Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидаларын бекіту туралы

Астана қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-617қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 наурызда N 315 тіркелді

        Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-208-қ қаулысымен.
____________________________________

       "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21  маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы" заң күші бар  Жарлығына , Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"  бұйрығына  сәйкес, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:  <*>
      Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

      1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) Қағидалармен сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмелер беруді жүзеге асырсын.  <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

      4. Астана қаласының Қаржы департаменті қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүргізсін.

      5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 14 ақпандағы N 3-1-328қ "2003 жылға арналған дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 ақпанда N 246 болып тіркелген; 2003 жылғы 27 наурыздағы N 40 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 3 сәуірде N 36 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

       Визалар:

      Келісілді

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Денсаулық
      сақтау департаментінің директоры

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің 
2004 жылғы 3 наурыздағы  
N 3-1-617қ қаулысымен  
бекітілді        

Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде
жол жүру құнын өтеу
Қағидасы

      Осы Қағида  "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарулар туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы" заң күші бар  Жарлығына , Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"  бұйрығына  сәйкес әзірленген. <*>
      Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі негізінде мына азаматтар санаттарына беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
      2) жасы толып шыққан зейнеткерлерге;
      3) І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерге;
      4) төрт және одан көп бірігіп тұратын кәмелетке толмаған көп балалы жанұяларға (оның ішінде жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында оқитын балалар - кәмелетке толған соң - олардың оқу орындарын бітіру уақытына дейін);
      5) кәмелетке толмағандарға. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

       2. "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
      3. Дәрігерлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасы шегінде осы Қағидалардың 1-тармағындағы көрсетілген тұлғалар санынан емделуге жіберілген науқастың жол жүру құнын өтеу жылына бір рет беріледі (екі жаққа да).
      Онкологиялық, урологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың (бір адамнан көп емес) жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) олардың өтініштері бойынша жүргізіледі. <*>
      Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

       4. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) қаржылық жылға сәйкес Астана қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.

  2. Емделетін науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың
жол жүру құнын өтеу тәртібі

      5. Департамент дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың жол жүру құнын өтеуді (екі жаққа да) мына құжаттар (көшірмелері мен түпнұсқалары) негізінде жүргізеді:
      1) СТН мен Астана қаласы банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоты көрсетілген өтініш;
      2) жеке куәлігі көшірмесі;
      3) Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету комиссиясы шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі;
      4) тұрғындарды тіркеу кітапшасы;
      5) осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарына жататынын растайтын куәлік;
      6) жол жүріп барғанын дәлелдейтін билеттер. <*>
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ  қаулысымен .

       6. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастың және оны ертіп жүрген адамның жол жүру құнын өтеу темір жол көлігі, жедел поезының купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын әуе, темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде жүруіне жүргізіледі (екі жаққа да).
      7. Науқастың және оны ертіп жүрген адамның емделуге жол жүріп барғанын дәлелдейтін құжаттар емделу орнынан келген күннен екі ай мерзім ішінде тапсырылуы қажет.
      8. Емделуші науқас пен оны ертіп жүрген адамның жол жүру билеттері жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері жолының жүру бағаларын дәлелдейтін анықтама тапсырылуы керек.
      9. Департамент емделуші науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеуді науқастар мен оларды ертіп жүрген адамдардың Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Денсаулық
      сақтау департаментінің директоры

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан

Постановление Акимата города Астаны от 3 марта 2004 года N 3-1-617п. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 15 марта 2004 года N 315. Утратило силу постановлением Акимата города Астаны от 9 марта 2006 года N 23-10-208п

       Сноска. Утратило силу постановлением Акимата города Астаны от 9 марта 2006 года N 23-10-208п
___________________________
      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О  местном государственном управлении в Республике Казахстан", от 21 июня 1991 года "О  социальной защищенности инвалидов в Республике Казахстан", от 8 августа 2002 года "О правах ребенка в Республике Казахстан", с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 28 апреля 1995 года N 2247 "О  льготах и социальной  защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним",  приказом  Министра здравоохранения Республики Казахстан N 941 от 22 декабря 2003 года "Об утверждении Правил об оказании высокоспециализированной медицинской помощи - акимат города Астаны постановляет:  <*>
      Сноска. Преамбула дополнена - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .

      1. Утвердить прилагаемые Правила оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан (далее - Правила).

      2. Департаменту труда, занятости и социальной защиты населения города Астаны обеспечить выполнение программы "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов" (далее - Программа) в соответствии с Правилами.

      3. Департаменту здравоохранения города Астаны осуществлять выдачу больным выписок из протоколов решений комиссии по высокоспециализированной медицинской помощи.  <*>
      Сноска. В пункт 3 внесено изменение - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .

      4. Департаменту финансов города Астаны производить финансирование Программы в пределах средств, предусмотренных на эти цели в бюджете города.

      5. Постановление акимата города Астаны от 14 февраля 2003 года N 3-1-328п "Об утверждении Правил оплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, на 2003 год" считать утратившим силу (зарегистрировано в Управлении юстиции города Астана 28 февраля 2003 года за N 246; опубликовано в газетах: "Астана акшамы" от 27 марта 2003 года N 40; "Вечерняя Астана" от 3 апреля 2003 года N 36).

      6. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Астаны Мухамеджанова Т.М.

       Аким города Астаны                         Т. Досмуханбетов

      Визы: Мухамеджанов Т.М.
            Шакиров А.А.
            Ертаев Ж.Б.
            Мухамбетказы М.Б.
            Сарсембаев А.З.

      Согласовано

      Начальник Департамента
      финансов города Астаны                     Х. Мусин

      Директор Департамента
      здравоохранения города Астаны              М. Шайдаров

      Начальник Департамента труда,
      занятости и социальной защиты
      населения города Астаны                    А. Демеува

Утверждены       
постановлением акимата 
города Астаны     
от 3 марта 2004 года  
N 3-1-617п      

 
Правила
оплаты стоимости проезда больных,
направляемых по медицинским показаниям на лечение
в пределах Республики Казахстан

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О  местном  государственном управлении в Республике Казахстан", от 21 июня 1991 года "О  социальной  защищенности инвалидов в Республике Казахстан", от 8 августа 2002 года "О  правах ребенка  в Республике Казахстан", с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 28 апреля 1995 года N 2247 "О  льготах и социальной  защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним",  приказом  Министра здравоохранения Республики Казахстан N 941 от 22 декабря 2003 года "Об утверждении Правил об оказании высокоспециализированной медицинской помощи".  <*>
      Сноска. Преамбула дополнена - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .

 
1. Общие положения

      1. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, и лиц, их сопровождавших (в оба конца), производится при наличии выписки из протокола решения комиссии по высокоспециализированной медицинской помощи Департамента здравоохранения города Астаны, следующим категориям граждан:  <*>
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним;
      2) пенсионерам по возрасту;
      3) инвалидам I, II, III групп;
      4) многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (в том числе детей, обучающихся в высших и средних специальных учебных заведениях - после достижения ими совершеннолетия - до времени окончания ими учебных заведений);
      5) несовершеннолетним.
       Сноска. В пункт 1 внесено изменение - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .       
      2. Администратором программы "Социальные выплаты отдельным категориям граждан по решению местных представительных органов" является Департамент труда, занятости и социальной защиты населения города Астаны (далее - Департамент).
      3. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан из числа лиц, указанных в пункте 1 настоящих Правил и лиц, их сопровождающих, производится один раз в год (в оба конца).        
      Больным с онкологическими, урологическими и туберкулезными заболеваниями и лицам, их сопровождающим (не более одного человека), оплата стоимости проезда (в оба конца) производится по мере их обращения.  <*>
       Сноска. В пункт 3 внесено изменение - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .
      4. Оплата стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, и лиц, их сопровождавших (в оба конца), производится за счет средств бюджета города Астаны на соответствующий финансовый год.

 
      2. Порядок оплаты стоимости проезда больных
на лечение и сопровождавших их лиц

      5. Департамент осуществляет выплаты стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение в пределах Республики Казахстан, на основании следующих документов (копии и оригинал):
      1) заявления, с указанием РНН и лицевого (карт) счета в отделениях банков города Астаны;
      2) удостоверения личности;
      3) выписки из протокола решения комиссии по высокоспециализированной медицинской помощи Департамента здравоохранения города Астаны;  <*>       
      4) книги учета жильцов;
      5) удостоверения, подтверждающего принадлежность к категориям, указанным в пункте 1 настоящих Правил;
      6) билетов, подтверждающих факт поездки.
       Сноска. В пункт 5 внесено изменение - постановлением Акимата города Астаны от 31 мая 2004 года  N 3-1-1113п .
      6. Оплата стоимости проезда больного, направленного по медицинским показаниям на лечение, и лица, сопровождавшего его, производится за проезд на воздушном, железнодорожном и междугородном автомобильном транспорте (в оба конца), но в размере не более стоимости билета купейного вагона скорого поезда железнодорожного транспорта.
      7. Документы, подтверждающие факт проезда на лечение больного и лица, сопровождавшего его, должны быть представлены не позднее двухмесячного срока со дня приезда из места лечения.
      8. В случае утери билетов, подтверждающих проезд больного и сопровождавшего его лица, должна быть представлена справка, подтверждающая стоимость проезда до места лечения и обратно.
      9. Департамент производит оплату стоимости проезда на лечение больных и лиц, сопровождавших их, путем перечисления денежных средств на лицевые (карт) счета больных и лиц, сопровождавших их, в отделениях банков города Астаны.

      Начальник Департамента финансов                 Х. Мусин
      города Астаны

      Директор Департамента здравоохранения
      города Астаны                                   М. Шайдаров

      Начальник Департамента труда,
      занятости и социальной защиты
      населения города Астаны                         А. Демеува