Жамбыл облысы әкімиятының N 1013 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы "Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда емделуі және жол ақысына жеңілдік берудің Ережесін бекіту туралы"N 76 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 22 шілдеде № 1412 тіркелді. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 22 қазандағы 2015 жылғы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 22.10.2015 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын" одан әрі жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабы негізінде және облыстық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы "Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда емделуі және жол ақысына жеңілдік берудің Ережесін бекіту туралы" № 76 қаулысына (2003 жылдың 9 шілдесінде Жамбыл облысының әділет басқармасында № 1013 тіркелген және облыстық "Ақ жол" газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 85 (15252), облыстық "Знамя труда" газетінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 84 (15251) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда көрсетілген қаулының және осы қаулымен бекітілген Ереженің атауларындағы, сондай-ақ қаулының 1 тармағы мен Ереженің 1 тармағындағы "Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда" сөздері "Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) Ереженің кіріспе бөліміндегі "2585100332" сандары алынып тасталсын;
      3) Ереженің 1 тармағындағы "ары қарай шипажай" сөздері "ары қарай шипажайлар" сөздерімен ауыстырылсын;
      4) Ереженің 2, 6 тармақтарындағы "шипажайға" сөзі "шипажайларға" сөзімен ауыстырылсын;
      5) Ереженің 3 тармағындағы "және мүгедектерді емдеу - сауықтыру орнына ілестіріп апаратын тұлғаны анықтайды" сөздері алынып тасталсын;
      6) Ереженің 4 тармағындағы "шипажайға" сөзі "шипажайларда" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады