Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-386қ қаулысымен .
______________________________________________________
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20, 23, 44-баптарына, "Халықты жұмыспен қамту" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Әскери басқармаларының жергілікті органдары мәселелері" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 1320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында, шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерімен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
"Алматы" және "Сарыарқа" аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында, мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін:
Мыңжанов Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің
Қайрат Тұрсынайұлы бастығы, қалалық шақыру комиссиясының
төрағасы;
Жантеміров - Жұмылдыру дайындығы және төтенше
Вячеслав Абілұлы жағдайлар жөніндегі басқармасы азаматтық
қорғаныс бөлімінің бастығы, қалалық
шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Козак - Ішкі істер департаменті бастығының
Владимир Романович орынбасары;
Семенова - Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің
Валентина Григорьевна аға әскери маманы (терапевт) дәрігер,
медициналық комиссиясының төрайымы;
Петренкова - N 3 қалалық емхананың мейірбикесі,
Галина Степановна комиссия хатшысы.
Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері әр түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін:
Байдәулетов - 2-ші(шақыру) бөлімнің бастығы, қалалық
Асылбек Бекбосынұлы шақыру комиссиясы төрағасы;
Бисембаев - Жұмылдыру дайындығы және төтенше
Елеу Әшімұлы жағдайлар жөніндегі басқармасы жұмылдыру
бөлімінің бастығы, қалалық шақыру
комиссиясы төрайымының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Құсайынов - Ішкі істер департаменті бастығының
Есенжол Зұлхазжайұлы орынбасары;
Тян - N 3 емхананың терапевт-дәрігері,
Раиса Петровна медициналық комиссияның төрайымы;
Қалқаманова - N 3 қалалық емхананың мейірбикесі,
Гүлнұр Қызқорақызы комиссия хатшысы.
2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері және шақыру комиссияларын құрсын және олардың жұмыстарын қамтамасыз етсін.
3. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі шақырылушыларды дәрігерлік тексерістен өткізу үшін медициналық комиссияларды қызметкерлермен, дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен қамтамасыз етсін. 2005 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында шақырылушылардың қан тобын анықтау үшін олардың қан тапсыруы, зерттеу тапсыруы, электрокардиограммаға түсуі, флюорографиядан өтуі ұйымдастырылсын, шақырылушылардың медициналық куәландырудан өтуі кезінде тиісті егулер жүргізілсін, шақырылушылардың қаланың емдеу-алдын-алу мекемелерінде стационарлық тексеруден өтуі қамтамасыз етілсін. Медициналық комиссия дәрігерлерінің шақыру қосынына келуін қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмыс кестесіне сәйкес қалалық шақыру комиссиясының жұмысы 14.00 сағаттан (жергілікті уақыт) басталады деп белгіленсін.
5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2005 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.
6. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлерімен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын көлікпен Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған тапсырыстарына сәйкес қамтамасыз етсін.
7. "Астана қаласының Ішкі істер бас басқармасы" мен "Астана стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі" мемлекеттік мекемелерінің шақыру қосынында (А. Затаевич көшесі, 21) және теміржол стансасының жолаушыларды отырғызу орындарында қоғамдық тәртіптің сақталу шараларын қарастырсын. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тапсырыстарына сәйкес полиция нарядын бөлсін.
"Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының Ішкі істер басқармаларына іздестіру және хабарлау тобына 2005 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қарамағына бір-бірден полиция қызметкерлерін бөлу міндеттелсін.
8. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар" бюджеттік бағдарламасының әкімшілігі болсын.
9. Астана қаласы әкімі мен 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36 , Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-III "2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлерімен әскери құрамаларының қатарына 1978-1987 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 385 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 56 және "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 59 нөмірінде жарияланған) және Астана қаласының әкімімен Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 43 және 2005 жылғы 30 маусымдағы N 164/20-III "Астана қаласының әкімі мен Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36 және 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-III "2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерімен әскери құрамаларының қатарына 1978-1987 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 шілдедегі N 399 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 97 және "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 109 нөмірінде жарияланған) бірлескен шешімдерінің күштерінің жойылғандығы туралы мәселе мәслихаттың қарауына енгізілсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Құжаттамалық сараптама
бөлімінің меңгерушісінің
қызметін атқарушы
КЕЛІСІЛДІ
"Алматы" ауданының әкімі
"Сарыарқа" ауданының әкімі
"Астана қаласының Ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана стансасындағы желілік
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Денсаулық
сақтау департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының
Жұмылдыру дайындығы және
төтенше жағдайлар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Астана қаласының Жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы