Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасынын кейбір каулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 57 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің маңызының жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының осы қаулының қосымшасына сәйкес қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының  қосымшасында көрсетілген қаулылардың күші жойылды деп танылғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      Дұрыс:
      ҚРҰБ Басқармасының хатшысы                 А. Дупленко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 57 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының күші жойылды деп танылатын
қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 7 қазандағы № 328 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1022 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы № 328 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сату ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» 2000 жылғы 20 желтоқсандағы № 465 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1373 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы № 328 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сату ережелеріне өзгерісті бекіту туралы» 2001 жылғы 14 маусымдағы № 232 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1598 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақысы мәулетпен төленетін тұрғын үйді сатуы туралы ережелерді бекіту жөніндегі» 1999 жылғы 7 қазандағы № 328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 25 мамырдағы № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады