Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2011.05.30 N 57Қаулысымен.
Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi iшкi аудиттiң халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 V991022_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiс бекiтiлсiн және Ережелерге өзгерiс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Шаруашылық басқармасы (Злыденко В.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 328 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын
үйдi сатуы туралы ережелерге өзгерiстi Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және филиалдарына
жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 14 маусымдағы
N 232 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 7 қазандағы N 328 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақысы
мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы
ережелерге өзгерiс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы
7 қазандағы N 328 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң ақысы мәулетпен төленетiн тұрғын үйдi сатуы туралы ережелерге
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
7-тармақтың 3-тармақшасындағы "iшкi аудит бөлiмшесi маманының" деген
сөздер алынып тасталсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.