Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi және жол ақысына жеңiлдiк берудiң Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысының әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 76 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 9 шілдеде N 1013 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 15 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2011.01.26 №  15 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңының 44 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 27-шi бабы негізінде, облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың емделуi және жол ақысына жеңiлдiктер беру туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. <*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 167 қаулысымен.

      2. Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев) жоғарыда аталған жолдамалардың бөлiнуi мен берiлуiн бақылауға алсын. <*> 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 93 қаулысымен .

      3. Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті
(Б.З.Иманәлиев) осы мақсатқа қарастырылған бюджеттiк қаржы шегiнде қаржыландыру жүргiзсiн. <*> 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 93 қаулысымен .

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.

      Облыс Әкiмi

       Жамбыл облысы әкiмиятының
2003 жылғы 13 маусымдағы
"Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны
ауыратын науқастардың Қазақстан
Республикасының немесе ТМД
елдерінің шипажайлық-курорттық
мекемелерінде емделуi және жол
ақысына жеңiлдiк берудiң
Ережесiн бекiту туралы"
N 76 қаулысымен бекiтiлген

  Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi үшiн және жол ақысына жеңiлдiктер берудiң
Ережесi

      Осы Ереже Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға облыстық бюджет қаржысы есебiнен "Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдау" атты бюджеттiк бағдарламасы бойынша санаторлық-курорттық емделу мен жол ақысын төлеуге жеңiлдiк берудiң тәртiбiн белгiлейдi. <*>
      Ескерту. Өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167 ; 2005 жылғы 31 наурыздағы  № 93   қаулыларымен

  1. Жалпы ережелер

      1. Облыстағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде (ары қарай шипажайлар) емделу үшiн барып-қайту жол ақысы оларды әлеуметтiк қолдау, сауықтыру мен бейiмдеуге бағытталған тегiн санаторлық-курорттық емделудi қамтамасыз ету түрiнде (жылына 1 рет 30 күнтізбелік мерзімге) берiледi. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 167 ; 2005 жылғы 31 наурыздағы  №93   қаулыларымен .

      2. Омыртқа жұлыны ауыратын науқастарды шипажайларға жiберуге жолдама берудi, құжаттарды рәсiмдеу мен есепке алуды облыс бюджетiнде қарастырылған қаржы есебiнен Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 167 ; 2005 жылғы 31 наурыздағы  N93   қаулыларымен .

      3. Уәкiлеттi орган осы Ережеге сай омыртқа жұлыны ауыратындарға жолдамалар бөледi. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 167 қаулысымен.

  2. Омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға жолдама
беру тәртiбi

      4. Шипажайларға емделуге жолдама медициналық көрсеткiштер бойынша омыртқа жұлыны ауыратын мүгедектерге тегiн, төмендегi құжаттар негiзiнде берiледi:

      1) Өтiнiш
      2) Аталған шипажайда науқастың емделуiн қажет ететiнi немесе емделуге қарсы көрсеткiштердiң болмауы туралы дәрiгерлiк-консультациялық комиссия қорытындысының көшiрмесi. <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167 қаулысымен.

      5. Өтiнiш уәкiлеттi орган арнайы құрған комиссияда қаралады, бұл ретте кезектiлiк пен емделу қажеттiлiгi, ауырудың ауырлығы ескерiлуi тиiс.

      6. Шипажайларға жолдама жоғарыда аталған бюджеттiк бағдарлама бойынша бөлiнген сома шегiнде сатып алынады. <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167 қаулысымен.

      7. Жолдаманы алған тұлға (белгiлi себептермен) оны пайдаланбаған жағдайда, шипажайға баратынынан 5 күн бұрын мерзiмнен кешiктiрiлмей кезектегi науқасқа беру үшiн уәкiлеттi органға қайтаруы тиiс.

      8. Жолдама науқасқа емделуге аттанудан 5 күн мерзiмнен кем емес уақытта берiледi.

      9. Берiлетiн жолдама оны алушы мүгедектiң аты, тегi, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi көрсетiле отырып толтырылып, жолдаманы берген мекеменiң аты жазылып, мөрi басылуы тиiс. Толтырылмаған жолдаманы беруге тыйым салынады.

      10. Жолдаманы алғанда мүгедек төл құжатын және зейнеткерлiк куәлiгiн көрсетуi қажет.

      11. Жолдаманың орнына нақтылай қаражат беруге тиым салынады.

  3. Жолдамаларды есепке алу және оның
берiлуi туралы есептiлiк

      12. Емделуге және демалуға берiлетiн жолдама құнды құжат болып табылады, сақталуы және оған ақшалай қаражатпен бiрдей есеп жүргiзiлуi тиiс.

      13. Жолдама бойынша кiрiс, шығыс құжаттар, шарттар, жүкқұжаттары, шоттар, оларға ақша төленгендiгi туралы квитанциялар, есепке алу кiтаптары ақшалай кiрiс-шығыс туралы құжаттарды сақтау тәртiбiне сай сақталады.

      14. Жолдаманың пайдаланылу мерзiмi аяқталған соң жолдаманы пайдаланғаны туралы керi талон уәкiлеттi органға тапсырылады.

      15. Уәкiлеттi орган, белгiленген тәртiппен қарастырылған қаржының пайдаланылуы туралы есеп берiп отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады