Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N 685. Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ талантты жас ғалымдарды қолдау және ғылым саласындағы сыйлықтар мен стипендиялар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылдан бастап жыл сайынғы, мынадай:
      жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы екi сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);
      гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш. Уәлиханов атындағы екi сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);
      жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық;
      гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi үш сыйлық;
      аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);
      педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн Ы. Алтынсарин атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);
      2002 жылдан бастап:
      түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір сыйлық тағайындау туралы ұсынысы қабылдансын.
       Ескерту. 1-тармақ 6,7 абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 188  қаулысымен .
       Ескерту. 1-тармақ 8 абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.30. N 383  қаулысымен .

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігiне - екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, тоғызыншы абзацтарда көрсетiлген сыйлықтар; <*>
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне -  2003 жылдан бастап алтыншы абзацта көрсетiлген сыйлықтар; <*>
      Ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтар мен стипендияларды төлеуге көзделген бюджет қаражаты шегінде жүргізілсін.
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне А.И.Бараев атындағы сыйлықтарды төлеуге көзделген бюджет қаражаты 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1344  қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.06. N 1031 
қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191 
қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бойынша (аграрлық ғылымды қоспағанда) үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлықтар берудің тәртібі туралы ережені және Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға сыйлықтар берудің тәртібі туралы ережені, Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекітсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.30.  N 383 , 2005.01.25.  N 55 қаулыларымен.

       3-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртiбi туралы ереженi бекiтсін.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 
2005.01.25.  N 55 қаулысымен.

      4. "Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 9 желтоқсандағы N 1501  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы ережедегi:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) Министрлiк алқасының шешiмi негiзiнде шыққан бұйрығымен екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.";
      6-тармақтағы:
      "мекемелерiнiң" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына" деген сөздер "Министрлiкке" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" деген сөздер "Министрлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi Ғылым академиясының мемлекеттiк ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсын өткiзу туралы шешiмi және" деген сөздер "Мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсын өткізу туралы шешім мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы:
      "әр жылдың аяғында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      11-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына" деген сөздер "Министрлiкке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы "мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Мемлекеттiк ғылыми стипендияларды төлеу мерзiмiнен бұрын:
      1) стипендиаттың ғылыми қызметiн тоқтатуы;
      2) стипендиаттың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
      3) стипендиаттың қайтыс болуы;
      4) өзге де жағдайларында тоқтатылады.
      Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді Министрліктің алқасы тиiстi ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңесiнiң ұсынысы негiзiнде қабылдайды."

      5. Қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2000 жылғы 10 мамырдағы       
N 685 қаулысына          
қосымша            

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің Тізбесі

      1. "Ш.Ш. Уәлихановтың қайтыс болуының 100-жылдығын өткiзу туралы" Қазақстан КП Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1965 жылғы 10 ақпандағы N 108 қаулысының 4-тармағы.
      2. "Академик Қ.И. Сәтбаевты мәңгiлiк есте қалдыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 14 тамыздағы N 380 қаулысының 1-тармағының үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтары (Қаз. ССР ҮЖ., 1987 ж., N 21, 84-құжат).
      3. "Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шаралар және республикадағы ғылыми кадрлар резервін дайындау туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 24 шiлдедегi N 295 қаулысының 10 және 11-тармақтары.
      4. "Жер туралы ғылым саласындағы жас ғалымдарға арналған академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлық тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 тамыздағы N 957  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 36, 396-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады