Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы 139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 154 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2423 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды.№

  ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 1 бетте.

      АОӘД бастығы
    
      Қосымша:
      ...
      4) Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 154 "Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы 139 "Облыстық ономастикалық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2423 тіркелді) 
      ...           

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N№151 "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N№45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына сәйкес және өңірдегі ономастикалық жұмысты реттеу, үйлестіру мақсатында облыс
әкімияты қаулы етеді :

      1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 15 маусымдағы N№139 "Облыстық
ономастикалық комиссия туралы"  қаулысына  (Атырау облысы Әділет
департаментінде 2004 жылғы 12 шілдеде N№2053 тіркелген, "Атырау" газетінде 2004 жылғы 5 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-қосымшада:
      5-тармақтағы:
      1), 2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өңірдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, елді мекендерді қайта атау және тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру;
      2) келесі мәселелер бойынша қорытындылар дайындау мен енгізу:
ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық, (селолық) округтерді атау және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы;
      облыстық жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілерді атау және олардың атауларын өзгерту туралы;
      3) көрнекі ақпараттар мен жарнамалық мәтіндерді ресімдеуді
біріздендіру, үйлестіру және бақылау"; 
      4) тармақша алынып тасталсын;
      6-тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің,
кәсіпорындардың атауларында, жарнама мәтіндерінде тілдік нормалардың
сақталуын бақылау арқылы, ономастикалық объектілердің атауларын реттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады