"Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 27-1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3788

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1593 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдарының 2001 жылғы нормативтік құқықтық актілерінің N 30 Бюллетенінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесінде:

      бүкіл мәтін бойынша:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын;

      "облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары" деген сөздер "Комитеттің аумақтық органдары" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын.

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақстан Республикасы облыстары (республикалық маңызы бар қалаларының, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен (бұдан әрі - Комитет) немесе оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) келісе отырып, шекті саны азайтылуы мүмкін, бұл осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген жағдайларда болуы мүмкін.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесінде:

      бүкіл мәтін бойынша:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын;

      2-тармағында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады