"Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген нөмері 1519)

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте N 1607 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған актінің қосымшасының 6 тармағы алынып тасталынсын.
      2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы шешіміне қосымша жаңа редакцияда бекітілсін (қоса тіркелген).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік инфрақұрылым, өндіріс, көлік, коммуналдық шаруашылық, жекешелендіру және экология бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін. (Гусев А.И.)

      Сессия төрағасы                            К. Байгаскин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Л. Коробейникова

Қосымша
"Мемлекеттік тұрғын үй қорын
жекешелендіру Қағидасын бекіту
туралы" қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59
шешіміне өзгеріс енгізу туралы"
қалалық мәслихаттың 2004 жылғы
20 тамыздағы N 11/113 шешімімен
бекітілген

Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы
Қағидасы

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтарындағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын үй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратылады.
      2. Мемлекеттік тұрғын үй жайларын өтеусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Балқаш қаласының тұрғынына жататын азаматтар тобы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек адамдарды қоспағанда);
      3) Иесіздендірілген аумақта Чернобыль атомдық электростанция апаттарын жоюға қатысқандар;
      4) Дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) қорытындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын, басқада азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі жарылыстардың және радиациялық сәулелердің салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар.
      3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келісімдері бойынша жүргізіледі.
      4. Жылжымайтын мүлікке құқық тұрғын жайды төлемақысыз жекешелендіру шарт бойынша рәсімделіп, жылжымайтын мүлікті тіркейтін Қарағанды облысы бойынша "Жылжымайтын мүліктік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Балқаштық филиалында тіркеледі.
      5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
      6. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 шешімімен алынып тасталынған.
      7. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-I заңымен және Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысымен басшылық ету керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады