Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/266 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-ІІ Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларының технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу" 008 бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаржыларды пайдалану Ережелерін бекіту туралы" қала әкімдігінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N А-4/671 қаулысына (Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2004 жылдың 24 қыркүйегінде N 2798 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Ереженің атауында, мәтінде, атауында "008 бағдарламасы бойынша" деген сөздердің алдында "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу 003" сөздері толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда берілсін:
"Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-ІІ Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес"
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Қала әкімі