Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 134 бұйрығымен.
---------------Бұйрықтан үзінді----------------
Нормативтік құқықтық базаны заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3619 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) жарияланған, "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 232 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2 ...
3«...
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж.Түймебаев
___________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу
ережесіне
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық бірінші ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2915 тіркелген, "Өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 532
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н. Гамарникке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 11 сәуірдегі
N 232 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім
беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік
және апелляциялық комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
1. Кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды 2(3) курстардан кейін мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия және апелляциялық комиссия) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес құрылады.
2. Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар базасында мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) өткізілетін, әрбір жоғары оқу орынында құрылады.
3. Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар өз жұмысында осы Ережені, МАБ Ережесін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік комиссияның құрамы базасында МАБ өтетін жоғары оқу орындарының ұсыныстары бойынша, МАБ-ты дайындау және өткізу кезеңінде құрылады.
Мемлекеттік комиссияның құрамына студенттері МАБ-тан өтетін жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.
Мемлекеттік комиссияның құрамына бақылаушылар ретінде құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кіргізуге болады.
Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып базасында МАБ өтетін жоғары оқу орнының ректоры немесе осы жоғары оқу орнында МАБ өткізуге жауапты адам тағайындалады.
Мемлекеттік комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекітеді.
5. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында МАБ-ты дайындау мен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
6. Мемлекеттік комиссия алға қойған міндеттерді іске асыру үшін:
1) МАБ бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) Министрліктің тапсырмасы бойынша МАБ-ты ұйымдастыру-технологиялық қоса алып жүруді жүзеге асыратын ұйыммен бірлесе отырып МАБ-тан өтетін студенттер жөнінде деректер базасын құрады;
3) МАБ-ты өткізу үшін қажетті жағдай жасайды;
4) МАБ-тан өту үшін тіркелген барлық білім алушылардың келуін бақылайды;
5) аудиториялар бойынша кезекші ретінде жұмыс істеу үшін оқытушылардың кандидатураларын ұсынады;
6) аудиториялар бойынша кезекшілерге нұсқау береді;
7) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
8) МАБ-ты тапсырудың нәтижелерін студенттердің назарына жеткізеді;
9) сынақ кітапшасына нәтижелерді (сынақ бағаларын) қояды;
10) МАБ-тың сертификаттарын беруді ұйымдастырады;
11) тестілеуден қайта өтетін студенттер туралы мәліметтер және МАБ нәтижелерімен бірге топ бойынша ведомостарды қоса беріліп отырған анықтаманы дайындайды және оны Министрлікке жібереді;
12) МАБ-ты өткізудің белгіленген тәртібін сақтау, ақпараттық қауіпсіздіктің тәртібін қамтамасыз етуді бақылайды.
7. Өзіне жүктелген негізгі функцияларды іске асыру үшін мемлекеттік комиссия:
1) өз құзыретінің шегінде МАБ өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
2) МАБ мәселелері және мемлекеттік комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік және апелляциялық комиссиялардың жұмысына жоғары оқу орындарының қызметкерлерін тартуға құқылы.
8. Құрамы 7 адамнан кем емес мемлекеттік комиссия, оның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Мемлекеттік комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара әрекеттерін ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.
9. Егер комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан болса, онда мемлекеттік комиссияның отырысы өтті деп есептеледі.
10. Мемлекеттік комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады және комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
11. Апелляциялық комиссия кәсіптік жоғары білім беру мамандықтары және даярлау бағыттарының пәндері бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құрылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрлік бекітеді.
12. Апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелерімен келіспеген студенттердің арыздарын қабылдайды және оларды қарайды.
13. Апелляцияға арыз тестілеу нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссияға беріледі және апелляция берілгеннен кейін бір тәулік ішінде қаралады.
14. МАБ өткізу технологиялары білім алушылармен бұзылғанына байланысты мәселелер бойынша апелляция қабылданбайды.
15. Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның тізімдік құрамының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы шешуші дауысқа құқылы.