеме кониктерінің арасына біркелкі орналастырады. Автокөлік құралдағы жүктің биіктігі ұзартылмадағы жүктің биіктігінен сортаменттер тасылатын болса 100 мм-ден, ал шыбықтар тасылатын болса 300 мм-ден аспауы тиіс.
315. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдар тіркемелері бар жүк автомобилімен тасылған жағдайларда жүк автомобильге тіркемені тіркеуді жүк жөнелтуші жүргізеді. Тіркеуші автопоезд жинақтарының арасында жүргізушінің рұқсатымен ғана болуы мүмкін.
316. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар орындардың көлемі мен саны бойынша жүзеге асырады. Жүктің салмағын жүк жөнелтуші есептеу арқылы анықтайды және орындардың көлемі мен саны бойынша тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.
317. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдауға тасымалдаушылар қауіпсіздік техникасы және осындай тасымалдың ерекшеліктері бойынша нұсқаудан өткен жүргізушілерді ғана жіберуі тиіс.
19-тарау. Жүктерді контейнерлер мен тегендерде
тасымалдау
&1. Жалпы ережелер
318. Жүктердің ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктердің жеке түрлерін тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары, өнеркәсіптік және басқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүліктері тасымалданады.
Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.
319. Жүктердің автомобиль тасымалдары үшін қолданылатын әмбебап және мамандандырылған контейнерлер мен тегендер мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі және олардың кімге тиістілігіне қарамастан мынадай таңбаламасы болуы тиіс:
1) Қазақстан Республикасы;
2) контейнер тиесілі тұлғаның шартты (қысқартылған) атауы;
3) контейнердің нөмірі;
4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг;
5) ішкі көлемі, м 3 ;
6) жасалған орны, айы және жылы;
7) соңғы күрделі жөндеуден өткен орны, айы және жылы.
320. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердің негізгі үлгілері, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрі - т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.
321. Контейнерлер мен тегендерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар жүк автомобильдерді, ернеулі платформасы бар тіркемелер мен жартылай тіркемелерді немесе мамандандырылған автокөлік құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледі.
322. Контейнерлер мен тегендерді автокөлік құралдарына тиеу кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
1) контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуінен (қабырғасынан) бастап оның бойлық білігіне симметриялы түрде біркелкі орналастырылуы тиіс;
2) контейнерлер мен тегендердің санын және оларды автокөлік құралында орналастыру схемаларын жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы бірге белгілейді, бұл ретте контейнерлердің немесе тегендердің брутто жалпы салмағы автокөлік құралының жүк көтергіштігінен аспауы тиіс, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдері автокөлік құралдарының көлемдерінен шықпауы тиіс, сондай-ақ жол белгілерінде көрсетілген көлемдерден аспауы тиіс;
3) қалааралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші контейнерлерді автокөлік құралында есіктерін платформаның ішіне қаратып орналастыруы тиіс;
4) қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезінде, шартта автокөлік құралынан контейнерлерді алмай жүктерді тиеу мен түсіруді жүзеге асыру көзделетін болса, контейнерлерді жүк жөнелтуші есіктерін ернеулерге қаратып орналастырады;
5) контейнерлердің толық емес жинағын тасымалдау кезінде, оларды автокөлік құралы платформасының алдыңғы ернеуіне тығыз орналастырады. Бос контейнерлерді есіктерін ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етілмейді.
323. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар контейнерлер мен тегендердің алмасу пункттерін кәсіпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық-техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарында және басқа да жүктерді жөнелту мен алу пункттерінде жасауы мүмкін.
&2. Жүктерді контейнерлермен тасымалдау
ерекшеліктері
324. Жүктерді контейнерлермен тасымалдауға арналған жылдық шарттарда немесе бір жолғы тапсырыстарда мыналар:
1) әрбір үлгідегі контейнерлермен жүктерді тасымалдау көлемдері (оның ішінде контейнерлерді әкелу және әкету бойынша бөлек түрде);
2) жүк жөнелтушіге бос контейнерлерді әкелу және жүк тиелгендерін әкету графигі;
3) контейнерлерді тиеу және түсіру тәртібі (оларды автокөлік құралдан алып немесе автокөлік құралдан алмай);
4) жүк жөнелтушіде контейнерлерді алмасу пунктін ұйымдастыру, оның жұмыс тәртібі, айналымдағы контейнерлердің санын белгілеу, құжаттарды ресімдеу тәртібі және тағы басқа;
5) контейнерлердің айналым мерзімдері келісіледі.
325. Тасымалдаушылар тиеу үшін ақаусыз, берілген жүкті тасымалдау үшін жарамды, жүктің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған контейнерлерді береді.
Берілген жүкті тасымалдауға арналған контейнерлердің жарамдылығын жүк жөнелтуші анықтайды. Контейнерде, тасымалдау кезінде жүктің сақталуына ықпал етуі мүмкін қандай да болмасын ақаулықтар байқалған кезде, тасымалдаушы мұндай контейнерге тиеуден бас тартуы мүмкін.
Жүктерді қаңқасы қисайған, тиек құрал-жабдықтарында немесе пломбалау құрылғыларында ақаулық, көтеру сырғаларында жарықтар немесе айырылған жерлер бар, қаптамасы немесе төбесі зақымдалған және жүктің жетіспеуіне, бүлінуіне немесе зақымдануына әкелуі мүмкін басқа да ақаулықтары бар контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етілмейді.
326. Жүктерді контейнерлерде автомобиль көлігімен тасымалдау осы Ереженің 7-тарауына сәйкес бір автомобильмен (автопоезбен) бір жүк алушының мекен-жайына тасымалданатын әрбір тиелген контейнерге немесе контейнерлер тобына жасалатын тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді.
327. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:
1) "Жүктің атауы" деген бағанада - жүктің атауын, контейнердің нөмірін, пломбаның бедерін;
2) "Орындар саны" деген бағанада - контейнерлердің санын (әр түрлі жүк көтергіштікті контейнерлер үшін бөлек);
3) "Салмақ, кг" деген бағанада жүктің брутто салмағын және контейнердің өз салмағын көрсетуі тиіс.
Бір тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделген бірнеше контейнерді тасымалдау кезінде, жүк жөнелтуші онда барлық контейнерлердің нөмірлері мен олардың әрқайсысындағы пломбаларды көрсетеді.
328. Бос контейнерлерді толтыру үшін алдын ала әкелу кезінде тасымалдаушы әрбір автокөлік құралына екі данада ілеспе ведомость (10-қосымшаға сәйкес) жазып береді, олардың бірі - контейнерлердің қозғалысын есепке алу үшін, ал екіншісі бос контейнерлерді тасымалдау кезінде орындалған көліктік жұмысты есепке алу үшін қызмет етеді.
&3. Контейнерлерді толтыру және жүкті
контейнерлерден түсіру
329. Жүк жөнелтушіде контейнерлерге жүк тиеу және жүк алушыларда жүкті контейнерлерден түсіру, әдетте, контейнерлерді автокөлік құралдан алып жүзеге асырылады.
Тиелген және бос контейнерлерді автокөлік құралдарынан алуды және қоюды жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар жүзеге асырады.
330. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерге толық сыйғанынша, бірақ оның жүк көтергіштігінен асырмай толтыруы мүмкін.
Жүк жөнелтуші жүкті контейнерде, тасымалдау кезінде оның контейнер ішінде жылжып кету мүмкіндігі болмайтындай және жүктеме контейнердің еденіне біркелкі бөлінетіндей етіп орналастырады.
Жүк жөнелтуші жүкті орналастыру кезінде жүк пен контейнер есігінің арасына 30-дан 50 мм дейін бос кеңістік қалдырады. Жүктерді немесе оларды бекітуге арналған құрал-жабдықтарды (тіректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етілмейді.
331. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау кезінде, жүктерді қажалудан, майысудан, мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердің қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелерді қою, жүкті жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады.
Контейнерге майланған күйдегі қосалқы бөлшектерді, метиздерді және басқа өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнімді тиеу алдында жүк жөнелтуші контейнерге төсеу және контейнердің қабырғалары мен жүктің арасына салу үшін тығыз қағаз қолданады немесе контейнердің ішкі бетін ластанудан және зақымданудан сақтайтын басқа шаралар қабылдайды.
332. Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңілдетілген ыдысқа (тор жәшіктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (шишалар, банкалар) ғана жіберіледі.
Контейнерге тиелуі немесе одан түсірілуі тиеу-түсіру тетіктерін қолданусыз мүмкін емес ауыр салмақты жүктер тасымалдауға тасымалдау шарты бойынша қабылданады.
333. Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктерді, өткір және улы заттарды, сондай-ақ күлімсі иісті және контейнердің қабырғалары мен еденін ластайтын жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.
&4. Контейнерлердегі жүктерді қабылдау
және тапсыру
334. Тасымалдаушылар жүгі бар контейнерлерді контейнерлер мен пломбалардың сыртқы тексерілуі бойынша және жүк жөнелтуші көрсеткен салмақ бойынша жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.
335. Тиелген контейнерді жүк жөнелтушіден қабылдау кезінде тасымалдаушы контейнердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын, пломба сымының бүтіндігін, сондай-ақ контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнердің нөмірі мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді.
Пломбаларының бедерлері анық емес, сондай-ақ пломбалары дұрыс ілінбеген контейнерді қабылдауға рұқсат етілмейді. Контейнердің немесе пломбаның ақаулылығы, контейнер нөмірі мен пломбалардың бедерлеріндегі белгілердің және тауар-көлік жүкқұжатындағылардың сәйкес еместігі байқалған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіге хабарлайды.
Мұндай контейнерлер тасымалдауға байқалған кемшіліктер жойылғаннан кейін қабылданады.
Жүк жөнелтуші автокөлік құралы келгенге дейін контейнерді тиейді, оны осы Ереженің 5-тарауына сәйкес пломбалайды және ілеспе құжаттарды дайындайды.
336. Жүгі бар әрбір контейнерге жөнелтуші тиелген орындардың санын көрсетіп, мөрмен және қолмен расталған жүктің тізімдемесін салады.
337. Жүк жөнелтушінің зақымданбаған пломбасымен жарамды контейнермен келген жүктер жүк алушыға жүктің салмағы, жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей беріледі.
338. Жүк алушы жүгі бар контейнерлерді қабылдау кезінде контейнерлердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын және контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнерлердің нөмірлері мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді және тауар-көлік жүкқұжатында контейнерді қабылдағаны туралы қол қояды. Жүк алушының тауар-көлік жүкқұжатындағы қолы мөрмен және штампымен расталғаннан кейін ғана жүк алушы пломбаны алуы және контейнерді ашуы мүмкін.
339. Жүк жарамсыз контейнерде, сондай-ақ пломбасы бұзылған немесе болмаған контейнерде келген жағдайда, жүк алушы контейнерді тасымалдаушының өкілімен бірге ашады, салмағын, орындар санын және жүктің жай-күйін тексереді және жүктің жоғалғаны, бүлінгені немесе зақымданғаны байқалған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатына жазады немесе осы Ереженің 11-тарауына сәйкес акті жасайды.
340. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктер түсірілгеннен кейін жүк алушылар контейнерлерді жүктердің қалдықтарынан тазартады, ал шикі мал өнімдерін және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін жүк алушы контейнерлерді жуады және қажет болса оларды дезинфекциялауды жүргізеді.
341. Жүктердің темір жол станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан орталықтандырылған әкетілуі кезінде жүк алушылар өздерінің мекен-жайына келген жүгі бар контейнерлерді, жүктерді көліктің тиісті түрлерімен тасымалдау ережелерінде белгіленген мерзімдерде қабылдайды.
&5. Пакеттелген жүктерді тасымалдау ерекшеліктері
342. Өздерінің өлшемдері мен қасиеттері бойынша пакеттеліп жасалуы мүмкін, жүктерді жүк жөнелтуші тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.
343. Пакет мағынасында ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, кеспектердегі және басқалар) жеке орындардан құралған, бір-бірімен бір рет пайдаланылатын әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегіш құралдардың көмегімен байланыстырылатын тегендердегі немесе оларсыз, тасымалдау және сақтау барысында:
1) механикаландырылған тиеу (түсіру) мүмкіндігін;
2) пакеттердің бүтіндігін;
3) автокөлік құралдардың жүк көтергіштігін (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететін ірілендірілген жүк орны түсініледі.
344. Пакеттегі жүктерді бекіту құралдарында жүк жөнелтушінің бақылау белгілері болуы және бекіткіштер мен бақылау белгілерін бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Бақылау белгілері болып жүк жөнелтушінің атауы бар пломбалар, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы табылады.
Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктерді тасымалдауға беруге рұқсат етілмейді.
345. Жүктерді пакеттеуді тасымалдаушы, оларды тасымалдауға бергенге дейін жүзеге асыруы тиіс.
Жүк жөнелтуші пакетте пакеттегі жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттің брутто және нетто салмағын көрсетеді.
346. Жүк жөнелтуші пакеттерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес құрастырады.
Әрбір пакетке бірдей орамадағы немесе орамасыз, бір жүк алушының мекен-жайына баратын біртекті жүкті ғана салуға рұқсат беріледі.
347. Тегендердегі пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшіктердегі, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде - беріктігі жеткілікті емес ыдыстағы майда даралы, тіреу беттері тегіс емес осал жүктер; жәшікті тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсіптің ұсақ өнімдері тасымалданады.
Кейбір жүктер (түсті металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендерді қолданбай пакеттелуі мүмкін.
348. Көп айналымдық пакеттегіш құралдарды қауіпті жүктер мен өзіне тән иісі бар жүктерді пакеттеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегіш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан - олар тазартылғаннан кейін, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейін қабылдайды.
Жайпақ тегендердегі жәшіктерді бекіткіштердің схемалары осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген.
349. Жүктерді тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүкті немесе тегенді зақымдауы мүмкін осыларға ұқсас құралдармен бекітуге рұқсат етілмейді.
350. Пакет құрастыру кезінде жүк жөнелтуші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
1) пакеттің салмағы тегендіктің көрсетілген жүк көтергіштігінен аспауы тиіс;
2) жайпақ тегеннің жан-жағынан пакеттің жиынтық асылмасы 40 мм аспауы тиіс.
351. Жүк жөнелтушілерге (жүк алушыларға) тиесілі тегендер жүктерді тасымалдаудан кейін, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерінің иелеріне қайтарылуы тиіс.
Бос тегендерді тасымалдау құны уағдаласу тарифтері бойынша алынады.
352. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе бір жолғы тапсырыста:
1) пакеттелген жүктерді тасымалдау көлемі;
2) тегендердің (пакеттердің) үлгілері мен параметрлері;
3) пакеттерді тиеу және түсіру тәртібі мен тәсілдері;
4) тегендерді қайтару немесе алмастыру тәртібі мен мерзімдері;
5) пакеттелген жүктерді тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келісіледі.
353. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:
1) пакеттердің санын, жеке орындардың буылып-түйілу түрін, мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес теген үлгісін;
2) пакеттегі жүктің нетто салмағын;
3) пакеттердің брутто салмағын көрсетеді.
Тауар-көлік жүкқұжатының барлық қалған деректемелері осы Ереженің 7-тарауына сәйкес толтырылады.
S6. Пакеттелген жүктерді қабылдау және
тапсыру ерекшеліктері
354. Жүктерді пакеттермен жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердің санын сырттай тексеру бойынша пакеттерді бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.
355. Бекіткіші бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуі бойынша бөлшектеледі, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегі жүк орындарының санын тексеру арқылы беріледі.
Тиелген күйдегі ақаулы тегендерді жүк алушы қабылдайды.
356. Бос тегендерді алуды, пакеттерді құрастыруды, оларды автокөлік құралдарына тиеуді және бекітуді - жүк жөнелтуші, ал пакеттерді босатуды, оларды автокөлік құралынан алуды, тегендерді түсіруді, автокөлік құралдарына бос тегендерді тиеуді жүк алушы жүзеге асырады.
Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердің механикаландырылған тиелуі мен түсірілуін қамтамасыз етеді.
357. Ақаулы бос тегендерді тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар қабылдамайды.
20-тарау. Бағасы көрсетілген жүктерді тасымалдау
358. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалдауға бағасы көрсетілген жүктерді тапсыруы мүмкін.
359. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) мынадай жүктерді:
1) бағалы металдарды, тастарды, және олардан жасалған бұйымдарды;
2) өнер туындыларын, көркем құндылықтарды және антиквар заттарды;
3) бейне және дыбыс аппаратурасын;
4) электрондық-есептеу, көшіру және көбейту техникасын;
5) машиналардың, жабдықтың, аспаптардың тәжірибелік үлгілерін;
6) алып барусыз тасымалданатын жеке (тұрмыстық) қажеттілікке арналған жүктерді тасымалдауға ұсыну кезінде бағасын көрсетуі қажет.
360. Жүктің құны, оның сатушының есебінде көрсетілген немесе шартта көзделген бағасына сүйене отырып, ал олар болмаған кезде, салыстырмалы жағдайларда бұған ұқсас тауар үшін алынатын бағаға сүйене отырып белгіленеді. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, жүктің құны сараптамамен белгіленеді, ол туралы акті жасалады.
361. Тасымалдауға бағасы көрсетілген жүктерді ұсыну кезінде жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тауар-көлік жүкқұжатымен бірге осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша бағасы көрсетілген жүктерді тасымалдау тізімдемесін ұсынуы тиіс.
362. Бағасы әр түрлі жүктерді бір тауар-көлік жүкқұжаты бойынша тасымалдауға ұсыну кезінде олардың айырмашылық белгілері, орындардың саны және олардың бағасы тізімдемеде жеке жолмен көрсетіледі.
363. Бағасы көрсетілген жүктерді тасымалдау тізімдемесі үш данада жасалады, олардың біреуі жүк жөнелтушіге қайтарылады, екіншісі тасымалдаушыда қалады, ал үшіншісін тасымалдаушы жүк алушыға жүкті тапсыру кезінде береді.
364. Бірнеше әртекті бұйымдардан тұратын жүктер тасымалдау үшін "Жеке (тұрмыстық) қажеттілікке арналған жүктер" деген жалпы атаумен, осы жөнелтімді құрайтын жеке бұйымдардың атаулары көрсетіліп тапсырылады.
365. Жүк жөнелтуші жүктерді тасымалдау үшін ұсыну кезінде тауар-көлік жүкқұжатында - олардың массасын, ыдысты және майда даралы жүктерді ұсыну кезінде сонымен қатар жүк орындарының санын, әрбір атау бойынша жеке жолмен көрсетуі тиіс. Тасымалдау үшін ұсақ жөнелтімдермен тапсырылатын жүктерді тасымалдаушы әрбір жүк орнын таразыға тарту актісіне сәйкес және жүк орындарының санын тексеру арқылы қабылдайды.
366. Контейнерлерді, олармен жеке, отбасылық, үй және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушы немесе көліктік-экспедиторлық ұйым қарап шешіп және жүк жөнелтушінің есебінен пломбалауы тиіс.
367. Жүк жөнелтуші ұсынған тасымал құжаттарын ресімдеу кезінде тасымалдаушы жүк жөнелтушінің тізімдемені толтыру дұрыстығын тексереді, оған жүкқұжатының нөмірін көрсетеді, "Тізімдеме қабылданды" деген жолға қол қояды және тасымалдаушының күнтізбелік штемпелін қояды. Егер тізімдеме бірнеше парақта жасалған болса, күнтізбелік штемпель және жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының қолдары әрбір параққа қойылуы тиіс.
21-тарау. Жүктердің халықаралық тасымалдары
368. Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары осы Ереженің, сондай-ақ халықаралық қатынаста автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруды регламенттейтін өзге де нормативтік-құқықтық кесімдердің және тиісті халықаралық шарттардың талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
1-қосымша
1-дана - жүк жөнелтушіге
2-дана - жүк алушыға
3 және 4-дана - тасымалдаушыға
_____________
Кодтар |_|_|_|_|_|_|_| N______ТАУАР-КӨЛІК ЖҮКҚҰЖАТЫ
|_|_|_|_|_|_|_| "___" _____________ 200__ж.
Автомобиль_______________ N_____ сериясы______
маркасы, мем. нөмір белгісі
жолдама параққа код
Тасымалдаушы______________ Жүргізуші______________ _______________
атауы Т.А.Ә.а. | |
Тасымалдау түрі ______________________________ код |_______________|
Тапсырыс беруші (төлеуші)_____________________ код | |
атауы |_______________|
Жүк жөнелтуші_________________________________ код | |
атауы |_______________|
Жүк алушы_____________________________________ код | |
атауы |_______________|
Тиеу пункті_______________________________________ | |
мекен-жайы |_______________|
Түсіру пункті __________________________ Маршрут N | |
мекен-жайы |_______________|
Мекен-жайын ауыстыру______________________________ | |
жаңа алушының атауы және мекен-жайы |_______________|
1. Тіркеме _______________________________________ | |
маркасы, мем. нөмір белгісі Көлікжай N |_______________|
___________________________________________________
жауапты тұлғаның қолы
2. Тіркеме _____________________________ Көлікжай N
маркасы, мем. нөмір белгісі
ЖҮК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР*) | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Номенкл. |
Прейск. N пози- |
Тауар (жүк) өнімі- |
Өлшем |
Саны |
Баға- |
Сома- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жиынтығы... |
таблицаның жалғасы
Жүкпен |
Орама |
Орын- |
Мас- |
Жүктің |
Жүктің |
Брутто |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Сапар- |
Барлығы__________________ сомаға түсті. ___________________
жазбаша лауазымы, қолы
__________________________босатуға рұқсат берді
Көрсетілген Орындар Ыдысы, орамасы жарамды |
Көрсетілген Орындар Ыдысы, орамасы жарамды |
__________берген |
Брутто массасы, т |
Брутто массасы, т |
|
Тапсырды _____________ |
Экспедитор-жүргізуші |
|
Экспедитор-жүргізуші |
Қабылдады_____________ |
ТИЕУ-ТҮСІРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Тәсіл |
Уақыты, сағ., мин. |
|||||
Опера- |
Орын- |
Қол, |
КОДЫ |
кел- |
кет- |
тұрып |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
|
тиеу |
||||||
түсіру |
таблицаның жалғасы
Қосымша операциялар |
Көліктік қызметтер |
||
уақыты, |
атауы., |
Жауапты |
|
21 |
22 |
23 |
|
БАСҚА МАҒЛҰМАТТАР (тасымалдаушы толтырады) |
|||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
жолдардың топтары |
эксп. |
көліктік |
|||||
бар- |
қа- |
I |
II |
III |
клиент- |
жүргі- |
|
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
таблицаның жалғасы
Түзету коэфф-і |
айып- |
Жасалған актілер |
|||
жүргі- |
негізгі |
||||
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
|
Құн |
Тон- |
Авто- |
Арнайы көлік үшін |
Көлік- |
Тиеу- |
Нормативтен |
|
тиеу |
тү- |
||||||
37 |
38 |
39 |
40 |
41 |
42 |
43 |
|
Орын- |
|||||||
Баға- |
|||||||
Тө- |
таблицаның жалғасы
Басқа |
Тұрып қалуды |
Барлығы |
Баға қою ___________ |
|
44 |
45 |
46 |
47 |
|
Баға қоюшының
қолы_________________
_____________________
*) Тауар-көлік жүкқұжатының "Жүк туралы мағлұматтар" деген бөлімінде босатылатын тауарлық-материалдық құндылықтардың барлық атаулары мен сипаттамаларын атап өту мүмкін болмаған жағдайларда, тауар-көлік жүкқұжатына тауарлық бөлім ретінде белгіленген тәртіппен бекітілген арнайы нысандар (тауар жүкқұжаты мен басқа нысандар) оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілуі тиіс, олар бойынша жүк жөнелтушілердегі тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару және оларды жүк жөнелтушілерде жұмсау, сондай-ақ қоймалық, жедел және бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
Бұл жағдайларда тауар-көлік жүкқұжатының "Жүк туралы мағлұматтар" деген бөлімінің 1, 2, 4, 5, 6 және 7-бағаналары толтырылмайды. Көрсетілген бағаналардың бос жолдарында арнайы нысандардың атаулары, нөмірлері және олардың есептен шығарылған күндері жазылады.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
2-қосымша
Арнайы таңбалау белгілері
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Дөңгелек ағаш материалдарын таңбалау белгісі
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
3-қосымша
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
4-қосымша
Пломбаларды ілу тәсілдерінің схемалары
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
1-сурет. Екі қатарлас саңылаулары бар қорғасын пломбаларды
ілу тәсілінің схемасы
2-сурет. Камералы қорғасын пломбаларды ілу тәсілінің схемасы
3-сурет. Камералы полиэтилен пломбаларды ілу тәсілінің
схемасы
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
5-қосымша
4-у нысаны
Сериясы __ ЖҮК АВТОМОБИЛІНІҢ N___ ЖОЛДАМА ПАРАFЫ
______
Жұмыс режимі _______ Код |______|
"___" _____200__ж. _______________________
______
Тасымалдаушы Автомобиль ____________ Көлік ж. N |______|
мөртабанының орны маркасы мем.
нөмір белгісі ______
Жүргізуші _____________ Таб. N |______|
Т.А.Ә.а., жеке
басы куәлігінің N,
класы
______
Тіркеме _______________ Көлік ж. N |______|
маркасы
мем. нөмір белгісі
Алып баратын тұлғалар:_______________________
Жүргізушінің және автомобилдің жұмысы | |||||
---|---|---|---|---|---|
операция |
кесте |
нөлдік |
спидо- |
нақты |
|
сағ. |
мин. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
көлікжайдан |
|||||
көлікжайға |
таблицаның жалғасы
Жанармай қозғалысы, литр
жанар- |
марка |
бе- |
қалдық |
тап- |
норма |
жұмыс уақы- |
||
шығу |
қай- |
арн. |
қозғ. |
|||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
қол- |
май |
механ. |
ме- |
май |
диспетчердің |
|||
жанармайға берілген талондардың сериялары мен нөмірлері |
таблицаның жалғасы
ЖҮРГІЗУШІГЕ ТАПСЫРМА | |||||
---|---|---|---|---|---|
кімнің иелі- |
уақыт |
сағат. |
са- |
Ерекше |
|
келу |
кету |
_____________ |
|||
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
|
Жүргізуші куәлігін тексерді
____ л жанармай беруге тапсырма берді.
Автомобиль техникалық жағынан жарамды __________________
Шығу рұқсат етілген, механиктің қолы ___________________
Тапсырыс берушінің қолы ________________________________
Жүргізуші денсаулық жай-күйі бойынша басқаруға
жіберілген, қолы _______________________________________
мөртабан
Автомобильді қабылдады, жүргізушінің қолы ______________
жарамды
Автомобиль қайтарылған кезде ____________
жарамсыз
Жүргізуші тапсырды ____________ Механик қабылдады ______
____________________________________________________________________
кесу сызығы
____________________________________________________________________
ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ТАЛОНЫ
N ____жолдама
параққа сериясы ____
200 __ ж."____"______________________________
Тасмалдаушы _________________________________
атауы
Автомобиль __________________________________
маркасы мем. нөмір белгісі үлгісі
Тіркеме __________________________________
маркасы мем. нөмір белгісі үлгісі
Тапсырыс бер ________________________________
атауы
_____________________________________________
жауапты тұлғаның Т.А.Ә.а., лауазымы
Уақыты (сағ., мин) |
келген кезде |
|
кеткен кезде |
||
Спидометр |
келген кезде |
|
кеткен кезде |
||
Қоса берілген ТҚЖ |
Сапарлар саны |
|
ТҚЖ саны |
||
Тапсырыс берушінің қолы және мөртанбаны
______________________________________
(тасымалдаушы толтырады)
Құн есебі |
төленген |
барлық |
сапардың |
барлығы |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
Өлшем |
сағ., мин |
км. |
тг, т |
|
Орындалды |
х |
|||
Тариф |
х |
|||
Төлеуге |
Баға қоюшының қолы ________________________
____________________________________________________________________
кесу сызығы
____________________________________________________________________
ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ТАЛОНЫ
N ____жолдама
параққа N сериясы ____
200 __ ж."____"______________________________
Тасмалдаушы _________________________________
атауы
Автомобиль __________________________________
маркасы мем. нөмір белгісі үлгісі
Тіркеме __________________________________
маркасы мем. нөмір белгісі үлгісі
Тапсырыс бер ________________________________
атауы
_____________________________________________
жауапты тұлғаның Т.А.Ә.а., лауазымы
Уақыты (сағ., мин) |
келген кезде |
|
кеткен кезде |
||
Спидометр |
келген кезде |
|
кеткен кезде |
||
Қоса берілген ТҚЖ |
Сапарлар саны |
|
ТҚЖ саны |
||
Тапсырыс берушінің қолы мен штампы
______________________________________
(тасымалдаушы толтырады)
Құн есебі |
төленген |
барлық |
сапарлар, |
барлығы |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
Өлшем |
сағ., мин |
км. |
тг, т |
|
Орындалды |
х |
|||
Тариф |
х |
|||
Төлеуге |
Баға қоюшының қолы ________________________
таблицаның жалғасы
Қозғалыс маршруты (тапсырыс беруші толтырады) |
|||||||
сапар N |
қайдан |
қайда |
|||||
26 |
27 |
28 |
|||||
Тапсырыс берушінің қолы |
|||||||
Желіде тұрып қалу |
|||||||
атауы |
коды |
күні және уақыты |
жауапты |
||||
аяқта- |
басталуы |
||||||
АВТОМОБИЛЬ МЕН ТІРКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ |
|||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
жанармай |
тапсырмадағы |
жүк- |
жүріс (км) |
||||
норма |
нақты |
барлығы |
|||||
авто- |
тір- |
оның |
ав- |
тір- |
|||
34 |
35 |
36 |
37 |
42 |
43 |
44 |
45 |
БАҒА ҚОЮ ____________________ |
еңбекақы |
||||||
коды |
со- |
||||||
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
6-қосымша
4-к нысаны
Тасымалдаушы
мөртабанының орны Сериясы______________
ЖҮК АВТОМОБИЛІНІҢ №N____ЖОЛДАМА ПАРАҒЫ
" "___________________200 ж.
___________
Жұмыс режимі_________________________________ |___________|
_______________________________ Коды
Легі___________________________ Бригадасы
___________
Автомобиль ____________________ Көлікжай | |
маркасы мем.N үлгісі |___________|
Жүргізуші ____________________ Таб. N | |
Т.А.Ә.а., жеке басы куәлігінің |___________|
Тіркеме 1 ____________________ Көлікжай N | |
маркасы мем. N |___________|
Тіркеме 2 ____________________ Көлікжай N | |
маркасы мем. N |___________|
Тіркеме 3 ____________________ Көлікжай N | |
маркасы мем. N |___________|
Алып барушы тұлғалар:_______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жүргізушінің және автомобильдің жұмысы |
|||||
операция |
кесте бойынша уақыт |
нөлдік жүріс, |
Спидо- |
іс |
|
сағат |
мин |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
көлік |
|||||
Көлік |
Жанармай қозғалысы, литр |
||||||||
Жа- |
Мар- |
бе- |
қалдық |
тап- |
Норма |
жұмыс |
||
шық- |
қай- |
Ар- |
қоз- |
|||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
қол- |
май |
ме- |
механ. |
май |
диспетчердің |
|||
Жанар- |
||||||||
ЖҮРГІЗУШІГЕ ТАПСЫРМА | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
кімнің |
келу |
жүкті |
жүкті |
жүк- |
жүкпен |
қа- |
тасы- |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
Жиын- |
Жүргізуші куәлігін тексерді, тапсырма берді,__________________
литр жанармай берілсін.
Диспетчердің қолы
Жүргізуші денсаулығының жай-күйі бойынша басқаруға жіберілген,
қолы__________________________________________________________
мөртабаны
Автомобиль техникалық жағынан жарамды ________________________
Шығуға рұқсат етілген, механиктің қолы _______________________
Автомобильді қабылдады, жүргізушінің қолы ____________________
Қайтқан кезде автомобиль жарамды
жарамсыз
Жүргізуші тапсырды ___________________________________________
Ерекше белгілері:_____________________________________________
______________________________________________________________
Механик қабылдады ____________________________________________
Жүйелілігі |
||||
сапарлар |
қоса |
келу |
жүк |
тасымал- |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
________ ________
|________| ТҚЖ саны |________|___________________дана
(жазбаша)
Желіде тұрып қалу |
||||
атауы |
коды |
күні және уақыты |
жауапты |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
Жүргізуші тапсырды__________Диспечер қабылдады_______
БАҒА ҚОЮ __________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
АВТОМОБИЛЬ МЕН ТІРКЕМЕЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
жанармай |
тапсырмадағы уақыт (сағ., мин) |
|||||
норма |
нақты |
бар- |
оның ішінде автомобильдің |
|||
авто- |
тірке- |
қозға- |
тұрғандағы |
|||
барлығы |
тиелу, |
|||||
бар- |
||||||
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
39 |
40 |
таблицаның жалғасы
АВТОМОБИЛЬ МЕН ТІРКЕМЕЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
тапсырмадағы |
жүкпен |
жүріс (км) |
||||
оның ішінде |
||||||
тұрғындағы |
жалпы |
оның ішінде |
||||
тиелу, |
техн. |
автомо- |
тірке- |
автомо- |
тірке- |
|
норма- |
||||||
41 |
42 |
43 |
44 |
45 |
46 |
47 |
таблицаның жалғасы
АВТОМОБИЛЬ МЕН ТІРКЕМЕЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ |
ЖАЛАҚЫ | ||||
---|---|---|---|---|---|
тасымалданды |
орындалды (ткм) |
коды |
сомасы |
||
барлығы |
оның |
барлығы |
оның |
||
48 |
49 |
50 |
51 |
52 |
53 |
______________
автомобиль маркаларының кодтары |______________|
______________
тіркемелердің |______________|
______________
Жұмыстың автом.-күндері |______________|
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
7-қосымша
А К Т І
________________________ 200_ ж. "___" ____________
(елді мекеннің атауы)
Тасымалдаушы _______________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
____________________________________________________________________
(автокөлік құралының маркасы және мемлекеттік нөмір белгісі)
Тіркеме нөмірі _____________________________________________________
Осы акті мына тұлғалардың қатысуымен жасалды:
1) _________________________________________________________________
(Т.А.Ә.а., атқаратын қызметі, жеке басын куәландыратын құжаттың
нөмірі, кім және қашан берген)
2) _________________________________________________________________
3) _________________________________________________________________
Жүк жөнелтуші ______________________________________________________
Жүк алушы __________________________________________________________
200__ ж. "___"» ___________ N ________ тауар-көлік жүкқұжаты
____________________________________________________________________
Жүктің атауы _______________________________________________________
Акті жасауға себеп болған жағдайлардың сипаттамасы:_________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қолдар:
Ескертулер: 1. Актіге, акті жасау үшін негіз болған
жағдайларды куәландыруға қатысқан тараптар
(тұлғалар), бірақ ең кемі екі тұлға қол қояды.
2. Тасымалдаушы жағынан актіге: басшы (оның
орынбасары), пайдалану қызметінің қызметкерлері,
экспедитор-жүргізуші қол қоюы мүмкін.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
8-қосымша
Тасымалдауға ұсынылатын еттің, сорпа
өнімдерінің және жартылай дайын ет
тағамдарының температурасы
Р/с |
Жүктің атауы |
Тасымалдауға ұсынылатын |
Мұздатылған ет |
||
1. |
Сиыр еті |
минус 6-дан жоғары емес |
2. |
Қой еті мен ешкі еті |
минус 6-дан жоғары емес |
3. |
Шошқа еті |
минус 6-дан жоғары емес |
4. |
Ет текшелері |
минус 6-дан жоғары емес |
5. |
Құс еті, қоян еті |
минус 18-дан жоғары емес |
6. |
Сорпа өнімдері |
минус 18-дан жоғары емес |
Тоңазытылған ет |
||
7. |
Сиыр еті |
плюс 2-ден плюс 6-ға дейін |
8. |
Қой еті |
плюс 2-ден плюс 6-ға дейін |
9. |
Шошқа еті |
плюс 2-ден плюс 6-ға дейін |
10. |
Құс еті, қоян еті |
плюс 2-ден плюс 6-ға дейін |
Суыған ет |
||
11. |
Сиыр еті |
плюс 4-тен плюс 12-ге дейін |
12. |
Бұзау еті мен қой еті |
плюс 4-тен плюс 12-ге дейін |
Ет тағамдары |
||
13. |
Шикідей ысталған, |
плюс 2-ден плюс 8-ге дейін |
14. |
Пісірілген шұжықтар |
плюс 2-ден плюс 8-ге дейін |
Ескерту . Ет тағамдары ыдысталған түрде тасымалданады.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
9-қосымша
Авторефрижератор шанағындағы жүктің
және ауаның температурасын бақылау
тексеру парағы
N __ жолдама параққа жүргізуші _______ жартылай тіркеменің N________
Жартылай тіркеменің термометріне түзету _______ 0 С__________________
(механиктің қолы)
Авторефрижераторға толтырылды________________________температуралық
(жүктің атауы)
режим ______________________________________________________________
(Ереженің 14-қосымшасының 4-5-бағаналары)
Жүк жөнелтушінің атауы _____________________________________________
Жүк алушының атауы _________________________________________________
Тиелуге берілген уақыты ____________________________________________
Шанақтағы тиеу алдындағы температура_____________ 0 С
Жүктің тиеу алдындағы температурасы______________ 0 С
Қолы (жүк жөнелтушінің) _________________________
Р/с |
Күні, |
Бақылау |
Шанақтағы |
Бақылау |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
4 |
||||
5 |
||||
6 |
||||
7 |
||||
8 |
||||
9 |
||||
10 |
Жүк алушыға келген уақыты______________________________
Тиеу алдындағы шанақтағы температура___________________ 0 С
Жүк алушының қолы______________________________________
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
10-қосымша
Жануарларды тиеу схемасы
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
11-қосымша
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
1-сурет. Тегенге кірпіштерді қалау схемасы
2-сурет. Төрт қырлы бөренені қолдану арқылы пакеттерді
шанаққа көлденеңінен орналастыру схемасы
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
12-қосымша
(Жабдықтаушы мөртабанының орны)
Жүкқұжатқа арналған тауарлық ерітіндінің
ПАСПОРТЫ
1. Саны _________________________________________________________ м 3
(сандармен және жазбаша)
2. Маркасы 200, 150, 100, 75, 50, 25, А-10
3. Түрі: цементтік, күрделі, әктасты
4. Аязға шыдамды қосымша: бар, жоқ
5. Жарамдылық мерзімі - 2 сағат 30 минут
6. Дайындау уақыты __________________ сағат ___________________минут
____________________________________________________________________
(қажетінің асты сызылсын, әрбір автокөлік құралына беріледі)
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
13-қосымша
N______ ілеспе ведомость
____________________________ 200_ж.«"___"___________
(елді мекеннің атауы)
Экспедитор-жүргізуші _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Автомобильдің маркасы______________________ Мем. N ___
Автомобильдің тиістілігі______ Контейнерлерді жөнелтуші_____________
(атауы, мекен-жайы)
Контейнерлерді алушы ____________________ N _____ өтінім (тапсырыс)
(атауы және мекен-жайы)
Кон- |
Көрсе- |
Контей- |
Контей- |
Контей- |
Норма- |
Контей- |
Контейнерлердің барлығы ____________________________________
Тапсырды__________________ Қабылдады _______________________
(қолы) (қолы және мөтбабаны)
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
14-қосымша
Жайпақ тегендерге жәшіктерді бекіту схемасы
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережесіне
15-қосымша
Бағасы көрсетілген жүктерді тасымалдау
ТІЗІМДЕМЕСІ
"___" ____________200__ж. N _____ тауар-көлік жүкқұжаты бойынша
Тасымалдаушы _______________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
Жөнелту пункті _____________________________________________________
Бару пункті ________________________________________________________
Жүк жөнелтуші ______________________________________________________
(жүк жөнелтушінің атауы)
Тасымалдаушы _______________________________________________________
(тасымалдаушының атауы)
Жүк алушы __________________________________________________________
(жүк алушының атауы)
Орама түрі |
Әрбір жүк |
Әрбір жүк |
Әрбір |
Бұйым- |
Әрбір |
Орындардың барлығы_____ жалпы сомасы __________________ теңге
(сандармен және жазбаша)
Тізімдеме тапсырылды _________________________________________
(жүк жөнелтушінің қолы және деректемелері)
Тізімдеме қабылданды _________________________________________
(тасымалдаушының қолы және деректемелері)