Астана қаласы әкімінің және Астана қаласының мәслихатының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36 және 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-ІІІ "2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 1978-1987 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімнің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 43, Мәслихаттың 2005 жылғы 30 маусымдағы N 164/20-ІІІ бірлескен шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 шілдеде N 399 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 50 және Астана қаласының мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 219/28-ІІІ бірлеске бұйрығымен.

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005.12.21 N 50 және Астана қаласының мәслихатының 2005.12.23 N 219/28-ІІІ бірлеске бұйрығымен. (Астана қаласы мәслихатының 2005.12.28 N 653-03-11 хатын қараңыз).

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының талаптарымен сәйкестендіру мақсатында Астана қаласының әкімі мен Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:
      Астана қаласы әкімінің және Астана қаласының мәслихатының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36 және 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-ІІІ "2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 1978-1987 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргізу туралы"  бірлескен шешіміне (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 385 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 56 және "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 59 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтарды шақыруды жүргізу туралы";
      2) 1-тармақтағы "1978-1987 жылдары туған," сандары және сөздері "18 ден 27 жасқа дейінгі," сандары және сөздерімен өзгертілсін.

      Астана қаласының әкімі

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Визалар:

      КЕЛІСІЛДІ

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Ішкі
      істер департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы және төтенше жағдайлар
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана станциясындағы желілік
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      департаменті мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады