Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланған үшін төлемдер төлеу есептерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 57 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаметінде 2004 жылғы 26 наурызда № 2837 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі № 222 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2009.07.31 № 222 шешімімен, ҚР Үкіметінің 2006.08.25 № 817 қаулысымен бекітілген сәйкес "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу ережелерінің" 3-тармағына.
      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 473-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемдер төлеу есептері бекітілсін (қоса берілген).

      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы

Қостанай облыстық мәслихатының 
2004 жылғы 18 наурыздағы № 57  
шешімімен бекітілген      

Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының
учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін
төлем төлеу ставкалары

Орман пайдалану түрлері

Өлшем
бірлігі

Төлем ставкасы, теңге

1. Кесуге арналған орман алқабы ағаштарының шырынын дайындау

литр

5

2. Қосымша орман пайдалануы:
1) мал жаю (ірі қара мал, жылқылар, түйелер) бір ай ішінде
2) шабындық
өнімділігі - 5 ц/га
өнімділігі 5 ц/га-ү ц/га дейін
өнімділігі - 8 ц/га және одан жоғары
3) ара ұяларын, омарталарын орналастыру (орналастыруының барлық кезеңі ішінде)
4) мемлекеттік орман қорының жерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру

1 бас

гектар

гектар

гектар

1 омарта

гектар

5

60

80

120

20

150

3. Мәдени-демалыс, емделу, ғылыми зертеу мақсатында орманды тәулік сайын пайдаланғаны үшін

адам

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады