Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (бірінші, екінші, үшінші сыйлықтар) беру тәртібі туралы ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4758 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 31-2/16 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 31-2/16 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы  N 685 қаулысының 3-1 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (бірінші, екінші, үшінші сыйлықтар) беру тәртібі туралы қоса беріліп отырған ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 6 маусымдағы "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшiн А.И. Бараев атындағы сыйлық (үш сыйлық) беру тәртібі туралы ережелерін бекіту туралы"  N 386 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3710 тіркелген, "Нормативтік құқықтық бюллетенінде" 2005 жылы N 16 санында жарияланған).
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

     "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің төрағасы
_____________ Т. Рамазанов
11 маусым 2007 ж.

                                           Қазақстан Республикасы   
                                        Ауыл шаруашылығы министрінің
                                          2007 жылғы»11 маусымдағы  
                                         N 386 бұйрығымен бекітілді 

  Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн
А.И.Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші сыйлықтар) сыйлық беру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Жалпы ережелер

      1. Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші және үшінші сыйлықтар) сыйлық беру тәртібі туралы ережелері (бұдан әрi - Ереже)»"Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысының 3-1 - тармағына сәйкес әзiрлендi.

      2. Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн А.И. Бараев атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлық (бұдан әрi - сыйлықтар) айтарлықтай теориялық және практикалық маңызы бар ашылымдар, селекциялық жетістіктер және өнертапқыштық, соның ішінде:
      шығарылған және будандастырылған ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттары мен будандары, ауыл шаруашылығы жануарлардың, балық пен араның тұқымдары, типтері мен аталық іздері және құстың кростары;
      ауыл шаруашылығын механикаландыру және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу саласындағы технологиялық және техникалық әзiрлемелерi;
      жануарлар, құс, балық және ара ауруларының алдын ала емдеу, диагностикалау мен емдеу және жаңа әдістері;
      агроөнеркәсiп кешені және ауыл шаруашылық аумақтарды дамыту саласындағы экономикалық әзiрлемелерi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жыл сайын конкурстық негiзде берiледi.
      Сыйлықтарға ұсынудың алдында ғылыми жұмыстар ғылыми көпшiлiкке кеңiнен танылмал және меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасының ғылыми және білім беру ұйымдарының ғылыми-техникалық кеңестерінде және өзге алқа органдарында жан-жақты талқыланудан өтуі қажет.

      3. Сыйлық алуға осы ереженің 2 тармағында көрсетілген, конкурс жарияланған жылды қоспағанда соңғы 5 жылда аяқталған және жарияланған жұмыстар ұсынылады.

      4. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн басқа сыйлықтарға, сондай-ақ шетел сыйлықтарына ие болған жұмыстар, осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi.
      Сыйлыққа үміткер ретінде жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
      Осы сыйлық лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлық оған үш жыл өткен соң, жарнама берген жылды қоса есептегенде, қайтадан тағайындалуы мүмкiн.

      5. Бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтардың мөлшерi тиiсiнше 200, 150 және 100 айлық есеп көрсеткiштерiнiң шегiнде белгiленедi.
      Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлық жұмысқа қосқан үлесіне сай төленедi.

      6. Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу шығындары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды төлеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      Сыйлықтарға үміткерлер үшін өткізілетін конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

  2. Жұмыстарды сыйлыққа ұсынудың, рәсiмдеудің және тапсырудың тәртiбi

      7. Сыйлық алуға үміткерлердің жұмыстары министрлiктер мен ведомстволардың алқаларында, ғылыми-техникалық, ғылыми кеңестерінде және меншiк нысанына қарамай Қазақстан Республикасының басқа ғылыми, оқу және өзге ұйымдарының алқа органдарымен (бұдан әрi - ұйымдар) ұсынылады.

      8. Сыйлық алуға жеке авторлардың, сондай-ақ ұжым авторларының жұмыстары ұсынылады.

      9. Конкурсқа келесі құжаттар тапсырылады (басылған түрде, екі дана):
      1) сыйлыққа ұсынған ғылыми жұмыс:
      кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер;
      ауыл шаруашылық жануарлар, құс және балықтардың тұқымдарын, типтерін және аталық іздерін шығарған туралы авторлық куәліктер нотариус арқылы куәландырылған көшірмелері;
      ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттары мен будандарының шығарған туралы авторлық куәліктер нотариус арқылы куәландырылған көшірмелері;
      патенттер және басқа қорғау құжаттар түрде.
      2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі және жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен ғылымның әлемдiк деңгейiне сәйкестiгi, оларды болашақта одан әрi пайдалану туралы баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (20 беттен аспауы тиiс).
      Сипаттамаға (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде):
      жұмысты ұсынған мекеменiң атауы;
      жұмыстың аты, ізденушілердiң қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген жұмыстың бiрiншi бетi;
      3) келесі мәлiметтерi бар жұмыстың қысқаша мазмұндамасы (бiр бетте):
      алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, жұмысты ұсынатын ұйымның толық атауы, авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми атақтары мен дәрежелерi;
      екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңызы, жұмыс авторларының қолы;
      4) ұйымның басшысы қол қойған (ресми бланкiде), жұмыстың (жұмыстар сериясының) ғылыми маңыздылығын бейнелейтiн, оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы айтылатын ұсыным-негiздеме;
      5) мөрмен бекітілген жұмысты ұсынушы алқалы орган мәжiлiсiнiң хаттамасынан үзiндi;
      6) автор (авторлар) туралы мәлiметтер - ізденушінің тегi, аты-жөнi, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлiк мәлiметтерi, ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы, қызмет орны мен лауазымы, қызметі мен үйінің мекен-жайы, телефондары көрсетiлген кадр бөлiмiнiң қызметкерi куәландырған, ізденушінің негiзгi қызмет орны берген анықтама;
      7) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қойған, ізденушінің (ізденішілердің) ұсынылып отырған жұмысқа қосқан пайыздық салмақта (ұжым жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесiн көрсететін қысқаша
сипаттама;
      8) ізденушінің (ізденушілердің) негiзгi қызмет орнының мөрiмен бекітілген негізгі ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi (10-нан артық
болмауы тиiс);
      9) жұмысты ұсынушы ұйымның басшысының қолы қойылған, мөрмен бекітілген, конкурсқа тапсырылған жұмыс (жұмыстар сериясы) бұрын осы Ереженiң 4-тармағында аталған сыйлықтарға ие болмағанын растайтын анықтама.
      Осы тармақтың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ізденушінің егер ол зейнеткер болса (жұмыстан босатылса, қайтыс болса және басқа да) соңғы жұмыс орнынан ұсынуға болады. 

      10. Аталған құжаттардың әр жинағы "Аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн А.И.Бараев атындағы сыйлық алуға" деген жазуы бар ғылыми жұмысымен бiрге конвертте жеке папкiге салынуы қажет. Конверттерде және папканың бетінде жұмысты орындаған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, авторлардың тегi, аты-жөнi көрсетіледі.

      11. Сыйлыққа ұсынылған құжаттар конкурс туралы хабарландыруға сәйкес Министрлікке тіркеу үшін беріледі және қабылдау мерзім аяқталған соң Конкурстық комиссияға тапсырылады.

      12. Көрсетілген талаптарға сай рәсiмделмеген құжаттар қарастырылмайды. Конкурсқа ұсынылған материалдарға тіркеуден өткеннен және ашылғаннан кейін өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болмайды.

      13. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен материалдар бiр данасы авторлардың жазбаша талаптары бойынша қайтарылады.

  3. Жұмыстарды қарау тәртiбi

      14. Сыйлықты беру мәселелерi жөнiнде конкурстық материалдарды қарау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнің бұйрығымен құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем емес Конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      Комиссияның құрамына кіргізу үшін кандидатураларды сұрыптау кезінде мамандардың салалық бағытталуының теңдік арасалмағын ескеру қажет.
      Комиссия консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнен, белгілі аграрлық-ғалымдарынан, және де меншiк нысанына қарамай үздік ауыл шаруашылық құрылымдарының басшыларынан құрылады.
      Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi немесе  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi басқарады.
      Осы Сыйлыққа, жеке немесе ұжымдық жұмыстар авторлары құрамында Комиссия мүшелерi және олардың жақын туысқандарының жұмыстары ұсынған жағдайда, Комиссияның сол мүшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнің бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Комиссия құрамынан шығарылады.
      Комиссияның барлық шешiмдерi хаттамалармен рәсiмделедi.

      15. Комиссия:
      конкурстық материалдар салынған конверттерді ашады, олардың конкурс талаптарына сәйкестiгiн анықтайды;
      сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды осы сыйлық алуға жұмыстар ұсынған ұйымдарды алып тастағандағы ғылыми және тиiстi профильдегі басқа да ұйымдарға сараптап қарауға жолдайды;
      қажет болса Сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сараптауға жетекші ғалымдар мен мамандарды тартады;
      жасырын дауыс беруге арналған бюллетендерге жұмыстарды кіргізу туралы шешімді Комиссия мүшелерiнiң мәжiлiсiне қатысқандардың көпшілік даустарымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды;
      Сыйлықтар беру туралы шешiмдердi жасырын дауыспен қабылдайды.

      16. Жасырын дауыс беру барлық жұмыстар бойынша бiр мезгiлде жүргiзiледi.
      Жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша Сыйлық ең көп дауыс санын жинаған үш жұмысқа берiледi (бiрiншi, екiншi және үшiншi сыйлықтар).

      17. Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша екі немесе одан астам жұмыстар, үш сыйлықтың біреуіне үміттенуге рұқсат беретін тең дауысқа ие болса, Комиссия олардың арасында қайта дауыс беруді өткізуге құқығы бар.
      Қайта дауыс беруге арналған бюллетенге тек бiрiншi дауыс беру кезiнде тең дауыс алған жұмыстар кіргізіледі.
      Егер, қайта дауыс берудің кезінде қайталап дауыс беруге арналған бюллетенге кіргізген жұмыстар тең дауыс алған болса, жеңімпазды анықтау құқығы Комиссияның төрағасына беріледі.

      18. Конкурстық комиссия мәжіліске комиссия мүшелерінің 2/3 кемі қатысқан жағдайда шешім қабылдауға құқылы.

  4. Конкурс нәтижелерiн бекiту тәртiбi

      19. Комиссия жұмыстарды қарау нәтижесі бойынша келесі құжаттарды рәсімдейді:
      Комиссияның хаттамасын;
      Комиссияның мүшелерi қол қойған және мөр басылған дауыс берген бюллетендері салынған конвертті.

      20. Тиісті шешім қабылданған туралы Комиссия отырысының хаттамасы конкурста жеңімпаз атанған жұмыстарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне бекiтуге ұсынылады.

      21. Конкурстың лауреаттары және де сыйлыққа лайықты жұмыстар туралы қысқаша түсiнiктемелер Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      22. Сыйлық берілген ғылыми жұмыстар Министрлiктiң Республикалық ауыл шаруашылығы ғылыми кiтапханасына сақтауға берiледi.

  5. Сыйлық лауреаттарын марапаттау

      23. Сыйлық беру туралы дипломдар және омырау белгiлерiн лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi тапсырады.

      24. Ақшалай сыйлықтар осы ереженің 5 тармағында көрсетілген көлемінде және авторлардың үлесіне сай өлшемде (ұжым жұмыстары үшiн) конкурс лауреаттарының карточкалық және ағымдық шоттарына аударылады.
      Егер конкурс лауреаты қайтыс болған жағдайда ақшалай сыйлық, диплом және омырау белгiсі оның жақын туысқандарына немесе мұрагерлеріне беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады