Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 386 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685
қаулысының
3-1 тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2005 жылғы 6 маусымдағы
N 386 бұйрығымен бекітілді
Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер
үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық
берудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (үш сыйлық) сыйлық берудің тәртібі туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес әзірленді.
2. Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші және үшінші) сыйлық (бұдан әрі - сыйлықтар) айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар ашқан жаңалықтары, өнер табыстары, шығарылған және анықтап қабылданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен будандары, жануарлар мен балықтың тұқымдары, тұрпаттары, тұқымдық желілері, құс кростары, өндіріс саласындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері, ауыл шаруашылығы өнімін сақтау және қайта өңдеу, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы экономикалық әзірлемелері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
3. Сыйлық алуға ұйымдардың ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерінде жан-жақты талқыланудан өткен, ғылыми көпшілікке кеңінен танылған конкурс жарияланғанға дейінгі жылды қоса соңғы 5 жылда орындалып, жарияланған жұмыстар ұсынылады.
4. Ғылым, техника және білім саласында бұрын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына, республикалық бюджет қаражатынан төленетін басқа сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.
Сыйлыққа жұмыс екі реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлық лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда, сыйлық оған бес жыл өткен соң қайтадан тағайындалынып берілуі мүмкін.
5. Бірінші, екінші және үшінші сыйлықтардың мөлшері айлық есеп көрсеткіштерінің тиісінше 200, 150 және 100 есе шегінде белгіленеді.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлық тең үлеспен төленеді.
6. Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Жұмыстарды сыйлыққа ұсынудың,
ресімдеудің және тапсырудың тәртібі
7. Сыйлық алу үшін жұмыстарды ұсыну министрліктер мен ведомстволардың алқаларымен, ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңестерімен және меншік нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарының алқа органдарымен (бұдан әрі - ұйымдар) жүзеге асырылады.
8. Сыйлық алуға жеке авторлардың, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады. Әр автордың және шығармашылық ұжымның конкурсқа тек бір жұмыс ұсынуға мүмкіндігі бар.
9. Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады (басылған түрде, екеуі де бірдей данада):
1) кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалар, патенттер көшірмелері және басқа сақтау құжаттары ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер (мемлекеттік тіркеуден өткен) түріндегі сыйлыққа ұсынылған ғылыми жұмыс;
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі және жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен ғылымның әлемдік деңгейіне сәйкестігі, оларды одан әрі пайдалану перспективалары баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиіс).
Сипаттамаға жұмысты ұсынған мекеменің атауы, жұмыстың аты, ізденушілердің қолы қойылған, оның тегі, аты-жөні көрсетілген кітаптың бірінші беті қоса (мемлекеттік және орыс тілдерінде) беріледі;
3) мынадай мәліметтері бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бір бетте): алдыңғы бетінде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты-жөні, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелері; екінші жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерінің маңызы, жұмыс авторларының қолы;
4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкіде), жұмыстың ғылыми маңыздылығын бейнелейтін (жұмыстар сериясы), оның республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығы айтылатын ұсыным-негіздеме;
5) мөрмен куәландырылған жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжілісінің хаттамасынан үзінді;
6) автор (авторлар) туралы мәліметтер - ізденушінің тегі, аты-жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлік мәліметтері, ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызметі мен үйінің мекен-жайы, телефондары көрсетілген кадр бөлімінің қызметкері куәландырған, ізденушінің негізгі қызмет орны берген анықтама;
7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған, ізденушінің ғылыми қызметіне оның шығармашылық үлесін көрсете отырып (ұжым жұмыстары үшін) қысқаша сипаттама;
8) ізденушінің негізгі қызмет орнының мөрімен куәландырылған негізгі ғылыми еңбектерінің тізімі (10-нан кем болмауы тиіс);
9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойған, мөрмен куәландырылған, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженің 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.
Осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылған және басқа да) ізденушінің соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады.
10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін А.И.Бараев атындағы сыйлық алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бірге папкіде жеке конвертке салынуы керек.
11. Көрсетілген талаптарды бұзып ресімделмеген құжаттар қарастырылмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.
12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған конкурс туралы хабарландыруға сәйкес Министрлікке беріледі, мұнда конкурстық құжаттар тіркеледі және қабылдау мерзімі аяқталған соң Конкурстық комиссияға қарау үшін беріледі.
13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бір данада авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.
14. Сыйлықты беру мәселелері жөнінде конкурстық материалдарды қарау және кепілдеме шешімдерді дайындау үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрамы 13 адамнан кем емес Конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативті-кеңесші орган болып табылады және министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен, республиканың аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардан құрылады.
Конкурстық комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі басқарады.
Осы сыйлыққа Конкурстық комиссия мүшелерінің немесе ұжымдық жұмыстар авторлары құрамында жұмыстарын ұсынған жағдайда соңғылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің сәйкес бұйрығымен ауыстырылады.
Конкурстық комиссияның барлық шешімдері хаттамалармен ресімделеді.
15. Конкурстық комиссия:
сыйлыққа ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін секциялар құрады, олардың құрамын және жұмыс тәртібін анықтайды;
сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды осы сыйлық алуға жұмыстар ұсынған ұйымдарды алып тастағандағы ғылыми және тиісті профильдегі басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдайды;
сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға жетекші ғалымдар мен мамандарды тартады.
16. Конкурстық комиссия конкурстық материалдар конверттерін ашады, олардың конкурс талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Белгіленген талаптарға сәйкес материалдарды Конкурстық комиссия секцияларға (ғылымның салалары бойынша) жұмыстардың ғылыми және практикалық маңыздылығын бағалау үшін жібереді, секциялардың ұсыныстық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.
17. Сыйлықтар беру туралы Конкурстық комиссия шешімдері жасырын дауыспен қабылданады.
Сыйлықтар мәжіліске қатысып отырған Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде кемінде 2/3 дауыс алған жұмыстарға беріледі.
18. Жасырын дауыс беру үшін бюллетеньге жұмыстарды енгізу туралы шешімдерді секциялар ұсыныстарын ескеріп, жұмыстарды қарау негізінде Конкурстық комиссия мүшелерінің мәжілісіне қатысқандардың көп дауысын жинаған ашық дауыс беру арқылы Конкурстық комиссия қабылдайды.
19. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
Егер, жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша үш жұмыстан артық жұмысқа сыйлықтар беруге шешім қабылданса, онда сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған (бірінші, екінші және үшінші сыйлықтар) үш жұмысқа беріледі.
20. Егер дауыс беру кезінде бірде-бір жұмыс қажетті дауыс мөлшерін алмаса, сондай-ақ егер екі және одан астам жұмыстар қажетті және тең дауыс мөлшерін алса, Конкурстық комиссия, ол туралы хаттамада көрсете отырып қайта дауыс беруге құқылы.
Қайта дауыс беру үшін бюллетеньге бірінші дауыс беру кезінде қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан аз дауыстарын жинаған жұмыстар енгізілмейді.
Егер, қайталап дауыс берген жағдайда жұмыстардың біреуі де қажетті мөлшерде дауыс жинамаған болса, сыйлық берілмеген деп саналады және келесі жылға ауыстырылмайды.
21. Конкурстық комиссия шешім қабылдауға құқылы, егер оның мәжілісіне комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 қатысқан жағдайда.
4. Конкурс нәтижелерін бекіту тәртібі
22. Конкурстық комиссия жұмыстарды қарау нәтижесі бойынша мынадай материалдарды рәсімдейді: Конкурстық комиссияның хаттамасын, Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойған және мөр қойылған дауыс берген бюллетеньдері салынған конвертті, сыйлықтар беруге кепілденетін жұмыстар бойынша секциялар қорытындыларын, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды.
23. Конкурстық комиссиямен сыйлықтар беруге кепілденетін жұмыстар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітуге тиісті шешімдер жобаларымен ұсынылады.
24. Сыйлық беру туралы сыйлыққа лайықты жұмыстар туралы қысқаша түсініктемелер көрсетіліп бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.