Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.01.2016 № 16 бұйрығымен.
Әкiмшiлiк практика, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша өндiрiстi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жол полициясының заңды қолдану қызметiн одан әрi жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшiн жағдай жасайтын нормаларды болдырмау, iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы бiркелкi қолдану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн iшкi iстер органдарының қызметiнде қолдану жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 20 маусымдағы N 486 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1639 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 33, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 777 бұйрықтарымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2093 болып тiркелген, 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 43 Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2153 болып тiркелген, 2003 жылғы 29 қыркүйектегi N 536 Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2536 болып тiркелген, 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3378 болып тiркелген, 2005 жылғы 9 наурыздағы N 151 Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3556 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiн iшкi iстер органдарының қызметiнде қолдану жөнiндегi Нұсқаулықта:
1) 12-тармақтағы "заңда белгiленген тәртiппен" деген сөздер "Кодекстiң 682-бабында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-тармақтағы "тек заңмен бекiтiлген" деген сөздер "Кодекстiң 618-бабында белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 66-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген" деген сөздер "Mac күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 528 қаулысында белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 69-2-тармақта:
"белгiленген" деген сөз алынып тасталсын;
"белгiленген тәртiпте тiркелмеген" деген сөздер "көлiк құралына тiркеу құжаттары болмаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 70-5-тармақтағы "Қажет болған жағдайларда бұл мерзiмдi мыналар...ұзартуы мүмкiн." деген сөздер "Жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiктiң жарамдылық мерзiмi... ұзартылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 102-тармақтағы "белгiленген тәртiппен" деген сөздер "Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 103-тармақтағы "белгiленген тәртiппен" деген сөздер "Көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айрылған жүргiзушiлерге жүргiзушi куәлiктерiн есепке алу, сақтау және беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 248 бұйрығында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 104-тармақтағы "заңнамада" деген сөз "Кодекстiң 58-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Астана, Алматы қалалары және облыстардың Iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары осы бұйрықтың талаптарына сәйкес жол полициясы бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырсын.
3. Жол полициясы департаментi (Ө.Т. Түсiмов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры А.Ж. Шпекбаевқа және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы департаментiнiң бастығы полиция полковнигi Ө.Т. Түсiмовке жүктелсiн.
5. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi