Облыс әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы N 179 (тіркеу N 2280) қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 2 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 19 қаңтарда N 2410 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 305 қаулысымен.

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.11.2014 № 305 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы N 179 қаулысымен ("Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 21 қыркүйектегі N 114, N 115 сандарында жарияланған, тіркеу N 2280) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесіне" төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      1) 13-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Материалдық көмекті төлеу белгіленген заңнамалар тәртібіне сәйкес тендерде жеңіп шыққан, Қазақстан Ұлттық Банкісінен тиісті банк операциясы түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады";

      2) 14-тармақтағы "Халықтық банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдерімен" деген сөз "төлеуді жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөзбен өзгертілсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады