Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы Ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 14 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3435. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.28 № 350 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берілген салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы Ережелер бекітілсін.
     2. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің техникалық реттеу және метрология басқармасы белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасы        
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология  
Комитеті Төрағасының         
2005 жылғы 20 қаңтардағы      
N 14 бұйрығымен бекітілген     

Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы
деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік
ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы
Ережелер 1 тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережелер өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлғалардың электрондық есебінің (әрі қарай - Салыстырып тексеретін субъекттер), салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (әрі қарай - МҒМО) беру тәртібін анықтайды.
 

     2. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін, республикада жүзеге асырылатын өлшемдердің жағдайын және деңгейін жылдам түрде талдау мақсатында жүзеге асырылады.

2 тарау. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары
туралы деректердің электрондық есебінің тәртібі

     3. Салыстырып тексеретін субъекттер салыстырып тексерулер жүргізу шарасы бойынша салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің өз уақтылығын және толық толтыруды осы Ережелердің 1 қосымшасының талаптарына сәйкес дайындалған бағдарламалық қамтамасыз етуде қамтамасыз етеді.
 

     4. Деректердің ақиқаттығы үшін ақпаратты ұсынатын Салыстырып тексеруші субъекттер жауапқа тартылады.

3 тарау. Салыстырып тексерілетін өлшем
құралдары туралы деректерді МҒМО беру тәртібі

     5. Салыстырып тексеруші субъекттер салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы жиналған деректерді МҒМО келесі есеп беретін әр айдың 10 күніне дейін беруге міндетті.
 

     6. Салыстырып тексеруші субъекттердің ұсынатын мәліметтерін МҒМО деректердің бірыңғай базасында жинақтайды.
 

     7. МҒМО деректердің электрондық есебіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді Салыстырып тексеруші субъекттерге ұсыну мақсатында дайындайды, енгізеді және алып жүреді.
 

     8. Деректерді беру бағдарламалық қамтамасыз ету аясында келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
     осы Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес электрондық поштамен электрондық хат толтыру нысанын пайдалану арқылы;
     поштамен электрондық түрде;
     электрондық түрде қолма-қол.
 

     9. Деректерді беру фактін МҒМО үш күн ішінде растауы қажет. Деректерді алғанын растау үшін МҒМО осы Ережелердің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша квитанция береді. Деректер поштамен немесе электрондық поштамен берілген жағдайда, алғанын растау туралы квитанция электрондық поштамен жіберіледі. Деректер қолма-қол тәсілмен берілген жағдайда, квитанция деректерді алу факті бойынша деректерді берген уәкілетті тұлғаға беріледі.

4 тарау. Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары
туралы деректердің есебін және МҒМО беруді мемлекеттік
метрологиялық қадағалау

     10. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын кезде келесілер тексеріледі:
     салыстырып тексеруші субъекттердің МҒМО беру үшін салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін қажетті көлемде жүргізуі;
     деректерді өз уақытында беру;
     салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебінің ақиқаттылығы;
     осы Ережелердің 9 тармағына сәйкес клиенттердің деректерді МҒМО бергенін растайтын құжаттар немесе басқа растаулар.

Салыстырып тексерілетін өлшем   
құралдары туралы деректердің    
электрондық есебі және оларды   
мемлекеттік ғылыми метрологиялық
орталыққа беру туралы Ережелерге
1 қосымша           

Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы
деректердің толықтылығына қойылатын талаптар

     Салыстырып тексерілетін өлшем құралдарының әрбіреуі туралы деректер келесі мәліметтерден тұруы қажет:
     салыстырып тексеру туралы сертификат нөмірі (жарамсыздығы туралы хабарлама) және (немесе) өзі жабысатын лейблдың нөмірлі коды;
     өлшем құралының (эталонның) атауы;
     түрі, белгіленуі;
     зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);
     өлшемдер шегі;
     дайындаушы (деректер болған жағдайда);
     дайындау уақыты (деректер болған жағдайда);
     пайдаланушы (деректер болған жағдайда);
     салыстырып тексеру бойынша нормативті құжаттардың белгіленуі және атауы;
     салыстырып тексеру кезінде пайдаланылған эталонның және көмекші жабдықтың белгіленуі;
     сынып немесе басқа дәлдік сипаттамалары;
     дәрежесі;
     салыстырып тексеру уақыты;
     сертификаттың немесе өзі жабысатын лейблдың қолдану мерзімі;
     бөлім (зертхана) бастығының тегі, аты, әкесінің аты;
     салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты.

Салыстырып тексерілетін өлшем   
құралдары туралы деректердің    
электрондық есебі және оларды   
мемлекеттік ғылыми метрологиялық
орталыққа беру туралы Ережелерге
2 қосымша            

Электрондық хат толтыру нысаны

     1. "Кімге" алаңында ("To") МҒМО электрондық поштасының мекен жайы болуы қажет;
     2. "Копия" алаңында ("Copy") МҒМО электрондық поштасының альтернативті мекен жайы болуы қажет;
     3. "Тақырып" алаңында ("Subject") деректерді жіберген Салыстырып тексеруші субъекттің атауы болуы қажет, және ол бос болмауы қажет;
     4. Хат мәтінінде келесі ақпарат көрсетіледі: "салыстырып тексеру сертификаттарының бланктары және "_уақыты_" және "_уақыты_" дейін жарамсыздығы туралы хабарламалар туралы деректер базасының архиві";
     5. Хатқа салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректері бар файл архиві қыстырылған болуы қажет. Архивта басқа ешқандай файлдар болмауы қажет;
     6. Хатқа көрсетілген архивтан басқа ешқандай басқа файлдар қыстырылған болмауы қажет.

                                  Салыстырып тексерілетін өлшем
                                  құралдары туралы деректердің
                                  электрондық есебі және оларды
                                 мемлекеттік ғылыми метрологиялық
                                 орталыққа беру туралы Ережелерге
                                               3 қосымша

   Деректерді алу туралы расталуы бар квитанция нысаны

                         N___ КВИТАНЦИЯ

  _______________________________________________________________
               (салыстырып тексеруші субъекттің атауы)

     салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді
____.____20___ж. және____.____20___ж. аралығында __________________
                                                   (МҒМО) атауы

___________________________________________________________________
                        (ақпарат түрі)

салыстырып тексерілген өлшем құралдары    _________;
жарамсыздығы туралы хабарлама             _________;
сертификаттар                             _________;
пломбалар                                 _________;
лейблдар                                  _________;
таңбалар                                  _________
данада алғаны туралы берілген.

     Салыстырып тексеруші төрағасының
     тегі, аты, әкесінің аты, қолы ___________________________

     Деректерді алған тұлғаның тегі,
     аты, әкесінің аты, қолы       ___________________________

                                   ___________________________
                                               (уақыты)

                                                    МО

Об утверждении Правил электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр

Приказ и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 января 2005 года № 14. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 февраля 2005 года № 3435. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 350

     Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министр индустрии и новых технологий РК от 28.09.2012 № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

     В целях реализации Закона Республики Казахстан «Об обеспечении единства измерений»  ПРИКАЗЫВАЮ:
     1. Утвердить прилагаемые Правила электронного учета данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в государственный научный метрологический центр.
     2. Управлению технического регулирования и метрологии Комитета по техническому регулированию и метрологии обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
     4. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

  И.о. Председателя

Утверждены приказом    
Председателя Комитета по  
техническому регулированию  
и метрологии Министерства  
индустрии и торговли    
Республики Казахстан    
от 20 января 2005 года N 14

Правила 
электронного учета данных 
о поверяемых средствах измерений и их передачи 
в государственный научный метрологический центр Глава 1. Общие положения

     1. Настоящие Правила определяют порядок электронного учета юридическими лицами, аккредитованными в установленном порядке на право поверки средств измерений (далее - Поверяющие субъекты), данных о поверяемых средствах измерений и их передачи в Государственный научный метрологический центр (далее - ГНМЦ).
     2. Электронный учет данных о поверяемых средствах измерений осуществляется с целью оперативного анализа технической основы государственной системы обеспечения единства измерений Республики Казахстан, состояния и уровня измерений, осуществляемых в республике.

  Глава 2. Порядок электронного учета данных 
о поверяемых средствах измерений

     3. Поверяющие субъекты по мере проведения поверок обеспечивают своевременность и полноту заполнения данных о поверяемых средствах измерений в программном обеспечении, разработанном в соответствии с требованиями приложения 1 к настоящим Правилам.
     4. За достоверность данных ответственность несут Поверяющие субъекты, предоставляющие информацию.

  Глава 3. Порядок передачи данных о 
поверяемых средствах измерений в ГНМЦ

     5. Поверяющие субъекты должны осуществлять электронный учет данных о поверяемых средствах измерений и их передачу в ГНМЦ ежемесячно в срок до 10 числа месяца, следующего за отчетным.
     6. Сведения, предоставляемые Поверяющими субъектами, ГНМЦ аккумулирует в единой базе данных.
     7. ГНМЦ организует разработку, внедрение и сопровождение программного обеспечения для электронного учета данных с целью предоставления Поверяющим субъектам.
     8. Передача данных осуществляются в рамках программного обеспечения следующими способами:
     по электронной почте с использованием формы заполнения электронного письма согласно приложению 2 к настоящим Правилам;
     по почте на электронном носителе;
     нарочным на электронном носителе.
     9. Факт передачи данных должен быть подтвержден ГНМЦ в течение трех дней. Для подтверждения получения данных ГНМЦ выдает квитанцию по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам. 
     В случае передачи данных по почте или по электронной почте, квитанция о подтверждении получения высылается по электронной почте. 
     При передаче данных нарочным способом, квитанция выдается уполномоченному на это лицу, передавшему данные, по факту получения данных.

  Глава 4. Государственный метрологический надзор 
за учетом и передачей в ГНМЦ данных о поверенных средств измерений

     10. При осуществлении государственного метрологического надзора проверяется:
     ведение поверяющими субъектами электронного учета данных о поверяемых средствах измерений в объеме, необходимом для передачи в ГНМЦ;
     своевременность передачи данных;
     достоверность электронных данных о поверяемых средствах измерений;
     документы или другие подтверждения передачи клиентами данных в ГНМЦ в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил.

Приложение 1 к Правилам 
электронного учета данных 
о поверяемых средствах
измерений и их передачи 
в государственный научный 
метрологический центр 

     Требования полноты к данным о поверяемым средствам измерений

     Данные о каждом из поверяемых средствах измерений должны содержать следующие сведения:
     номер сертификата о поверке (извещения о непригодности) и (или) номерной код самоклеящегося лейбла;
     наименование средства измерений (эталона);
     тип, обозначение;
     заводской номер (при наличии данных);
     пределы измерений;
     изготовитель (при наличии данных);
     дата изготовления (при наличии данных);
     пользователь (при наличии данных);
     обозначение и наименование нормативных документов по поверке;
     обозначение эталона и вспомогательного оборудования, использованного при поверке;
     класс или другие точностные характеристики;
     разряд;
     дата поверки;
     срок действия сертификата или самоклеящегося лейбла;
     фамилия, имя, отчество руководителя отдела (лаборатории);
     фамилия, имя, отчество поверителя.


Приложение 2 к Правилам 
электронного учета данных 
о поверяемых средствах
измерений и их передачи 
в государственный научный 
метрологический центр 

Форма заполнения электронного письма

     1. Поле "Кому" ("To") должно содержать адрес электронной почты ГНМЦ;
     2. Поле "Копия" ("Copy") должно содержать альтернативный адрес электронной почты ГНМЦ;
     3. Поле "Тема" ("Subject") должно содержать наименование Поверяющего субъекта, отправляющего данные, и не должно оставаться пустым;
     4. В тексте письма указывается следующая информация: «архив базы данных о бланках сертификатов поверки и извещений о непригодности с "_дата_" по "_дата_"»;
     5. К письму должен быть прикреплен архив файла с данными о поверяемых средствах измерений. Архив не должен содержать никаких других файлов;
     6. К письму не должно быть прикреплено никаких других файлов, кроме указанного архива.

Приложение 3 к Правилам 
электронного учета данных 
о поверяемых средствах
измерений и их передачи 
в государственный научный 
метрологический центр 

      Форма квитанции с подтверждением о получении данных
 
                        КВИТАНЦИЯ №___

Выдана __________________________________________________ в том, 
                     (наименование поверяющего субъекта)
что данные о поверенных средствах измерения за период 
с ____.____20___г. по ____.____20___г. получены 
___________________________ на __________________________ 
     (наименование ГНМЦ)                   (вид носителя информации)

в количестве:
поверенных средств измерений _________;
извещений о непригодности    _________;
сертификатов                 _________;
пломб                        _________;
лейблов                      _________;
клейм                        _________.

     Фамилия, имя, отчество, подпись представителя
     поверяющего субъекта             ___________________________
 
       Фамилия, имя, отчество, подпись лица,
     получившего данные               ___________________________

                                      ___________________________
                                                               (дата)
                                                    МП