"Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі N 23/220 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 27 қыркүйекте N 8-4-8 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1519, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 49-50 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 4 маусымдағы N 42 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1607, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 88 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 72 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасында:
      2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
      "5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Гусев А.И.).

      Сессия төрайымы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Балқаш қаласының
      әкімі Қ. Токушев
      16.09.2005 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады