Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012.10.10 № 02-01-02/133 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның Тәртіптік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 02-01-02/33 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2248 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінің 1-тарауының алтыншы абзацына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 9-тармағының 10-1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы ережеде:
1-тармақта:
"орталық атқару және басқа мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;
"С-3" деген сөздерден кейін ", С-4" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қызмет этикасы ережесін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасында:
"мемлекеттік орталық атқару органдары мен олардың ведомстволарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, олардың орынбасарларын" деген сөздер "С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"мемлекеттік орталық органдардың, олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;
"С-3" деген сөздерден кейін ", С-4" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қызмет этикасы ережесі" деген сөздер "Ар-намыс кодексі " деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасында "Комиссия мүшелерінің бірі" деген сөздер "Комиссия төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"Төрағасы" деген сөзден кейін ", Төрағаның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
"сегіз мүшесінен" деген сөздер "кемінде 5 мүшесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "қызмет саласында заңдарды сақтауға бақылау басқармасы" деген сөздер "қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "үш күн бұрын" деген сөздерден кейін "Комиссияның жұмыс органымен" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
"тәртібі туралы ережемен" деген сөздер "Ережесімен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"(бұдан әрі - Тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережемен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 маусымдағы N 895 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Жарлығымен" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
"Орталық атқару және басқа мемлекеттік органдардың" деген сөздер алынып тасталсын;
"С-3" деген сөздерден кейін ", С-4" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызмет саласында заңдарды сақтауға бақылау басқармасымен" деген сөздер "қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға