2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 33-10-386қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 мамырда N 440 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 33-430қ Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 33-430қ  Қаулысымен .  

      "Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  20,  23,   44-баптарына , "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  20-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығына  сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында, шақырудан кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.

      2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін  (1-қосымша) .
      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін  (2-қосымша) .

      3. "Алматы" ауданы шақыру комиссиясының дербес құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін  (3-қосымша) .

      4. "Сарыарқа" ауданы шақыру комиссиясының дербес құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін  (4-қосымша) .

      5. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.

      6. Әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін.

      7. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2006 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.

      8. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын көлікпен Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған тапсырыстарына сәйкес қамтамасыз етсін. 

      9. "Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі 2006 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

      10. "Астана стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі темір жол стансаларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қолдансын.

      11. Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 33-10-650қ/1 "2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 10 қазандағы N 413 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 151 және "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 161 нөмірінде жарияланған)  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      12. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Есіловке жүктелсін.
       Ескерту: 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы  N 33-985қ  қаулысымен.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлімінің меңгерушісі

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана стансасындағы желілік
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының
      Денсаулық сақтау департаменті"
      мемлекеттік мекемесі
      директорының міндетін атқарушы

      "Астана қаласының Еңбек және
      әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының
      Жұмылдыру дайындығы, азаматтық
      қорғаныс, апаттардың және дүлей
      апаттардың алдын алуын және жоюын
      ұйымдастыру жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің  
2006 жылғы 3 мамырдағы    
N 33-10-386қ қаулысына   
1-қосымша          

Қалалық шақыру комиссиясының

ҚҰРАМЫ

Мыңжанов                  - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Қайрат Тұрсынайұлы          жөніндегі департаменті" мемлекеттік
                            мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
                            комиссиясының төрағасы; 

Жантеміров                - "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы
Вячеслав Әбілұлы            азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                            дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын
                            ұйымдастыру жөніндегі басқармасы"
                            мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғаныс
                            бөлімінің бастығы, қалалық шақыру
                            комиссиясы төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Мұхитов                   - "Астана қаласының Ішкі істер
Қайрат Болатұлы             департаменті" мемлекеттік мекемесі
                            бастығының орынбасары;

Семенова                  - Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 
Валентина Григорьевна       бастығының көмекшісі - дәрігер,
                            медициналық комиссияның төрайымы;

Әбілғазинова              - N 3 қалалық емхананың мейірбикесі,
Зауреш Ғазизқызы            комиссия хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің  
2006 жылғы 3 мамырдағы    
N 33-10-386қ қаулысына   
2-қосымша          

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы  N 33-985қ  қаулысымен.

Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)

ҚҰРАМЫ

Шабалин                   - Астана қаласының Қорғаныс істері
Евгений Витальевич          жөніндегі департамент бастығының
                            орынбасары, төраға

Маханов                   - "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
Елубай Маханұлы             азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                            дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын
                            ұйымдастыру жөніндегі басқармасы"
                            мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғаныс
                            бөлімінің аға маманы, қалалық шақыру
                            комиссиясы төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Құсайынов                 - "Астана қаласының Ішкі істер 
Есенжол Зұлхарнайұлы        департаменті" мемлекеттік мекемесі
                            бастығының орынбасары;

Тян Раиса Петровна        - N 3 емхананың терапевт-дәрігері,
                            медициналық комиссияның төрайымы;

Қалқаманова               - N 3 қалалық емхананың мейірбикесі,
Гүлнұр Қызқорақызы          комиссия хатшысы.

Астана қаласы әкімдігінің  
2006 жылғы 3 мамырдағы    
N 33-10-386қ қаулысына   
3-қосымша          

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы  N 33-985қ  қаулысымен.

"Алматы" ауданы шақыру комиссиясының

ҚҰРАМЫ

Байдәулетов Асылбек       - Астана қаласы "Алматы" ауданының
Бекболсынұлы                Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
                            бастығы, төраға

Шәріпов                   - "Алматы" ауданы әкімі аппаратының бас
Шырақпай Мұратұлы           маманы, аудандық шақыру комиссиясы
                            төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Нұрланов                  - "Астана қаласы "Алматы" ауданы Ішкі
Атақозы Келденұлы           істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                            бастығының орынбасары;

Козлов Юрий Семенович     - N 3 қалалық емханасының хирург дәрігері,
                            дәрігерлік комиссияның төрағасы;

Петренкова                - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Галина Степановна           комиссия хатшысы.

      Астана қаласының "Алматы" ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес, аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 13.30-дан 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) деп белгіленсін.

Астана қаласы әкімдігінің  
2006 жылғы 3 мамырдағы    
N 33-10-386қ қаулысына   
4-қосымша          

       Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы  N 33-985қ  қаулысымен.

"Сарыарқа" ауданы шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Ысқаков Қайрат Омарұлы    - Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының
                            Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
                            бастығы, төраға

Аяғанов Серік Жантасұлы   - "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімі
                            аппаратының өкілетті уәкілі, аудандық
                            шақыру комиссиясы төрағасының
                            орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Громов Леонид Валерьевич  - "Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы"
                            Ішкі істер басқармасы мемлекеттік
                            мекемесі бастығының орынбасары;

Тян Раиса Петровна        - N 3 қалалық емханасының терапевт
                            дәрігері, дәрігерлік комиссияның
                            төрағасы;

Әбілмәжитова              - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Гүлнәр Мұсабайқызы          комиссия хатшысы.

      Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес, аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 8.30-дан 12.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) деп белгіленсін.

                                          Астана қаласы әкімдігінің
                                             2006 жыл 3 мамырдағы
                                            N 33-10-386қ қаулысына
                                                  5-қосымша

       Әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі

р/н
N

Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты - 8.30-дан 12.30-ға дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

"Алматы" ауданы

3, 7, 12, 17, 21, 26 

3, 10, 15, 19, 24, 29 

2, 7, 12, 16, 21, 26, 30

2, 6, 11, 16, 20, 27,

1, 6, 10, 15, 20, 24, 29

1, 6, 11, 15, 20, 25, 29

2.

"Сарыарқа" ауданы

5, 10, 14, 19, 24, 28

5, 12, 17, 22, 26, 31

5, 9, 14, 19, 23, 28

4, 9, 13, 18, 23, 30

3, 8, 13, 17, 22, 27

4, 8, 13, 18, 22, 27

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады