Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттiк стипендиялар төлеу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясы 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 тамызда тіркелді. Тіркеу N 354. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнің 2012 жылғы 15 қазандағы № 477 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрiнің 2012.10.15 № 477 бұйрығымен.

      1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж. 09.12 N 1501  қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы Ереженi орындау үшiн шығарылды (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 50, 488-бап). 

      2. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар мөлшерi және оны алу үшiн конкурс өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" 1996 ж. 28.08. N 1063 қаулысында белгiленген (ҚР ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 338-бап). 

      3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен

      4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 632   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

      5. Ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестер мемлекеттiк ғылыми стипендияны ұзарту болмаса оны төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жыл сайын стипендиатқа стипендия төлене басталған айдың 15-iне дейiн тапсырады.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен

      6. Ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиат жөнiнде оң шешiм қабылдағанда кеңес мәжiлiсi хаттамасының көшiрмесi негiзiнде оған мемлекеттiк ғылыми стипендия төлеу мерзiмi өздiгiнен келесi жылға ұзартылады. Стипендиат туралы кеңес терiс ұсыным қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінiң тоқтату жөнiнде бұйрығы шығарылады.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен .

      7. Жылма-жылғы жұмысы туралы есебi нәтижесiнде мемлекеттiк ғылыми стипендия алу құқығынан айырылған стипендиаттар оны тағайындалғанынан тиiсiнше он үшiншi айдан бастап алмайтын болады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен

      8. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды төлеуге қаражат аударуды тоқтату үшін басқа да себептер туындаған жағдайда (жұмыстан шығарылғанда, қайтыс болғанда және т.б.) мекеменің (ұйымның) басшысы екі апта мерзім ішінде бұл туралы жазбаша түрде стипендияны төлеуді тоқтататынын Білім және ғылым министрлігіне хабарлауға міндетті.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен

      9. Егер жұмыс орны өзгерiп ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет бейiнi сақталса, стипендиат екi апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қазiргi қызмет iстейтiн орнының анықтамасын қосып жазбаша хабарлайды.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен

      10. Кандидатураларын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелерi ұсынған дарынды жас ғалымдар өздерiнiң iстеген жұмыстары туралы негiзгi қызмет орнындағы ғалыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес алдында оны ұсынған академиктiң қатысуымен есеп бередi.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен , 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 632   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).

      11. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды стипендиаттарға төлеуге қаражат аударуды стипендиаттың есебінің нәтижесі бойынша ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымдарын мекемелердің (ұйымдардың) ұсыныстарынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 312   бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады