Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1519, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 49-50 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 42 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1607, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 88 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 72 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасында:
2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
"5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Гусев А.И.).
Сессия төрайымы,
қалалық мәслихаттың хатшысы Л. Коробейникова
"КЕЛІСІЛДІ"
Балқаш қаласының
әкімі Қ. Токушев
16.09.2005 ж.