Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.01.22 N 1/56 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз).
Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына (Әділет Департаментінде 2005 жылы 20 мамырда № 658 тіркелді, 2005 жылғы 02 маусымдағы N 111-113 "Вечерний Алматы" газетінде және 2005 жылғы 28 мамырдағы N 59 (3449) "Алматы Ақшамы" газетінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, Алматы қаласының Жер комиссиясы құрамына:
Алматы қалалық төтенше - Орал Қасымханұлы
жағдайлар саласындағы Нақысбековті
мемлекеттік бақылау және
қадағалау басқармасының
бастығы
енгізсін;
Мәлік Рашидұлы Жұмабековті аталған құрамнан шығарсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімдік хатшысы