РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын" одан әрі жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы негізінде және облыстық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы "Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда емделуі және жол ақысына жеңілдік берудің Ережесін бекіту туралы" № 76 қаулысына (2003 жылдың 9 шілдесінде Жамбыл облысының әділет басқармасында № 1013 тіркелген және облыстық "Ақ жол" газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 85 (15252), облыстық "Знамя труда" газетінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 84 (15251) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулының және осы қаулымен бекітілген Ереженің атауларындағы, сондай-ақ қаулының 1 тармағы мен Ереженің 1 тармағындағы "Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда" сөздері "Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде" сөздерімен ауыстырылсын;
2) Ереженің кіріспе бөліміндегі "2585100332" сандары алынып тасталсын;
3) Ереженің 1 тармағындағы "ары қарай шипажай" сөздері "ары қарай шипажайлар" сөздерімен ауыстырылсын;
4) Ереженің 2, 6 тармақтарындағы "шипажайға" сөзі "шипажайларға" сөзімен ауыстырылсын;
5) Ереженің 3 тармағындағы "және мүгедектерді емдеу - сауықтыру орнына ілестіріп апаратын тұлғаны анықтайды" сөздері алынып тасталсын;
6) Ереженің 4 тармағындағы "шипажайға" сөзі "шипажайларда" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
Облыс Әкімі | Б. Жексембин |