"Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу" 008 бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қарастырылған қаржыларды пайдалану Ережелерін бекіту туралы" қала әкімдігінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N А-4/671 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі N А-4/356 қаулысы. Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде N 1-1-4 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № А-2/266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/266 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-ІІ Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларының технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу" 008 бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте қаржыларды пайдалану Ережелерін бекіту туралы" қала әкімдігінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N А-4/671 қаулысына (Ақмола облыстық Әділет департаментінде 2004 жылдың 24 қыркүйегінде N 2798 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген Ереженің атауында, мәтінде, атауында "008 бағдарламасы бойынша" деген сөздердің алдында "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптама өткізу 003" сөздері толықтырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда берілсін:
      "Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548-ІІ Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сараптамасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес"
      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

      Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады