Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
N 641
(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 153 және 318-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде N 3301 тіркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерде:
2-тармақтың 8) тармақшасында "6)" санын "7)" санына ауыстырылсын;
11) тармақшасы мынадай мағанадағы сөйлеммен толықтырылсын:
"салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмысқа орналасқан (шыққан) ретте әлеуметтік салықты есептегенде жұмысқа орналасқан (шыққан) тиісті айына қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Бұл ретте салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде әлеуметтік салықты төлеуші әлеуметтік салық салу объектісі болып табылатын шығыстар сомасы туралы және нақты жұмыс iстелген кезең үшiн осындай шығыстардан төленген салық сомасы туралы есеп-қисап жасайды. Көрсетілген есеп-қисап жаңа жұмыс орны бойынша оның қызметкерінің беруі үшін жасалады.".