"Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 110 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3585

      "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 913 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3325 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы  N 361  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы Ережеде:
      16-тармақта "төлем ақысын" деген сөздер "жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "төлемнің" деген сөз "алымның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      24-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жылжитын мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алынатын алымның төленгенін растайтын құжатының болмауы.";
      26-тармақ алынып тасталсын;
      28-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын. 
      2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады