Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 465. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1373. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы N 57 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.05.30 N 57Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 V991022_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстер мен толықтырулары бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының бөлiмшелерiне және филиалдарына жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсiн.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы



                                   Қазақстан Республикасының Ұлттық



                                   Банкі Басқармасының 2000 жылғы

                                   20 желтоқсандағы N 465 қаулысымен

                                   бекітілген




                                               тіркеу N_____



 
 
       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн
          тұрғын үйдi сату ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 V991022_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сату ережелерiне мынадай өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 3-тармақтың:
      1) 8) тармақшадағы "жұмыс iстейтiн бағалау комиссиясы" деген сөздер "жұмыс iстейтiн комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      9) "займдармен жұмыс жүргiзетiн бөлiмше - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының қызметкерлерiмен жұмыс жүргiзетiн бөлiмшенiң құрылымдық бөлiмшесi немесе филиалдың тиiстi қызметi".
      2. 5-тармақтың екiншi азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Ерекше жағдайда қоныстанған тұрғын үй Ұлттық Банк Төрағасының рұқсатымен (осы тұрғын үйде тұрып жатқан жеке тұлғаның материалдық жағдайын растайтын мүдделi бөлiмше ұсынған дәлелдi өтiнiштi және оған қоса берiлген құжаттардың негiзiнде) және осы Ережелерде көзделген тәртiпке сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген құннан төмен сатылуы мүмкiн.".
      3. Мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Ережелерге NN 1 және 2 қосымшаларда көрсетiлген сатып алу-сату шартын жасаған кезде ақысы мәулетпен төленетiн сатылатын тұрғын үй бойынша қамтамасыз етудi таңдаған және осы қамтамасыз етудi берген адамды көрсеткен кезде оның тиiстi органдарда тiркелуi, нотариалды куәландырылуы жағдайларында жеке алып қараған жөн. Сатып алу-сату шарты нотариалды куәландырылған жағдайда осы нотариалды куәландыру жөнiндегi шығыстарды Сатып алушы көтередi.
      Ұлттық Банктiң филиалдарында сатып алу-сату шартын филиалдың басшысы (директор немесе оның орнындағы адам) бас сенiмхаттың негiзiнде жасайды.".
      4. 19-тармақтың "Ұлттық Банк Төрағасының жетекшi орынбасарының" деген сөздер "Ұлттық Банк орталық аппаратының қызметкерлермен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 20-тармақтың екiншi азатжолының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мерзiмi өткен төлемдер Ұлттық Банктiң балансында 180 (жүз сексен) күн есепте тұрады, одан кейiн олар құрылған провизия есебiнен шығарылуы тиiс, осыған орай займдармен жұмысты жүзеге асыратын бөлiмше негiзгi құрал-жабдықтар, басқа тауар-материалдық құндылықтар (қорлар) және шаруашылық қызметтiң нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешек объектiлерiн Ұлттық Банктiң балансынан шығару және есептен шығару тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiсi белгiлеген тәртiппен қарау үшiн мүлiктi және дебиторлық берешек сомаларын басқару жөнiндегi комиссияға тиiстi материалдарды жiбередi.".
      6. 21-тармақтың соңғы сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссия хатшысы осы шешiмдi операция бөлiмшесiне және займдармен жұмыс жүргiзетiн бөлiмшеге жiбередi.".
      7. Ережелерге NN 1 және 2 қосымшалардың 4.2-тармақтарының 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) осы Шартты қозғалмайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi және олармен мәмiле жүргiзудi жүзеге асыратын нотариуста және органдарда өз есебiнен нотариалды куәландыруға және тiркеуден өткiзуге және нотариалды куәландырылған және тiркеуден өткен Шарттың орыс және қазақ тiлдерiндегi түпнұсқаларының 1 (бiр) данасын Сатушыға беруге;"
      8. Ережелерге N 5 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
 

                                      Қазақстан Республикасының Ұлттық



                                      Банкi Басқармасының 1999 жылғы

                                      7 қазандағы N 328 қаулысымен

                                      бекiтiлген Қазақстан Республикасы

                                      Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен

                                      төленетiн тұрғын үйдi сату

                                      ережелерiне

                                      N 5 қосымша



 
 
                    Ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуды
                        бухгалтерлiк есепте көрсету тәртiбi
 
      1. Ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатылатын тұрғын үй оны бағалау жөнiндегi шығыстар ескерiле отырып, сатып алу-сату шарты жасалған сәтте белгiленген құны бойынша операция бөлiмшесiнiң NN 1 89 11 "Заңды тұлғалар" және 1 89 12 "Жеке тұлғалар" есепшоттарында және Ұлттық Банктiң филиалдарында N 9 289 10 "Ақысы мәулетпен төленетiн негiзгi құрал-жабдықтар" есепшотында есепке алынады.
      2. Ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатылатын тұрғын үйдi бағалау

 

жөнiндегi шығыстарды төлеу кезiнде төлемдi растайтын құжаттардың негiзiнде

мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:

     Дт 2 76 40 "Басқалар"

     Кт 2 49 00 "Корреспонденттiк есепшоты".

     3. Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi бекiткен қаулысы негiзiнде

операциялық бөлiмше тұрғын үйдiң баланстық құнын бағалау комиссиясы

белгiлеген құнға сәйкестендiредi, мұндай жағдайда пайда болған айырмашылық

Ұлттық Банктiң кiрiстер және шығыстар есепшотына жатқызылады.

     Бағалау құны баланстық құннан асып кеткен жағдайда артық сомаға

мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:

     Дт 2 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 5 53 53 "Тұрғын үй",

     тұрғын үйдiң жинақталған амортизациясының арту сомасына:

     Дт 5 53 53 "Тұрғын үй"

     Кт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     және бiр уақытта мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:

     тұрғын үйдiң баланстық құнының арту сомасына:

     кiрiс 9 232 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң

негiзгi құрал-жабдықтары",

     тұрғын үйдiң жинақталған амортизациясының арту сомасына:

     кiрiс 9 432 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң

негiзгi құрал-жабдықтары бойынша жинақталған амортизация".

     Баланстық құн бағалау құнынан асып кеткен жағдайда артық сомаға

бухгалтерлiк жазба орындалады:

     Дт 5 53 53 "Тұрғын үй"

     Кт 2 32 53 "Тұрғын үй",

     тұрғын үйдiң жинақталған амортизациясының азаю сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 5 53 53 "Тұрғын үй"

     және бiр уақытта мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:

     тұрғын үйдiң баланстық құнының азаю сомасына:

     шығыс 9 232 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң

негiзгi құрал-жабдықтары",

     тұрғын үйдiң жинақталған амортизациясының азаю сомасына:


 
       шығыс 9 432 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң негiзгi құрал-жабдықтары бойынша жинақталған амортизация".
      Қайта бағалау есепшотында (N 5 53 53 ) қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда, қайта бағалаудың жетiспейтiн сомасы шығыстар есебiнен толық есептеледi, осыған орай мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      тұрғын үйдiң баланстық құнын азайту сомасына:
      Дт 5 53 53 "Тұрғын үй" (қолда бар қаражат шегiнде)
      Дт 9 81 10 "Негiзгi құрал-жабдықтармен жасалған операциялар бойынша көзделмеген шығыстар"
      Кт 2 32 53 "Тұрғын үй".
      Қайта бағалау есепшотында (N 5 53 53 ) қаражат болмаған жағдайда,

 

қайта бағалаудың жетiспейтiн сомасы шығыстар есебiнен толық есептеледi,

осыған орай мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:

     Дт 9 81 10 "Негiзгi құрал-жабдықтармен жасалған операциялар бойынша

көзделмеген шығыстар"

     Кт 2 32 53 "Тұрғын үй"

     және бiр уақытта тұрғын үйдiң жинақталған амортизациясының азаю

сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 5 53 53 "Тұрғын үй".

     Егер тұрғын үй бойынша бұрын провизия құрылған жағдайда, онда провизия

сомасына мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:

     егер провизиялар ағымдағы жылда құрылған жағдайда, онда:

     Дт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизиялар"

     Кт 9 88 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизияларды құруға

жұмсалатын шығыстар";

     егер провизиялар алдыңғы жылы құрылған жағдайда, онда:

     Дт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизиялар"

     Кт 7 91 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша құрылған провизиялардың

күшiн жою".

     4. Тұрғын үйлердi ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатқан кезде

операциялық бөлiмше осы құжаттарды алғаннан кейiн үш операциялық күн

iшiнде сатып алу-сату шартының және қабылдау-өткiзу актiсiнiң негiзiнде

қабылдау-өткiзу актiсiне тұрғын үйдiң сатып алу-сату шарты жасалған сәтте

белгiленген құнына мынадай бухгалтерлiк жазбаларды орындайды:

     Дт 1 89 10 "Негiзгі құрал-жабдықтар" - тұрғын үйдi сату құны

     Кт 2 32 53 "Тұрғын үй"               - тұрғын үйдiң баланстық құны

     Кт 2 76 40 "Басқалар"                - бағалау бойынша шығын сомасы,

     өткен жылдарда есептелген амортизация сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 7 83 00 "Өткен жылдардың кiрiстерi",

     ағымдағы жылда есептелген амортизация сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 9 32 53 "Тұрғын үй",

     шығыс 9 232 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң

негiзгi құрал-жабдықтары"


 
       шығыс 9 432 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң

 

негiзгi құрал-жабдықтары бойынша жинақталған амортизация"

     кiрiс 9 289 10 "Ақысы мәулетпен төленетiн негiзгi құрал-жабдықтар".

     NN 1 89 11, 1 89 12 және 9 289 10 есепшоттарында әрбiр Сатып алушыға

бөлек жеке есепшоттар ашылады.

     5. Түскен төлемдердi (қолма-қол және аударым тәртiбiмен) есепке алу

үшiн N 4 76 20 есепшотында бөлек жеке есепшот ашылады. Ағымдағы төлемдерге

төлем жасау кезiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:

     1) Ұлттық Банктiң филиалы орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктiң

кассасына қолма-қол ақша төлеген кезде:

     төлем құжаттарының негiзiнде, бухгалтерия:

     кассаға қолма-қол ақша өткiзген кезде:

     Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы

банкноттар мен металл ақшалар"

     Кт 4 76 20 "Басқалар",

     операциялық бөлiмшеге ақша аудару кезiнде:

     Дт 4 76 20 "Басқалар"

     Кт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты";

     төлем жүйесiнiң бөлiмшесi:

     Дт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(Ұлттық Банк филиалының)

     Кт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(операциялық бөлiмшенiң);

     операциялық бөлiмше ақшаны алғаннан кейiн:

     Дт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"

     Кт 4 76 20 "Басқалар";

     2) операциялық бөлiмше төлем құжаттарының негiзiнде Ұлттық Банктiң

орталық аппараты орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктiң кассасына қолма-қол

ақша төлеген кезде:

     Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы

банкноттар мен металл ақшалар"

     Кт 4 76 20 "Басқалар";

     3) аударым нысанында ақша төлеген кезде:

     төлем жүйесi бөлiмшесi:

     Дт корреспонденттiк есепшоты

     Кт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"

     Дт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(төлем жүйесi бөлiмшесiнiң)

     Кт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(операциялық бөлiмшенiң) операциялық бөлiмше ақшаны алғаннан кейiн:

     Дт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"

     Кт 4 76 20 "Басқалар";

     4) Ұлттық Банк қызметкерiнiң жалақысынан ұстап қалған кезде:

     Сатып алушының жалақысынан соманың ұсталғандығын растайтын құжаттардың

негiзiнде операциялық бөлiмше:

     Дт 4 73 30 "Қызметкерлердiң жалақысы бойынша беруге есептелген сома"

     Кт 4 76 20 "Басқалар".

     6. Төленген ағымдағы төлемдер сомасы мынадай бухгалтерлiк жазбамен

Сатып алушының берешегiн азайтуға жатқызылады:

     Дт 4 76 20 "Басқалар"

     Кт 1 89 10 "Негiзгi құрал-жабдықтар"

     және бiр уақытта осы сомаға мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:

     шығыс 9 289 10 "Ақысы мәулетпен төленетiн негiзгi құрал-жабдықтар".


 
       7. Операциялық бөлiмше бақылауды және бюджеттi жоспарлау бөлiмшесi әзiрлеген өкiмнiң негiзiнде тоқсан сайын салық салу объектiсi ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатылатын тұрғын үй болып табылатын барлық салықтарды төлейдi, мұндай жағдайда мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
      Дт 2 76 40 "Басқалар";
      Кт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты";
      төлем жүйесi бөлiмшесi төлемдi бөлшек төлемдер жүйесi арқылы жiбередi және мынадай бухгалтерлiк жазбаларды орындайды:
      Дт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты" (операциялық бөлiмшенiң)
      Кт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшот" (төлем жүйесi бөлiмшесiнiң),
      Дт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"
      Кт қалалық қазынашылықтың корреспонденттiк есепшоты;
      операциялық бөлiмше:
      Дт 9 44 21 "Жерге салық бойынша шығыстар", 9 44 22 "Мүлiкке салынатын салық бойынша шығыстар"
      Кт 2 76 40 "Басқалар".
      8. Сатып алушы ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатылатын тұрғын үй бойынша төлем жасаудың мерзiмiн өткiзiп жiберген жағдайда, операциялық бөлiмше займдармен жұмыс жүргiзетiн бөлiмше берген Сатып алушының берешегiн мерзiмi өткен есепшотқа жатқызу және сатылатын ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үй жөнiндегi барлық берешек сомасына провизия құру туралы өкiмiнiң негiзiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      тұрғын үйдiң құнын өтеу жөнiндегi мерзiмiн өткiзу сомасына:
      Дт 1 88 28 "Ұлттық Банктiң ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша мерзiмi өтiп кеткен талаптары"
      Кт 1 89 11 "Заңды тұлғалар" және 1 89 12 "Жеке тұлғалар",
      тұрғын үйдiң ақысын мәулетке сату бойынша қалған барлық берешек сомасына:
      Дт 9 88 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизия құруға жұмсалатын шығыстар"
      Кт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизия".
      Ұлттық Банктiң провизияны құру тәртiбiн реттейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерi провизияны құру тәртiбiн белгiлейдi.
      9. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен сомаларды өтеген кезде мерзiмi өткен берешек сомасы төлем құжаттарының негiзiнде азайтылады, мұндайда өтеу сомасына мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы банкноттар мен металл ақшалар" немесе корреспонденттiк есепшоты
      Кт 1 88 28 "Ұлттық Банктiң ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша мерзiмi өтiп кеткен талаптары"
      және бiр уақытта осы сомаға мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      шығыс 9 289 10 "Ақысы мәулетпен төленетiн негiзгi құрал-жабдықтар"
      Осыған орай займдармен жұмыс жүргiзетiн бөлiмше ұсынған өкiмнiң негiзiнде құрылған провизия сомасы азайтылады, мұндайда өтеу сомасына мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      егер провизия ағымдағы жылда құрылған болса, онда:
      Дт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизиялар"
      Кт 9 88 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизия құруға жұмсалатын шығыстар";
      егер провизия өткен жылы құрылған болса, онда:
      Дт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизиялар"
      Кт 7 91 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша құрылған провизиялардың күшiн жою".
      10. Тұрғын үйдi, өткiзiлген саудаласу (аукцион) жолымен айқындалған тұрғын үйдiң толық құнын бiр мезгiлде төлеумен, ақысын төлеуге мәулет берiлмей сатқан кезде сату-сатып алу шартының негiзiнде мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      1) Ұлттық Банктiң филиалы орналасқан жер бойынша Ұлттық Банктiң

 

кассасына қолма-қол ақшамен төлеген кезде:

     тұрғын үйдiң толық құны төленгенiн растайтын төлем құжаттарының

негiзiнде, бухгалтерия:

     кассаға қолма-қол ақша өткiзген кезде:

     Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы

банкноттар мен металл ақшалар"

     Кт 4 76 20 "Басқалар",

     операциялық бөлiмшеге ақша аудару кезiнде:

     Дт 4 76 20 "Басқалар"№

     Кт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты".

     N 4 76 20 есепшотында әрбiр Сатып алушыға бөлек жеке есепшоттар

ашылады;

     төлем жүйесiнiң бөлiмшесi:

     Дт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшот"

(Ұлттық Банк филиалының)

     Кт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(операциялық бөлiмшенiң)

     операциялық бөлiмше ақшаны алғаннан кейiн:

     Дт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"

     Кт 4 76 20 "Басқалар";

     2) Ұлттық Банктiң орталық аппараты орналасқан жер бойынша Ұлттық

Банктiң кассасына тұрғын үйдiң толық құны төленгенiн растайтын төлем

құжаттарының негiзiнде қолма-қол ақша төлеген кезде операциялық бөлiмше:

     Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы

банкноттар мен металл ақшалар"

     Кт 4 76 20 "Басқалар";

     3) аударым нысанында ақша төлеген кезде:

     төлем жүйесi бөлiмшесi:

     Дт корреспонденттiк есепшот

     Кт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

     Дт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(төлем жүйесi бөлiмшесiнiң)

     Кт 4 49 00 "Ұлттық Банктiң бөлiмшесi үшiн теңгемен ашылған есепшоты"

(операциялық бөлiмшенiң);

     ақшаны алғаннан кейiн операциялық бөлiмше:

     Дт 2 49 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң теңгедегi есепшоты"

     Кт 4 76 20 "Басқалар".

     11. Оған ақысын төлеуге мәулет берiлмей сатылған тұрғын үй үшiн Сатып

алушы төлеген ақша сомасы мынадай бухгалтерлiк жазбалар бойынша осы тұрғын

үйдiң баланстық құнын азайтуға және оны бағалауға Ұлттық Банк жұмсаған

шығын сомасына жатқызылады:

     Дт 4 76 20 "Басқалар" - сатылатын тұрғын үй үшiн төленген ақша

     Кт 2 76 40 "Басқалар" - бағалау бойынша шығын сомасы

     Кт 2 32 53 "Тұрғын үй" - тұрғын үйдiң баланстық құны,

     өткен жылдары есептелген амортизация сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 7 83 00 "Өткен жылдардың кiрiстерi",

     ағымдағы жылы есептелген амортизация сомасына:

     Дт 4 32 53 "Тұрғын үй"

     Кт 9 32 53 "Тұрғын үй"

     және бiр уақытта шығыс 9 232 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi бөлiмшелерiнiң негiзгi құрал-жабдықтары"


 
       шығыс 9 432 00 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң негiзгi құрал-жабдықтары бойынша жинақталған амортизация".
      Егер белгiленген тәртiппен өткiзiлген саудаластық (аукцион) нәтижесi бойынша тұрғын үйдi сату бағасы бағалау комиссиясы белгiлеген құннан өзгеше болса, онда бұл орайда мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      тұрғын үйдiң сатылу бағасы баланстық құнынан асып кеткен жағдайда асып кеткен сомаға мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      Дт 4 76 20 "Басқалар"
      Кт 7 81 10 "Негiзгi құрал-жабдықтармен жасалған операциялар бойынша көзделмеген кiрiстер"
      тұрғын үйдiң баланстық құны оның сатылу бағасынан асып кеткен жағдайда асып кеткен сомаға мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      Дт 9 81 10 "Негiзгі құрал-жабдықтармен жасалған операциялар бойынша көзделмеген шығыстар"
      Кт 2 32 53 "Тұрғын үй".
      12. Сатып алушы жасалған сатып алу-сату шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда жасалған сатып алу-сату шартының ережелерiне сәйкес және займдармен жұмыс жүргiзетiн бөлiмше берген тұрақсыздық айыбы (айыппұл және өсiмпұл) бойынша жасалған есептеулердiң негiзiнде операциялық бөлiмше тұрақсыздық айыбының (айыппұл және өсiмпұл) сомасын N 1 87 68 есепшоттарының бөлек жеке есепшотына жатқызады, мұндайда мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      Дт 1 87 68 "Ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген айыппұлдар"
      Кт 7 85 20 "Шаруашылық қызмет бойынша алынған айыппұлдар, өсiмпұлдар".
      13. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл және өсiмпұл) бойынша берешектi өтеу кезiнде есептелген және өтелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) сомасына төлем құжаттарының негiзiнде мынадай бухгалтерлiк жазба жасалады:
      Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кассасындағы ұлттық валютадағы банкноттар мен металл ақшалар" немесе корреспонденттiк есепшоты
      Кт 1 87 68 "Ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген айыппұлдар".
      14. Ақысын мәулетпен төлеу арқылы сатылатын тұрғын үй бойынша негiзгi борышты және айыппұл санкциялары сомасын баланстан тыс есепке көшiрiп жазу банктiк емес активтерге жүргiзiлген жiктемелердiң негiзiнде және активтерге жiктеме жасау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге және Ұлттық Банктiң талаптарына және солар бойынша провизия құруға, сондай-ақ негiзгi құрал-жабдық объектiлерiн, басқа да тауар-материалдық құндылықтарды (қорларды) және шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешектi Ұлттық Банк балансынан шығару және есептен шығару тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi. Осыған орай, негiзгi борыш сомасы мерзiмi өтiп кеткен есепшотқа есептелген күннен бастап 180 (бiр жүз сексен) күн өткеннен кейiн N 9 280 11 "Негiзгi құрал-жабдықтар" баланстан тыс есепшотында ашылған бөлек жеке есепшотқа кiрiс жасалады және мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      Дт 4 90 00 "Монетарлық емес қызмет бойынша провизиялар"
      Кт 1 88 28 "Ұлттық Банктiң ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша мерзiмi өтiп кеткен талаптары"
      және бiр уақытта мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      шығыс 9 289 10 "Ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар"
      кiрiс 9 280 11 "Негiзгi құрал-жабдықтар" (негiзгi борыш бойынша бөлек жеке есепшоттар).
      Айыппұл санкциялары бойынша өтелмеген берешек мерзiмi өтiп кеткен есепшотқа есептелген күннен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейiн N 9 280 21 "Негiзгi құрал-жабдықтар" баланстан тыс есепшотта ашылған бөлек жеке есепшотқа кiрiске алынады және мынадай бухгалтерлiк жазбалар орындалады:
      ағымдағы жылда есептелген айыппұл сомасына:
      Дт 7 85 20 "Шаруашылық қызметi бойынша алынған айыппұлдар, өсiмпұлдар"
      Кт 1 87 68 "Ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген айыппұлдар",
      өткен жылы есептелген айыппұл сомасына:
      Дт 9 83 00 "Өткен жылдардың шығыстары"
      Кт 1 87 68 "Ақысын мәулетпен төлеуге берiлген негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген айыппұлдар"
      және бiр уақытта кiрiс 9 280 21 "Негiзгi құрал-жабдықтар" (айыппұл санкциясы бойынша бөлек жеке есепшоттары).
      15. Баланстан тыс есепке көшiрiп жазылған берешектердi өтеу кезiнде түскен сомаға төлем құжаттарының негiзiнде мынадай бухгалтерлiк жазба орындалады:
      Дт 1 01 00 "Ұлттық Банк бөлiмшесi кассасындағы ұлттық валютадағы

 

банкноттар мен металл ақшалар" немесе корреспонденттiк есепшот

     Кт 7 81 10 "Негiзгi құрал-жабдықтармен жасалатын операциялар бойынша

көзделмеген кiрiстер"

     Мұндай жағдайда бiрiншi кезекте есептелген айыппұл санкциялары толық

көлемде, сонан кейiн негiзгi борыш мына жазбалар бойынша өтеледi:

     шығыс 9 280 21 "Негiзгi құрал-жабдықтар"

     шығыс 9 280 11 "Негiзгi құрал-жабдықтар".

     16. Өтелуi үмiтсiз берешек ретiндегi берешектердi есептен шығару

кезiнде Ұлттық Банк Басқармасының тиiстi шешiмi негiзiнде мынадай жазба

жасалады:

     шығыс 9 280 11 "Негiзгi құрал-жабдықтар" және 9 280 21 "Негiзгi

құрал-жабдықтар.".

     9. N 6 қосымшадағы соңғы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:


     "Филиал басшысы*                          ____________________

                                                     (қолы)


     Ескерту: *орталық аппаратта бұл өкімге қызметкерлермен жұмыс жүргізу

бөлімшесінің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.".

     10. N 7 қосымшадағы соңғы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:


     "Филиал басшысы*                         __________________

                                                     (қолы)


     Ескерту: *орталық аппаратта бұл өкімге қызметкерлермен жұмыс жүргізу

бөлімшесінің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.".



     Ұлттық Банк

      Төрағасы



     Мамандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады