Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану тәртiбiн анықтау мақсатында, Павлодар қаласының
әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бекiтiлсiн:
Қоса берiлiп отырған "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида);
Қосымшаға сәйкес өкiлеттi шығындар мөлшерi.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Х.Т. Оспановқа жүктелсiн.
Павлодар қаласының әкiмi Б. Демеуов
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 19 сәуірдегі
"Өкiлеттi шығындарға және
"өкiлеттi шығындар мөлшерiне
арналған қаражат есебінен
iс-шараларды өткiзу"
бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған
қаражатты пайдалану
Қағидасын бекiту туралы"
N 285/8 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
"Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану
Қағидасы
1. Осы қағида "Өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзу" бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану тәртiбiн анықтайды.
2. Өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты - тиiстi қаржылық жылға қалалық бюджетте қаралған және шетел делегациясын қабылдауға, мәжiлiс, семинар, салтанатты және ресми iс-шараларды өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне бөлiнген қаражат.
Өкiлеттi шығындарға:
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамада қаралған Павлодар қаласы әкiмiмен шақырылатын адамдардың мейманханаларда тұруы үшiн төлемақы және баратын жерлерге көлiк шығынына;
2) ресми түскi, кешкi тамақтануға, кофе-брейкке, фуршеттерге;
3) ресми қабылдау кезiнде музыкамен сүйемелдеуге;
4) базарлықтар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға;
5) көлiкпен қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызмет көрсету төлемақысына;
7) залды жалға беруге;
8) үй жайларға жабдықтар сатып алуға, ағымдағы жөндеу жүргiзуге және басқа шығындарға байланысты жұмсалатын шығындар жатады.
2. Өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзуге бөлiнген, қалалық бюджеттiң
қаражатын пайдалану тәртiбi
3. Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы өкiлеттi шығындарға арналған қаражат есебiнен iс-шараларды өткiзу үшiн тиiстi қаржылық жылға қалалық бюджетте қаралған шығындар көлемiнен өкiлеттi шығындар талап ететiн, iс-шаралардың жылдық жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) жасайды. Жоспардың саяси маңыздылығын ескере отырып, болжамдалмаған iс-шараларды өткiзу және бөлiнген қаражаттың көлемiне қарай жыл бойы түзетiлуi мүмкiн.
4. Павлодар қаласы қаржы басқармасы өкiлеттi шығындарға арналған қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген, қалалық бюджетте қаралған бар қаражатты:
1) iс-шараларды өткiзу қажеттiлiгiне негiздеу;
2) деңгейi және пiшiмi бойынша делегацияларды қабылдау бағдарламасы;
3) iс-шараларға дайындық және өткiзу жөнiндегi жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығындардың әрбiр өзiндiк ерекшелiгiн негiздеумен қаржыландыру жоспары;
6) осы Қағиданың 3 тармағына сәйкес, Жоспардағы iс-шаралары тиiстi жүзеге асырылады.
5. Осы Қағиданың 2 тармағы 3), 4) тармақшаларымен белгiленген - өкiлеттi шығындар бойынша Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы Павлодар қаласы қаржы басқармасына Қазақстан Республикасының белгiленген заңнама тәртiбiнiң сақталуын растайтын, тауар мен қызметтiң бағасы, сондай-ақ осы тауарлар мен қызметтi ұсынып отырған, мекемелердiң деректемелерi көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
6. Жоспардың негiзiнде Павлодар қаласы қаржы басқармасы осы қаулымен бекiтiлген, өкiлеттi шығындар мөлшерiне сәйкес өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген қаражатты жүзеге асырады.
7. Павлодар қаласы қаржы басқармасы өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жүргiзедi.
8. Өкiлеттi шығындар қаражаты есебiнен iс-шараларды өткiзуге қаражатты алған Павлодар қаласы әкiмiнiң iс басқармасы iс-шараларды өткiзгеннен кейiн көрсетiлген қаражаттың пайдаланылғаны туралы есеп беру, өкiлеттi шығындар қаражатын алған адамдар сатып алынған тауарлардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы мен көлемi көрсетiлген, тиiстi тауарды, жұмысты, қызметтi өткiзген мекеменiң мөрi қойылған, растайтын құжаттарды (түбiртегi, шот-фактура, жүкқұжат) Павлодар қаласының қаржы басқармасына 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тапсырады.
9. Өкiлеттi шығындар қаражатының мақсатты және нәтижелi пайдалану жауапкершiлiгi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерiне жүктеледi.
Павлодар қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 19 сәуірдегі
"Өкiлеттi шығындарға және
"өкiлеттi шығындар мөлшерiне
арналған қаражат есебiнен
iс-шараларды өткiзу"
бағдарламасы бойынша
қалалық бюджетте қаралған
қаражатты пайдалану Қағидасын
бекiту туралы" N 285/8 қаулысына
ҚОСЫМША
Өкiлеттi шығындар мөлшерi
N |
Шығындар атауы |
Теңгедегi құны |
1 |
Ресми түскi, кешкi тамаққа шыққан |
6500 дейiн |
2 |
Келiссөз кезiнде буфетте қызмет көрсету, |
1040 дейiн |
3 |
Сағаттық төлем есебiнен қабылдайтын |
700 дейiн |
4 |
Сағаттық төлем есебiнен қаржыландыру |
1200 дейiн |
Ескерту:
1. Ресми түскi, кешкi тамақ өткiзу кезiнде қала жағынан қатысушылар саны делегация жағынан қатысушылар санынан аспауы керек.
2. Бес адамнан көп делегация құрамында ерiп жүретiн адамдар мен аудармашылар, делегацияға қызмет көрсететiн (iлеспе аудармадан басқа) бiр аудармашы есебiне немесе ерiп жүретiн адамдар делегацияның бес адамнан тұратын мүшелерiнен кем емес болуы қажет.