Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-208-қ қаулысымен.
____________________________________
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы" заң күші бар
Жарлығына
, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"
бұйрығына
сәйкес, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
<*>
Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) Қағидалармен сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмелер беруді жүзеге асырсын.
<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
4. Астана қаласының Қаржы департаменті қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
5. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 14 ақпандағы N 3-1-328қ "2003 жылға арналған дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 ақпанда N 246 болып тіркелген; 2003 жылғы 27 наурыздағы N 40 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 3 сәуірде N 36 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Келісілді
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Денсаулық
сақтау департаментінің директоры
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 3-1-617қ қаулысымен
бекітілді
Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде
жол жүру құнын өтеу
Қағидасы
Осы Қағида
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарулар туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысы қатысушыларының, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңілдіктері мен әлеуметтік қорғалуы туралы" заң күші бар
Жарлығына
, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"
бұйрығына
сәйкес әзірленген.
<*>
Ескерту. Кіріспе толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
1. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі негізінде мына азаматтар санаттарына беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
2) жасы толып шыққан зейнеткерлерге;
3) І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерге;
4) төрт және одан көп бірігіп тұратын кәмелетке толмаған көп балалы жанұяларға (оның ішінде жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында оқитын балалар - кәмелетке толған соң - олардың оқу орындарын бітіру уақытына дейін);
5) кәмелетке толмағандарға.
<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
2. "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
3. Дәрігерлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасы шегінде осы Қағидалардың 1-тармағындағы көрсетілген тұлғалар санынан емделуге жіберілген науқастың жол жүру құнын өтеу жылына бір рет беріледі (екі жаққа да).
Онкологиялық, урологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың (бір адамнан көп емес) жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) олардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
<*>
Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
4. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеу (екі жаққа да) қаржылық жылға сәйкес Астана қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Емделетін науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың
жол жүру құнын өтеу тәртібі
5. Департамент дәрігерлік көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген науқастардың жол жүру құнын өтеуді (екі жаққа да) мына құжаттар (көшірмелері мен түпнұсқалары) негізінде жүргізеді:
1) СТН мен Астана қаласы банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоты көрсетілген өтініш;
2) жеке куәлігі көшірмесі;
3) Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету комиссиясы шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі;
4) тұрғындарды тіркеу кітапшасы;
5) осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарына жататынын растайтын куәлік;
6) жол жүріп барғанын дәлелдейтін билеттер.
<*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ
қаулысымен
.
6. Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастың және оны ертіп жүрген адамның жол жүру құнын өтеу темір жол көлігі, жедел поезының купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын әуе, темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде жүруіне жүргізіледі (екі жаққа да).
7. Науқастың және оны ертіп жүрген адамның емделуге жол жүріп барғанын дәлелдейтін құжаттар емделу орнынан келген күннен екі ай мерзім ішінде тапсырылуы қажет.
8. Емделуші науқас пен оны ертіп жүрген адамның жол жүру билеттері жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері жолының жүру бағаларын дәлелдейтін анықтама тапсырылуы керек.
9. Департамент емделуші науқастардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнын өтеуді науқастар мен оларды ертіп жүрген адамдардың Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі есеп (карталары) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Денсаулық
сақтау департаментінің директоры
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы