Облыстық ономастикалық комиссия туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы N 139 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 шілдеде N 2053 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр № 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды

      ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 23.03.2006 3-2185/06 хатынан үзінді:
      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 31.03.2006 N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.
      АОӘД бастығы
      Қосымша:
      3) Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы N 139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 12 шілдеде N 2053 тіркелді)
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес облыс аумағындағы топономикалық объектілердің атауы және атауын қайта өзгерту жөніндегі жұмыстарды реттеу, тарихи атауларды қалпына келтіру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыстық ономастикалық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
      2. Комиссия туралы Ереже бекітілсін (1 қосымша).
      3. Комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (2 қосымша).
      4. Облыс әкімінің 2001 жылғы 7 наурыздағы 91 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
      5. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
      Облыс әкімі

  Облыстық әкімияттың 2004 жылғы 15 маусымдағы № 139 қаулысына 1 қосымша

Атырау облыстық ономастикалық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Облыстық ономастикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, облыстық тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңес органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 5 наурыздағы N 281 "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, теміржол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" қаулысын, осы Ережені және басқа құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алады.
      3. Комиссияның жеке құрамы облыс әкімиятының ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясымен бекітіледі.
      4. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.

2. Негізгі міндеттері

      5. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) өңірдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, елді мекендерді қайта атау және тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру;
      2) келесі мәселелер бойынша қорытындылар дайындау мен енгізу:
      ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық, (селолық) округтерді атау және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы;
      облыстық жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілерді атау және олардың атауларын өзгерту туралы;
      3) көрнекі ақпараттар мен жарнамалық мәтіндерді ресімдеуді біріздендіру, үйлестіру және бақылау;
      4) алынып тасталды - Атырау облыстық әкімиятының 29.04.2005 N 154 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 29.04.2005 N 154 қаулысымен.

3. Негізгі функциялары мен өкілеттілігі

      6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
      1) орфографиялық, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи, әлеуметтік факторлардың қолданылып жүрген нормалары негізінде:
      қалалардың, аудандардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлімшелерінің, мекемелердің, кәсіпорындардың, жоғары, жалпы білім беру, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарының, көлік және басқа да объектілердің аталуы, қайта аталуы және транскрипциясының нақтылануы бойынша қорытындылар ұсынады;
      2) жергілікті ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіреді, комиссияның атына әкімшілік-аумақтық бірліктерді, әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық объектілерді атау және олардың атауын өзгерту, атауларының транскрипцияларын өзгерту бойынша түскен құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына жолдайды;
      3) Өз отырыстарында қала, аудандардың ономастикалық комиссияларының хабарламалары мен ақпараттарын тыңдайды;
      4) ұйымдардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерді қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері жөніндегі хаттарын қарайды және тиісті ұсынымдар береді;
      5) облыстың картасын жасау процесінде пайда болған мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, олардағы облыстық географиялық атауларының дұрыс транскрипциялануын қадағалайды;
      6) ономастика мен топонимика жөнінде анықтамалықтар мен сөздіктер шығаруды үйлестіреді;
      7) елді мекендердің, көшелердің, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
      8) жергілікті халықтың облыстық тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі байырғы халықтың және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;
      9) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйін талдайды;
      10) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың атауларында, жарнама мәтіндерінде тілдік нормалардың сақталуын бақылау арқылы, ономастикалық объектілердің атауларын реттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. <*>
      Ескерту. 6-тармақ толықтырылды - Атырау облыстық әкімиятының 29.04.2005 N 154 қаулысымен.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссияның отырысы жергілікті жерлерден материалдардың келіп түсуіне және қажетіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысса күші бар деп саналады.
      8. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
      9. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтары құрылады.
      10. Комиссияның хатшысы отырыстардың қажетті құжаттарын әзірлеп, күн тәртібін дайындайды, Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

  Облыстық әкімияттың 2004 жылғы 15 маусымдағы № 139 қаулысына 2 қосымша

Облыстық ономастикалық комиссияның құрамы:

      Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;
      Қосыбаев Кеңес Темірұлы - Атырау облысы ішкі саясат департаментінің директоры, комиссия төрайымының орынбасары;
      Аронов Жеңіс - Атырау облысы ішкі саясат департаменті тіл саясаты бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы;
      Комиссия мүшелері:
      Афанасьев Вячеслав - Атырау мұнай және газ институтының Константинович оқытушысы (келісім бойынша);
      Әжіғалиева Рәбиға - Атырау облыстық мұрағаттар
      Дүйсенғалиқызы мен құжаттама басқармасының бастығы;
      Ермеков Құрамыс Ермекұлы - Атырау мұнай және газ институтының профессоры, филология ғылымының докторы (келісім бойынша);
      Жанбала Өнербек Жанбалаұлы – "Самал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Атырау облыстық мәслихаттың депутаты, (келісім бойынша);
      Қуанышева Айнагүл Қуанышқызы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің жетекші маманы;
      Мұханбетов Серік Қалжанұлы - Қазақстан Республикасы Ақпарат Министрлігінің Атырау Атырау облысы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Табылдиев Хисмет Бозанұлы - облыстық Атырау"газеті бас редакторының орынбасары;
      Үлкенбай Нариман - Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады