"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 913 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3325 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы
N 361
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
бұйрығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы Ережеде:
16-тармақта "төлем ақысын" деген сөздер "жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"төлемнің" деген сөз "алымның" деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алынатын алымның төленгенін растайтын құжатының болмауы.";
26-тармақ алынып тасталсын;
28-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр