Ғылым саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнің 2012 жылғы 15 қазандағы № 477 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы» 1997 жылғы 26 мамырда № 118 Қазақстан Республикасы Ғылым министрі - Ғылым академиясының министрлігінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1997 жылғы 21 тамызда № 354 тіркелген);
      2) «1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 312 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 шілдеде № 3675 тіркелген, 2005 жылы 29 қыркүйекте «Юридическая газета» газетінде № 179 (913) жарияланған);
      3) «1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 632 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 қазанда № 3881 тіркелген, 2005 жылы 15 желтоқсанда «Юридическая газета» газетінде № 235-236 (969-970) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады