Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.05.30 N 57Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелердi бекiту жөнiндегi" 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1022 тiркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 465 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1373 тiркелген), 2001 жылғы 14 маусымдағы N 232 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1598 тiркелген) қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сату ережелерiнде:
1-тармақта, сондай-ақ NN 1, 2, 3-қосымшаларда "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы " деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженiң бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмшiлiк қызметi бөлiмшесi", "әкiмшiлiк қызметi бөлiмшесiнiң" деген сөздер тиiсiнше "шаруашылық бөлiмшесi", "шаруашылық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
N 5-қосымшада:
бүкiл мәтiн бойынша "Монетарлық емес қызмет бойынша құрылған провизиялардың күшiн жою", "Өткен жылдардың кiрiстерi", "Жерге салық бойынша шығыстар", "Ұлттық Банктiң ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша мерзiмi өтiп кеткен талаптары", "Өткен жылдардың шығыстары" деген сөздер тиiсiнше "Монетарлық емес қызмет бойынша бұрын құрылған провизияларды жою", "Монетарлық емес қызмет бойынша өткен жылдардың кiрiстерi", "Жер салығы бойынша шығыстар", "Ұлттық Банктiң ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерi бойынша мерзiмi өткен талаптары", "Монетарлық емес қызмет бойынша өткен жылдардың шығыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "және Ұлттық Банктiң филиалдарында N 9 289 10 "Ақысы мәулетпен төленетiн негiзгi құрал-жабдықтар" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;
3-тармақтың сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
4-тармақта:
он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
он төртiншi абзацта "және 9 289 10" деген жалғау мен сандар алынып тасталсын;
6-тармақтың төртiншi, бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
9-тармақтың төртiншi, бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
11-тармақтың он бiрiншi, он екiншi абзацтары алынып тасталсын;
14-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"және бiр мезгiлде мынадай бухгалтерлiк жазба жасалады:";
бесiншi абзац алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжiяқовқа жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы