Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.11.2014 № 305 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және қазіргі заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы N 179 қаулысына (тіркеу N 2280, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 2 қаулысымен енгізілген өзгерістермен қоса, тіркеу N 2410, облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 21 қыркүйектегі N 114, 115, 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 12 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының 2-тармағындағы "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөз "Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті" деген сөзбен өзгертілсін;
2) қаулының 3-тармағындағы "А. Қ. Есенғалиев" деген сөз "А. С. Иманғалиев" деген сөзбен өзгертілсін;
3) аталған қаулымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесінің" (бұдан әрі - Ереже) 2 бөлімі 7-тармағындағы "халықты әлеуметтік қорғау" деген сөз "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру" деген сөзбен өзгертілсін;
4) Ереженің 3 бөлімінің 13-тармағы мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің материалдық көмекті тағайындау туралы шешімі негізінде төлемді жүзеге асыру үшін:
1)ай сайын материалдық көмек төлеу туралы үш дана тізім-ведомосты және қажетті өтінім-жасалады;
2) қажетті-өтінім айдың 25-нен кешіктірілмей Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне беріледі;
3) келесі айдың 1 күні екі данадағы тізім-ведомосты материалдық көмекті беру жөніндегі ұйымға тапсырылады, ол төлем төлеу аяқталғаннан кейін тізім-ведомосының бір данасын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне нақты төлемнің төленгендігін көрсете отырып қайтарады.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті материалдық көмек беру жөніндегі ұйымдардың сыйақы шарттарында қаралғанды ескере отырып, облыс бойынша жиынтық қажетті-өтінімді құрастырады және оны келесі айдың 1-де Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментіне тапсырады.
Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті 10 күніне дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне материалдық көмекті төлеуге арналған қаржыны бөледі, олар өзінің кезегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен тендерде жеңіп алған, тиісті банк операция түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар аудандық (қалалық) ұйымдардың шотына төлем тапсырмасы бойынша қаржы аударады".
5) 3-бөлімнің 14-тармағындағы "жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері" деген сөз "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары" деген сөзбен өзгертілсін.
6) Ереженің 4-бөлімнің 15-тармағындағы "жергілікті бюджет" "облыстық бюджет" деген сөзбен өзгертілсін және "тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік" деген сөз алынып тасталсын.
Облыс әкімі |