"Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 587 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4022. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 641 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы  N 641  (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  153  және   318-баптарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде N 3301 тіркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерде:
      2-тармақтың 8) тармақшасында "6)" санын "7)" санына ауыстырылсын;
      11) тармақшасы мынадай мағанадағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмысқа орналасқан (шыққан) ретте әлеуметтік салықты есептегенде жұмысқа орналасқан (шыққан) тиісті айына қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Бұл ретте салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде әлеуметтік салықты төлеуші әлеуметтік салық салу объектісі болып табылатын шығыстар сомасы туралы және нақты жұмыс iстелген кезең үшiн осындай шығыстардан төленген салық сомасы туралы есеп-қисап жасайды. Көрсетілген есеп-қисап жаңа жұмыс орны бойынша оның қызметкерінің беруі үшін жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының 
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады