"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3325

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 27 қыркүйекте N 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы ережеде:
      15-тармақта "(кепіл құралы туралы мәліметтер);" деген сөздерден кейін "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      N 2 нысанда "кепілге салынған мүліктің бағасы" деген сөздер "кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады