Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қазандағы № 02-01-02/133 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 02-01-02/33 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде № 2248 болып тіркелген);
      2) «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 02-01-02/33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы № 02-01-02/170 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 желтоқсанда № 3963 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
       2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        А. Байменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады