Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1593 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдарының 2001 жылғы нормативтік құқықтық актілерінің N 30 Бюллетенінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113
бұйрығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын;
"облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары" деген сөздер "Комитеттің аумақтық органдары" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын.
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы облыстары (республикалық маңызы бар қалаларының, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен (бұдан әрі - Комитет) немесе оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) келісе отырып, шекті саны азайтылуы мүмкін, бұл осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген жағдайларда болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын;
2-тармағында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын.