2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкiмінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36, Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-ІІІ БIРЛЕСКЕН ШЕШІМІ. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірде N 385 тіркелді. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласының Әділет департаменті, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 50 және Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 219/28-ІІІ бірлескен шешімімен.

       Ескерту: Шешімнің атауы мен 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімнің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 43, Мәслихаттың 2005 жылғы 30 маусымдағы N 164/20-ІІІ бірлескен шешімімен .

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" (бұдан әрi - Заң ), "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен, "Қазақстан Республикасы әскери басқару жергiлiктi органдарының мәселелерi" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1320 Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысына сәйкес, Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      1. 2005 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында 18 ден 27 жасқа дейінгі, шақырудан кейiнге қалдыруға немесе босатылуға құқы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы-Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткiзiлсiн.
      Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылау мақсатында, мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы бекiтiлсiн:

Толыбаев                 - Қала әкiмiнiң орынбасары, қалалық
Марат Еркiнұлы             шақыру комиссиясының төрағасы;

Мыңжанов                 - Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң
Қайрат Тұрсынайұлы         бастығы, қалалық шақыру комиссиясы
                           төрағасының орынбасары;

                Комиссия мүшелерi:

Сейiтжапаров             - Iшкi iстер бас басқармасы бастығының
Ғабдолла Рахметоллаұлы     орынбасары;

Әбдiқасов                - Денсаулық сақтау департаментi
Мейiрхан Әбдiғалиұлы       директорының орынбасары;

Семенова                 - Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң
Валентина Григорьевна      аға әскери маманы (терапевт) дәрiгер,
                           медициналық комиссиясының төрайымы;

Петренкова               - N 3 қалалық емхананың мейiрбикесi,
Галина Степановна          комиссия хатшысы.

      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелерi әр түрлi себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтiк құрамы бекiтiлсiн:

Мұстафина Сабила         - Қала әкiмiнiң орынбасары, қалалық
Сапарқызы                  шақыру комиссиясының төрайымы;

                Комиссия мүшелерi:

Құсайынов                - Iшкi iстер бас басқармасы бастығының
Есенжол Зұлхазжайұлы       орынбасары;

Байдәулетов              - Қорғаныс iстерi жөнiндегi департамент
Асылбек Бекбосынұлы        бастығының орынбасары, 2-шi бөлiмнiң
                           бастығы;

Тян                      - N 3 емхананың терапевт-дәрiгерi,
Раиса Петровна             медициналық комиссияның төрайымы;

Қалқаманова              - N 3 қалалық емхананың мейiрбикесi,
Гүлнұр Қызқорақызы         комиссия хатшысы.

      2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкiмдерi Заңның
14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, Заңның 35-бабына сәйкес шақыру комиссияларының жұмыстарын қамтамасыз етсiн.
      3. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаментi" мемлекеттiк мекемесi шақырылушыларды дәрiгерлiк тексерiстен өткiзу үшiн медициналық комиссияларды қызметкерлермен, дәрi-дәрмектермен, жабдықтармен қамтамасыз етсiн. 2005 жылғы наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айларында шақырылушылардың қан тобын анықтау үшiн олардың қан тапсыруы, зерттеу тапсыруы ұйымдастырылсын, электрокардиограммаға түсуi, флюорографиядан өтуi қамтамасыз етiлсiн, шақырылушылардың медициналық куәландырудан өтуi кезiнде тиiстi егулер жүргiзiлсiн, шақырылушылардың қаланың емдеу алдын алу мекемелерiнде стационарлық тексеруден өтуi қамтамасыз етiлсiн. Комиссия дәрiгерлерiнiң шақыру қосынына келуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Астана қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң жұмыс кестесiне сәйкес қалалық шақыру комиссиясының жұмысы 14 00
сағаттан (жергiлiктi уақыт) басталады деп белгiленсiн.
      5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменті" мемлекеттiк мекемесi ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2005 жылғы 1 сәуiр мен 30 маусым және 2005 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары Қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларына келуiн қамтамасыз етсiн.
      6. "Астана қаласының Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшiн шақыру комиссиясын көлiкпен Астана қаласының Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң ұсынған тапсырыстарына сәйкес қамтамасыз етсiн.
      7. "Астана қаласының Iшкi iстер бас басқармасы" мен "Астана стансиясындағы желiлiк iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемелерiнiң шақыру қосынында (А. Затаевич көшесi, 21) және темiржол стансасының жолаушыларды отырғызу орындарында қоғамдық тәртiптiң сақталу шараларын қарастырсын. Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң тапсырыстарына сәйкес полиция нарядын бөлсiн.
      "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының Iшкi iстер басқармаларына iздестiру және хабарлау тобына 2005 жылғы 1 сәуiр мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң қарамағына бiр-бiрден полиция қызметкерлерiн бөлу мiндеттелсiн.
      8. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындау шеңберiндегi шаралар" бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiлігi болсын.
      9. Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және 2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-III "2004 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына 1977-1986 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргiзу туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 14 сәуiрдегi N 323 болып тiркелген; "Астана хабары" газетiнiң 2004 жылғы 22 сәуiрдегi N 53 және "Вечерняя Астана" газетiнiң 2004 жылғы 22 сәуiрдегi N 48 нөмiрiнде жарияланған) және Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 28 мамырдағы N 27 және 2004 жылғы 29 маусымдағы N 61/9-III "Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және 2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-III "2004 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына 1977-1986 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргiзу туралы" бiрлескен шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 335 болып тiркелген; "Астана хабары" газетiнiң 2004 жылғы 15 шiлдедегі N 94 және "Вечерняя Астана" газетiнiң 2004 жылғы 15 шiлдедегi N 95 нөмiрiнде жарияланған) бiрлескен шешiмдерiнiң күштерi жойылды деп танылсын.
      10. Астана қаласының әкiмдiгі мен мәслихаттың осы бiрлескен шешiмiнiң орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Е. Толыбаев пен Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсiн.

      Астана қаласының әкiмі          Астана қаласы мәслихаты
                                      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Визалар:

      КЕЛIСIЛДI

      "Алматы" ауданының әкiмi

      "Сарыарқа" ауданының әкiмi

      "Астана қаласының Iшкi iстер
      бас басқармасы" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      департаменті мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы және төтенше
      жағдайлар басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесi бастығының
      мiндетiн атқарушы

      "Астана станциясындағы желiлiк
      iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы

      "Астана қаласының Жолаушылар көлiгi
      және автомобиль жолдары департаментi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының Қорғаныс iстерi
      жөнiндегi департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады