Ескерту: Астана қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 19 қазандағы N 23-886қ қаулысынан
Үзінді:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-617қ "Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 31 мамырдағы N 3-1-1113қ қаулысы (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 9 маусымда N 332 болып тіркелген, 2004 жылдың 15 маусымдағы N 78 "Астана хабары"; 2004 жылдың 15 маусымдағы N 78 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаевқа жүктелсін.
Әкім
______________________________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-617қ "Дәрігерлік көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілген науқастардың Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 наурызда N 315 болып тіркелген; 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 45 "Астана ақшамы"; 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 36 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі:
"Жарлығына," сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"
бұйрығына
" сөздерімен толықтырылсын;
3-тармақтағы "дәрігерлік көрсеткіштер бойынша науқастарға емделуге жолдамалар" сөздері "жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмелер" сөздерімен ауыстырылсын;
2) жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында:
кіріспесінде "Жарлығына," сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережені бекіту туралы"
бұйрығына
" сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақтағы "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті берген белгіленген үлгідегі жолдама" сөздері "жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі комиссия шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі" сөздерімен ауыстырылсын;
3-тармақтағы 1-азат жолында "Қазақстан Республикасы шегінде" сөздерінен кейін "осы Қағидалардың 1-тармағындағы көрсетілген тұлғалар санынан" сөздерімен толықтырылсын;
5-тармақтағы 3-тармақшасындағы "Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті беретін белгіленген үлгідегі емделу жолдамасы" сөздері "Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету комиссиясы шешімі хаттамасының үзінді көшірмесі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е.Толыбаевқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Қаржы департаменті
бастығының міндетін атқарушы
Әкім аппараты құжаттамалық
сараптама бөлімінің меңгерушісі
Денсаулық сақтау
департаментінің директоры
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы