Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрiнің 2012.10.15 № 477 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға және дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықта (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2171 тіркелген):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді тиісті ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымы негізінде стипендиаттың өткен жылғы жүргізілген жұмыстары туралы есебін тыңдап, бірінші жылы өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тоқтатуы мүмкін.";
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"кезекті" деген сөз "келесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясының президенті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кезекті" деген сөз "келесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "немесе жиырма бесінші" деген сөз алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды төлеуге қаражат аударуды тоқтату үшін басқа да себептер туындаған жағдайда (жұмыстан шығарылғанда, қайтыс болғанда және т.б.) мекеменің (ұйымның) басшысы екі апта мерзім ішінде бұл туралы жазбаша түрде стипендияны төлеуді тоқтататынын Білім және ғылым министрлігіне хабарлауға міндетті.";
9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "Ғылым академиясы" деген сөздер "Ұлттық ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік ғылыми стипендияларды стипендиаттарға төлеуге қаражат аударуды стипендиаттың есебінің нәтижесі бойынша ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымдарын мекемелердің (ұйымдардың) ұсыныстарынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.".
2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр