ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 1 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
...
4) Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 154 "Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы 139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2423 тіркелді)
...
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N№151 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N№45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына сәйкес және өңірдегі ономастикалық жұмысты реттеу, үйлестіру мақсатында облыс
әкімияты қаулы етеді
:
1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы N№139 "Облыстық
ономастикалық комиссия туралы"
қаулысына
(Атырау облысы Әділет
департаментінде 2004 жылғы 12 шілдеде N№2053 тіркелген, "Атырау" газетінде 2004 жылғы 5 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
5-тармақтағы:
1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өңірдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, елді мекендерді қайта атау және тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру;
2) келесі мәселелер бойынша қорытындылар дайындау мен енгізу:
ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық, (селолық) округтерді атау және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы;
облыстық жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілерді атау және олардың атауларын өзгерту туралы;
3) көрнекі ақпараттар мен жарнамалық мәтіндерді ресімдеуді
біріздендіру, үйлестіру және бақылау";
4) тармақша алынып тасталсын;
6-тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің,
кәсіпорындардың атауларында, жарнама мәтіндерінде тілдік нормалардың
сақталуын бақылау арқылы, ономастикалық объектілердің атауларын реттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді".