Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3301. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 641 Бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы  N 641  (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  153  және   318-баптарын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелері бекітілсін.
      2. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 7 қарашадағы N№445 (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде 2597 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" 2003 жылы N 37-42, 885-б. жарияланған)  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Қаржы министрлігі Салық    
комитеті Төрағасының      
2004 жылғы 1 желтоқсандағы  
N 613 бұйрығымен бекітілген 

  Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу
және әлеуметтік салықты есептеу
Ережелері

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі)  153  және  318-баптарына  сәйкес әзірленген және төлем көзінен салық салынатын табысы бойынша жеке табыс салығын және қызметкерлердің табыстарына төлеуге жұмыс берушінің шығыстарына есептелетін әлеуметтік салықты, сондай-ақ ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерді есептеу және ұстап қалу тәртібін айқындайды. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу, сондай-ақ әлеуметтік салықты есептеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау (бұдан әрі - Есеп) жолымен жүзеге асырылады.

      2. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) 1-бағанда күнтізбелік жылының тиісті айлары;
      2) 2-бағанда Салық кодексінің  149-бабының  2-тармағына және  154 156 159 161-баптарына  сәйкес жеке тұлғаның есептелген табыстар сомасы;
      3) 3-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстардың сомасы;
      4) 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген және Салық кодексінің  144-бабына  сәйкес салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстардың сомасы;
      5) 5-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4-бағанда айқындалған табыстардың сомасы;
      6) 6-бағанда салық жылының тиісті айы үшін айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      7) 7-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынымен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      8) 8-бағанда Салық кодексінің  152-бабының  1-тармағының 1), 2) және 4)-7) тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;
      9) 9-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 8-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;
      10) 10-бағанда салық жылының басынан бастап 3-баған мен 5, 7, 9 бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;
      11) 11-бағанда салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу кезінде бірлік коэффициенті қолданылады; салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмысқа орналасқан (шыққан) ретте әлеуметтік салықты есептегенде жұмысқа орналасқан (шыққан) тиісті айына қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Бұл ретте салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде әлеуметтік салықты төлеуші әлеуметтік салық салу объектісі болып табылатын шығыстар сомасы туралы және нақты жұмыс iстелген кезең үшiн осындай шығыстардан төленген салық сомасы туралы есеп-қисап жасайды. Көрсетілген есеп-қисап жаңа жұмыс орны бойынша оның қызметкерінің беруі үшін жасалады;
      12) 12-бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының есепті сомасын (10-баған) мен қайта есептеу коэффициентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;
      13) 13-бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына Салық Кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      14) 14-бағанда 13-бағанының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      15) 15-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      16) 16-бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15 бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;
      17) 17-бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің  316-бабының  1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу объектілеріне жатпайтын табыс сомасы;
      18) 18-бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен 17-бағанда айқындалатын табыстар сомасы;
      19) 19-бағанда 2-баған мен 6, 17-бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
      20) 20-бағанда 3 баған мен 7, 18 бағандардың арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
      21) 21-бағанда есепті ай үшін (20-баған) салық салынатын табыс сомасын қайта есептеу коэффицентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;
      22) 22-бағанда 21-бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің  317-бабының  1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салық сомасы.
      Қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін Салық кодексінің  121-бабының  2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымдар 19-бағанда айқындалған әлеуметтік салық салынатын табыс сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің  317-бабының  4-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен әлеуметтік салық сомасын есептейді. Сонымен бірге, аталған мамандандырылған ұйымдар 21, 23-25-бағандарды толтырмайды;
      23) 23-бағанда көрсетілген салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық 22-бағандағы сомалардың 11-бағанның тиісті сомаларына қатысы ретінде анықталады;
      24) 24-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы;
      25) 25-бағанда 23-баған мен 24-бағандағы сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы.
      26) 26-бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;
      27) 27-бағанда Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 587   бұйрығымен .

                                         Жеке табыс салығын есептеу
                                           және ұстап қалу және
                                         әлеуметтік салықты есептеу
                                             Ережелеріне қосымша

              ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУ
               ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ

 

 

Салық
кезе-
ңінің айлары

Табыс
есептелді

Салық салуға
тиіс емес
табыстар

Міндетті
зейнетақы
жарнала-
рының
сомасы

Салық
шегерімдері

есеп-
ті ай
үшін

жыл
басы-
нан
бас-
тап

есеп-
ті ай
үшін

жыл
басы-
нан
бас-
тап

есеп-
ті ай
үшін

жыл
басы-
нан
бас-
тап

есеп-
ті ай
үшін

жыл
басы-
нан
бас-
тап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

қаңтар

  

  

  

  

  

  

  

  

ақпан

  

  

  

  

  

  

  

  

наурыз

  

  

  

  

  

  

  

  

сәуір

  

  

  

  

  

  

  

  

мамыр

  

  

  

  

  

  

  

  

маусым

  

  

  

  

  

  

  

  

шілде

  

  

  

  

  

  

  

  

тамыз

  

  

  

  

  

  

  

  

қыр-
күйек

  

  

  

  

  

  

  

  

қазан

  

  

  

  

  

  

  

  

қараша

  

  

  

  

  

  

  

  

жел-
тоқсан

  

  

  

  

  

  

  

  

Бар-
лығы:

  

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Жыл
басынан
бастап
ЖТС
салы-
натын
табыс-
тардың
сомасы

Қайта
есеп-
теу
коэф-
фици-
енті

ЖТС
салы-
натын
табыс-
тардың
есепті
сомасы
(10-бағ.*
11-бағ)

ЖТС
салы-
натын
табыс-
тардың
есепті
сома-
сынан
ЖТС
сомасы 

Жеке табыс
салығының сомасы

есепті
ай
үшін
(13-бағ./ 11-бағ)

жылдың
өткен
айлары
үшін

ұстап
қалуға
тиісті
(14-бағ.
- 15-бағ.)

10

11

12

13

14

15

16

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

МЖЗ қоспағанда
әлеуметтік салық
салу объектілеріне
жатпайтын табыстар
сомасы

Әлеуметтік салық
салынатын табыс

Әлеу-
меттік
салық
салынатын
табыстың
есепті
сомасы

есепті
ай үшін

жыл
басынан
бастап

есепті
ай үшін
(2 бағ.
- 6 бағ
- 17 бағ)

жыл басынан
бастап
(3 бағ.-
7 бағ.-
18 бағ)

(20 бағ*
11 бағ.)

17

18

19

20

21

 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Әлеу-
меттік
салық
салы-
натын
табы-
сының
есепті
сома-
сымен
әлеу-
меттік
салық
сомасы

Әлеуметтік
салық сомасы

Әлеу-
меттік
ауда-
рымдар
есеп-
теле-
тін
жеке
тұл-
ғалар-
дың
табыс-
тары

Әлеу-
меттік
ауда-
рымдар
(26
бағ.*
1,5%)
/100%

есепті
ай үшін
(22 бағ./
11 бағ.)

жылдың
өткен
айлары
үшін

ұстап
қалуға
тиісті
(23-бағ.
-24-бағ.)

22

23

24

25

26

27

  

  

  

  

  

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады