Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы N 02-01-02/33 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2248. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қазандағы № 02-01-02/133 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2012.10.10 № 02-01-02/133 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану  ережесінің 1-тарауының алтыншы абзацына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 9-тармағының 10-1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170 бұйрығымен.
      1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы құрылсын.
      2. Қоса берілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы ережесі бекітілсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының     
Мемлекеттік қызмет iстерi     
жөніндегі агенттігі Төрағасының  
2003 жылғы 26 наурыздағы     
N 01-02/33 бұйрығымен         
бекітілді            

  Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның тәртiптiк комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi өкілеттi органның тәртіптiк комиссиясының өкiлеттiгiн, iс-қызметiн ұйымдастыруын және тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның тәртiптiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) - тәртiптiк ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс  кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) бұзған С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің, сондай-ақ тәртіптiк жауапкершiлiкке тартылатын сыбайлас жемқорлық тәртіп бұзушылығын жасаған орталық құқық қорғау органдары басқармаларының басшыларына дейiн қоса, осы органдардың бiрiншi басшыларын, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарларын қоспағанда (бұдан әpі - құқық қорғау органдарының аталған лауазымды тұлғалары), лауазымды тұлғалардың тәртіптiк iстерiн қарау үшiн мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органда (бұдан әрi - Агенттiк) құрылған тұрақты алқалық орган. Комиссия Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің қызметкерлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің қызметкерлерiне қатысты тәртiптiк iстердi қарамайды.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      2. Комиссия өзiнің iс-қызметiнде заңдылық, әділдiк және әдiлеттiлiк қағидаттарын басшылыққа алады.

  2. Комиссия негiзгi функциялары мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгi функциялары:
      1) сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртiптiк iстердi қарау және С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының аталған лауазымды тұлғаларын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнінде мемлекеттiк орталық органдарының басшылары атына ұсыныстар әзiрлеу;
      2) Мемлекет Басшысына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтi жетілдiру мәселесi жөніндe ұсыныстарды енгiзу;
      3) мемлекеттiк тәртіпті нығайту, мемлекеттiк органдарын лауазымды тұлғаларымен мемлекеттiк қызмет туралы заңнама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде нұсқаулар мен ұсыныстар әзiрлеу.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      4. Комиссия өзiнің құзыретi шегiнде тәртiптiк ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын және Ар-намыс  кодексі бұзушылығын жасаған С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге, сондай-ақ құқық қорғау органдарының аталған лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      5. Комиссия өзінің құзыретi шегінде:
      1) өзiнің мәжiлiстерiнде мемлекеттiк орталық органдардың, олардың ведомстволарының басшыларын тыңдауға;
      2) құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан қажеттi құжаттар, материалдар және ақпараттар сұрауға;
      3) тиiстi лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
      4) мемлекеттік орталық органдардың кадр қызметiне тиiстi санаттардағы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердің тәртiптiк ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы фактiлерi бойынша қызметтiк тексерiс жүргiзудi тапсыруға;
      5) беделдi және кәсiби дайындығы бар қоғам өкілдерiн тексерiстерге қатысуға тартуға;
      6) орталық құқық қорғау органдарына (Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн құқық қорғау және арнаулы қызметтер мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен басқа) құқық қорғау органдарының аталған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтiк тексерiстер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
      7) құқық қорғау органдарының басшыларына осы органдардың аталған лауазымды тұлғаларының тәртiптiк жауапкершілігi туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

  3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Агенттiктiң Төрағасы:
      1) Комиссияға жетекшiлiк етедi, оның жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
      2) Комиссия мәжiлiстерiнің күн тәртiбiн белгiлейдi;
      3) Комиссияның мәжiлiстерiн шақырады және оларға төрағалық етедi. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның өкілеттiгiмен мәжiлiске Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етедi;
      4) Комиссия мүшелерiнен Комиссия мәжілiсiнде қаралатын нақтылы мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
      5) Комиссияның құрамын белгiлейдi және бекiтедi;
      6) Комиссияның жабық мәжілiсiн өткiзу туралы шешiмiн бекiтедi;
      7) заңнамада және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларында қарастырылған өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      7. Комиссияның жеке құрамы Агенттiктің Төрағасымен бекiтiледi және Комиссияның Төрағасы, Төрағаның орынбасары мен кемінде 5 мүшесінен тұрады. Комиссияның құрамына мемлекеттік орталық органдардың, оның iшiнде құқық қорғау органдарының басшылары (орынбасарлары), Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдерi және басқа лауазымды тұлғалар кіре алады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      8. Комиссияның хатшысы, Агенттiктің Мемлекеттік қызметтi құқықтық қамтамасыз ету департаментінің өкiлi болып табылады.
      Комиссияның хатшысы:
      1) Комиссия мәжiлiстерiнің хаттамасын жүргiзедi;
      2) Комиссияның шешiмiн тиiстi мемлекеттiк органның орындауына жолдайды.

      9. Агенттiктiң Мемлекеттiк қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      10. Комиссияның шешiмi, Комиссияның Төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қоятын қаулысымен ресімделедi және ол қабылданғаннан кейiн бес күндiк мерзiмде тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.

      11. Комиссия мүшелерi мәжiлiстің өткiзiлетiн күнi, орыны, оның күн тәртiбi туралы, сондай-ақ тәртiптiк iс туралы материалдармен мәжiлiске дейiн Комиссияның жұмыс органымен хабардар етiлуi және таныстырылуы тиіс.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      12. Комиссиямен жаза қолдану туралы шешiм шығару тәртiбi, мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарының кепілдiктерi, осы Ережемен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптік жаза қолдану Ережесімен және тиiстi құқық қорғау органдарының нормативтік актiлерiмен айқындалады.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      13. С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қызметтiк тексеруi Агенттiк Төрағасының бұйрығымен тағайындалады және Агенттiктің Мемлекеттiк қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментімен Тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ережеде белгiленген мерзiмде және тәртіппен жүргiзедi.
      Қажет болған жағдайда Агенттiк қызметтiк тексеру жүргiзудi сол мемлекеттiк органның кадр қызметiне тапсыра алады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 02-01-02/170   бұйрығымен .

      14. Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын қызметтiк тексерудi ондай тексерiс жүргiзiлетін адам қызметкерi болып табылатын тиiстi құқық қорғау органы жүргiзедi.
      Бұл орайда қызметтiк тексеру жүргiзуге:
      - Комиссияның ұсынысы;
      - тиiстi құқық қорғау органдары басшыларының бастамасы немесе басқа құқық қорғау органы басшысының қызметтiк тексерiс туралы (Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы органдар мен құқық қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің қызметкерлерiне қатысты қызметтiк тексерiс жүргiзу фактiлерiнен басқа) Комиссияны мiндеттi түрде хабардар етуiмен жасалған ұсынысы негiз болып табылады.
      Аталған құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты жүргiзiлетiн қызметтiк тексеру үйлестiрудi Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Комиссияның жұмыс органы қызметтiк тексерудің толық жүргiзiлгендiгiне қосымша қорытынды бередi.

      15. Комиссияның мәжiлiстерi:
      1) оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екiсi қатысып отырса заңды деп саналады;
      2) қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi;
      3) ашық өткiзiледi. Егер мәселелердi қарау мемлекеттiк құпияларға қатысты болса, қажет болған жағдайда, Комиссия Төрағасының шешiмiмен жабық мәжілiстер өткiзiлуi мүмкiн.

      16. Комиссия шешiмдердi мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешушi дауыс болып табылады.

      17. Тәртiптiк iс қозғалған адамның Комиссия мәжiлiсiне қатысуы міндеттi.

      18. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша Комиссия мынадай шешiмдердің бiрiн шығаруы мүмкiн:
      1) жаза қолданудың мақсатқа сәйкестiгi мен оның түрi туралы ұсынысты мемлекеттiк органның басшысына жолдау;
      2) тәртiптiк iстi тоқтату;
      3) мемлекеттiк қызметшiнің iс-әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi болған жағдайда Комиссия ол қызметшiнi заң жүзiнде белгiленген тәртiппен қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi құжаттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайды.

      19. Комиссия қолданатын тәртiптiк жазалардың түрлерi Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңының 28-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321  Жарлығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану ережесiмен", сондай-ақ құқық қорғау органдарының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      20. Комиссия:
      1) тәртiптiк жаза қолданудың заң жүзінде қарастырылған мерзiмдерi өтiп кеткен;
      2) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалған;
      3) тәртiптiк терiс қылық құрамы болмаған жағдайларда тәртiптiк iстi тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады